Қоғамдық қабылдау – азаматтық бастамалар орталығы

А.ж. 15 маусымда «Қоғамдық бақылау» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында Қоғамдық қабылдаудың ашылуына арналған брифинг өтті.
Брифингке Департамент басшысы Б.Беспалинов, «Жасыл болашақ» ҚҚ төрайымы М. Әбішева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаменті директорының орынбасары М. Оразалинов, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Әлеуметтік жобаны Ақмола облысында жүзеге асыруды қолға алған – конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаз болып анықталған «Жасыл болашақ» қоғамдық қоры.
Қоғамдық қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарын, сондай-ақ, Әдеп кодексі талаптары мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсететін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ, қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар үшін жылдық және тоқсан сайындық ұсыныстарды қалыптастыратын; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық және ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыратын (БАҚ-та тұрақты негізде ақпараттық жұмыс, тоқсан сайын ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастыру) болады.
2016 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін Ақмола облысының Қоғамдық қабылдауына 150-ден астам азамат жүгінді. Әлеуметтік жобаның былтырғы жылғы жүзеге асырылуының қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тартудың маңызы зор екенін атап өту керек.
Қоғамдық қабылдау мына мекенжайда орналасқан: Көкшетау қ., Абай көш., 96-үй, ХҚКО-ның №2 бөлімшесі.
Жұмыс уақыты: 9.00-ден 18.00-ге дейін (сенбі, жексенбіден басқа күндері), түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Тел.: 8 747 809 81 15; 8 705 585 94 32;
Электронды мекенжай: [email protected]
