Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасындағы кездесу
А.ж. 7 тамызда Департаменттің Жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы Д.Каконов Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қызметкерлерімен «Жемқорлыққа қарсы қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Д.Каконов ҚР Жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының жүзеге асырылу барысы туралы және жемқорлықтың барлық көріністеріне нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру әдістері мен құралдары туралы толығырақ баяндады.
Іс-шараға барлығы 20 адам қатысты.
