Жемқорлыққа қарсы бірлескен күшпен
«Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейді, ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді» Н.Ә. Назарбаев
А.ж. 8 тамызда Департамент қызметкері «Мемсараптама» РММ Ақмола филиалында өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылу барысымен таныстыру мақсатында семинар-кеңес өткізді.
Семинар филиал директорының кіріспе сөзінен басталды. Басшы өз сөзінде филиалда тұрақты негізде қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жұмыстары, соның ішінде дәріс-әңгімелер, семинарлар және т.б. шаралар жүргізілетіні туралы айтты.
Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармас басшысының м.а. Е. Кенжалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы өзгерістер, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуы, сонымен қатар, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі тетіктері туралы ақпарат берді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейіне қарамастан, барлық елдерге қатысы бар күрделі әлеуметтік, экономикалық және саяси құбылыс екені аталып өтті.
Сонымен қатар, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың жаңа аспектілерімен танысты.
Е. Кенжалин: «...жауапкершілік қатайды, бұны қоғамымыздың әрбір заң жолымен өмір сүретін азаматы есінде сақтауы қажет. Және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың рөлі маңызды емес деп айтуға болмайды, керісінше превенция жемқорлыққа қарсы күрес институттарының ең бастыларының бірі болып табылады, қазіргі таңда бұл мәселеге жіті назар аударылуда», -деп өз сөзін қорытындылады.
Семинар-кеңес барысында қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
