Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру

А.ж. 9 тамызда Бурабай ауданы әкімінің аппараты ММ ғимаратының мәжіліс залында «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға қатысушылардың алдында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департамент (бұдан әрі-Департамент) мемлекеттік қызметтерді басқару басшысы А.Мұхамеджанов сөз сөйледі.
Жиын Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Қ.Н. Құдайбергеновтың төрағалығымен, сонымен қатар Ақмола облысының жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдерінің қатысуымен өтті.
Семинарға Бурабай ауданының кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері, аудандық деңгейде мемлекеттік қызмет көрсету процесін үйлестіру жөнінде жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңеске қатысушылар, қоғамдық қызмет көрсету саласындағы негізгі заңнамасының аспектілерін, қызметалушылардың өтініштерін қарау тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі талабы мен дәлелді бас тарту бойынша мәселелерді қарастырды
Семинар қорытындысы барысында мемлекеттік органдарының қызметіне халықтың сенімін арттыру үшін және қызметалушылардың шағымдары фактілерінің алдын алу бойынша нақты ұсыныстар жасалды, өйткені Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар қызметінің және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сенімін арттыру,бұл жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының маңызды аспектісі болып табылады.
