Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат отырысы
Ағымдағы жылдың 1 тамызында Ақбұлақ селолық округі әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік қызметкерлер мен бюджетті мекемелердің қызметкерлері қатысты. Округ әкімі В.Сураев сөз бастап, жемқорлыққа қарсы саясаттың мемлекеттің ең басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Отырыс аясында «Ақбұлақ әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы З.Сабыржанова өз сөзінде мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелерді атап өтіп, олармен күресу баршамыздың міндетіміз екендігін, біз өзімізден бастап, жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындап, қызмет мәртебесін қызметтік емес мақсаттарда пайдаланбау, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесіне нұқсан келтірмеу міндеттерін басты назарда ұстау қажеттігін және алда тұрған мақсаттарды шешу үшін біздің жұмысымызда бірлесе адал жұмыс істеу маңыздылығын айтты.
Іс-шараға қатысушылар тақырып аясында белсенділік көрсетіп өз ұсыныстарын ортаға салды.
