Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қырсық адамдар табысқа тез жетеді. Неге?

Жағымсыз адамдардың табысқа жиі жетудегі құпиясы

Неге қыңыр адамдар жиі табысты болады? Қызық сұрақ. Сол себептен де ғалымдар осы тұрғыда зерттеу жасаған екен.

Қыңыр адамдар көп жағдайда өздеріне сенімді болып келеді. Атақты Стиф Джобс осы аталған топқа мысал бола алады. Ол әлем мойындаған кәсіпкер. Ол туралы екінің-бірі хабардар. Ал оның осының бәріне дәл осы жағымсыз мінезі арқасында жеткенін бірі білсе бірі біле бермейді.

Тағы осы мысалды Адольф Гитлер толықтыра алады. Ол өте қыңыр, әрі өте қырсық адам болған. Сонысы үшінде қол астындағы мыңдаған адамдарды темірдей тәртіпте ұстаған. Осы мінезі арқасындада ол әлі күнге дейін көптің есінде сол қыңыр Гитлер болып қалды.

Негізінен ондай адамдарды райынан қайтару өте қиын.Бастаған ісін аяғына дейін жеткізбей тынбайды. Мейлі оған жүз жерден ол ісінің қатесін айтсаңда олардың сағын сындыру әсте мүмкін шаруа емес. Осы үшінде олар, қарапайым адамдардан бір қадам алда жүреді.

Сіз мүмкін олар өзгелерден пысық деп ойларсыз. Бірақ «Сіздің олардан қай жеріңіз кем?»,- деген сұрақ тағы шығады осы тұста. Алайда сіздің бар кемшілігіңіз- сізді өзгелер не ойлайды деген нәрсе көп қызықтырады. Ал басқаның не ойлайтыны қызықтырса сіз өмірде ешнәрсеге де жете алмайсыз.Міне сіздің бар айырмашылыгыңыз осы. Бұл нәрсе негізінен көбіне сіздің кемшілігіңіз болуы мүмкін. Сізді өзгенің ойы емес, өз ойыңыз бен ішкі сезіміңіз бағындырып бағдарлауы керек.

0
0
396

Осы тақырып бойынша

Қырсық адамдар табысқа тез жетеді. Неге? - Yvision.kz