ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қазақтың мерзімді баспасөзі

Қaзaқтың мерзімді бaспасөзінің сонaу 1870 жылыТашкент шaһaрындa aлғaш жaрық көрген «Түркістaнуaлaяты гaзеті» мен 1888 жылы Омбы қaлaсындa дүниегекелген «Дaлa уaлaяты гaзетінен» бaстaлып, бүгінгі күнгі«Егемен Қaзaқстaн», «Қaзaқ әдебиеті», «Жұлдыз», «Жaлын» сияқты жүздеген мерзімді бaсылымдaрдың үлкен тaрихыбaр. Революциядaн бұрынғы қaзaқ бaспaсөзі тілінің даму тaрихы, олaрдың тілдік ерекшеліктері әр қырынaн зерттеуобъектісі болып келді.

Бaспaсөз тілі – жaзба тіл. Қай дәуірде болмaсын мерзімдібaспaсөз өзі қызмет ететін хaлықтың тілін пaйдaлaнадыжәне оның бaйып, дaмып отыруынa әсер-ықпaлын тигізіп те отырaды. Жaлпы халықтық тілдің сөздік қорын, лексикaлықжеке сөздерін ұғынып, өз дәрежесіне сaй қолдaнубаспaсөздің тілі болып тaбылaды.

Тілді жеке адамдар жасамайды. Тіл бүтін халықтыңтарихымен тығыз байланысты тарихи категория. Олайболса, жеке жазушылардың тілі, идеялық бағыты мен «кітаби тіл» деген ұғымдарды шатастырмаған дұрыс.

Кітаби тіл дәстүрі сөз болғанда, көбінесе қазіргі әдеби тілнормасына сай келмейтін лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ауытқулар айтылады. Олардың көбі көненіңқалдығы, бөтен тілдердің әсері сияқты тілдік элементтерболып келеді. Әр газеттің өз стилі, тілі болады. Стиль – автордың өзі. Стиль- дарындылыққа, табиғи талантқабайланысты. Газет стилінің тақырып шектеусіздігі оның лексикасының ерекше ауқымдылығы мен әртүрлілігін көрсетеді. Газетті біз жалпы публицистикалық стильге жатқызамыз. Бірақ И.П.Гальперин публицистикан стилін бөлек те, газет стилін бөлек алып қарастырады. Газет тілі көп стильді: газет жолдарында әдеби тілдің барлық стильдері өз орнын тапқан: хроникалық ақпараттық жазбалар мен оған жақын жанрлар іс-қағаздары стилінде беріледі; газетке жарияланатын үкіметтік қаулылар, дипломатиялық актілер және т.б ресми іс-қағаздармен байланысты; экономикалық шолу, статистикалық анализдер, ғылыми-техникалық прогрестің кейбір аспектілерән жария ететін мақалалар ғылыми стиль нормасымен беріледі; кейбір жанрлар публицистикалық (мысалы, үгіттеуші-насихаттаушы мақалалар), кейбіреулері публицистикалық та, көркем-әдеби стиліне де келмейді (очерк, фельетон, памфлет), үшінші біреулері ауызекі ақпараттық (сауалнама, репортаж). Газет стилі- публицистикалық стиль. Ол қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады.

1889 жылы А.П.Чехов жазушы В.А.Тихоновқа жазған хатында:... мен сіздің газет тілін жақсы меңгергеніңізді білмеппін. Соншалықты ұқыпты, бірқалыпты, көңілге қонымды. Мен тіпті қызғанып та қалдым, себебі газет тілін мен меңгере алмадым дейді. Осыдан газет стилінің өзіндік ерекшелігін, басқа стильдерден өзгеше екендігін байқауға болады. Басты ерекшелігі деп газет тілінің әлеуметтік баға берушілігін атауға болады. Бұқаралық ақпаратт құралдары оқырмандардың ойлауы мен сезіміне әсер ету мақсатында тілдің барлық ресурстары мен мүмкіншіліктерін жұмылдырады. Әдеби тілдің басқа стильдеріне қарағанда газет-публистика стилінде сендіру тілдің басты функциясы ретінде қызмет атқарады, және ол айқын үгіт-насихаттық сипатта болады. Газет тілі- бәрінен бұрын халыққа ықпал етуге арналған, сондықтан да ол оқырмандар қызығушылығын ең бірінші ескереді. Газет тілінің ерекшелігі- оның бәріне де, барлығына да арналғандығында. Ал газет тілінің стандартының ерекшелігі бәрінен бұрын оның әлеуметтік- бағалаушылық сипатында жатыр.

Осылайша , газет тілі- өзіндік мәнер, әсер, эстетикалық идеалға ие эмоционалдық ресурстары бар әдебиет тілінің ерекше бір түрі.