Қазақтың қоғамдық санасының оянуы, ұлттық құндылықтарымыздың дамуына көп үлес қосқан «Айқап» журналы
Айқап журналы
(Жоғарыда көрсетілген «Айқап» журналының алғашқы нөмірі)
Патша үкіметі үстемдік етіп тұрған заманда қазақ халқы газет-журнал шығармақ түгілі, ауыз ашып ой айтуға қауқаррсыз еді. Баспасөз ісі де патшалық тарапынан көп қысым көрді. Сол қараңғы қазақтың мұң мұқтажын айтып, көзін ашып, алға жетелейтін бір себепкерек болды. Бірақ, үкіметке артық ауыз сөз айту мүмкін емес еді. Дегенмен, 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған қоғамдық-саяси әрі әдеби «Айқап» журналы өз жұмысын бастады.. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген.екен. Заманның тарлығын ескеретін болсақ, бұл жаман көрсеткіш емес еді. Алғашқы редакторы - М.Сералин болды. Қазақтан шыққан алғашқы журналисттердің бірі журналды басында қарызға ақша алып пай жинап жүріп шығарған болса, артынша алғашқы саны шыққаннан кейін көпшіліктен қолдау тауып, жәрдем берушілер көбейіп және өзі де қор жинаған соң, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен 12-24 бет көлемінде жариялана бастапты.[1] Бұл сол кездегі қазақ халқы үшін оңай жұмыс емес еді. Алғашқы саны және журналдың атауы жайлы мынадай мәліметтер таптым:
Журналдың тырнақалды санына басқарушы, бастырушы деп қолын қойған М.Серәлиннің: «Журналға «Айқап» деп есім бердік. Бұл сөзге түсінген де болар, түсінбеген де табылар. «Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ici бар?! «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды», – деген беташар сөзі «Оян,Қазақ!» деген ұранның бастамасы болғаны даусыз. «Әй, қап!» деп сан соққан «Айқап» осы уақытқа дейін қазақтарға үлгі-өнегенің бастамасы болып келеді. Меніңше тіпті журналға берілген атау да асқан тапқырлықпен, үлкен иядеямен қойылған. Қазақ халқына танымал тұлғаның редакторлығымен шыққан газеттің қадамы алысқа бармасада, әр қадамы нық әрі айқын болды. Редакторы М.Сералинге арнап Қостанай облысына қарасты Қарабалық ауданында ескерткіш қойылып, Өрнек ауылындағы мектепке аты берілген.[2]
«Айқап» журналы қазақтың қоғамдық санасының оянуы мен ұлттық мәдениет пен құндылықтарымыздың дамуына айтарлықтай үлкен үлес қосты. Журналда қазақ ауылдарындағы мектептер мен оқу училищелерінің тапшылығы, заманнан бері өз жалғасып, әлі күнге дейін шешімін таппай жүрген әйел теңдігі мәселесі, қазақтың отырықшы шаруашылықпен айналысуы жөнінде саяси-әлеуметтік мәселелер жиі әрі тұрақты түрде көтеріліп отырған. мақаласында “Айқап” өз бағдарламасын былай деп белгілеген:
“1. Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, жерден қол үзбеу.
2. Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу.
3. Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау.
4. Мемлекеттік Думаның мінберінен халық мүдделерін қорғау және оларды үкіметке жеткізе алатын депутаттардың болуы.
5. Петербургте тұрақты өкілдік болуы.” деген тиянақты оймен жұмысын тастаған журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты қазақтың марқасқа тұлғалары белсенді қызмет атқарған.[3]
Осы тұста әлеуметтік желіні ақтарып отырып, жазушы Дулат Исабековтың мына бір сөздерін тауып алдым: «Айқап» журналы қазақтың алғашқы баспа көрген, ресми әрі кәсіби журналы болды деп біледі. Оның айтуынша, Айқап журналы арқылы қазақ алғаш рет баспа бетінде өз ойын айта білді[4]. Расыменен М.Сералин редакторлығы,, қазақтың қара қылды қақ жаратын, қайсар жазушылары еңбек еткен газеттің кәсібилігі, ресми әрі сауатты болуы даусыз. Журналда ең көп талқыланған жер дауы, жалақы, әйел теңсіздігі, жұмыс тапшылығы мәселелері ғана емес, журналда “Айқаптың”, “Өлең-жыр”, “Фульетон”, “Фабаршыларымыздан”, “Ашық хат”, “Бас-қармадан жауап” деп алған тұрақты айдарлары үшін жұрт оның әр санын асыға, тағатсыздана күткен. Тек бұл ғана емес, журналдың бетіне кейде “Одан-бұдан”, “Уақиғалар”, “Мұсылмандар түсінуіне тиіс- ті мәселелер” деген айдарлар бойынша да материял жарық көрді. Кейін оларды алмастыр- ған “Хабаршыларымыздан ”, “Хабарлар ” айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрған. Осындай ерекшеліктерімен әр қазақтың жүрегінен орын алған бұл газет, әлі күнге тек журналисттер үшін ғана емес, сөз қадірін түсінетін әр қазақ баласы үшін қастерлі.
Сөзімді қорытындылай келе айтпағым, осындай халықтың күйін күйттейтін, халық игілігі үшін жұмыс жасайтын баспасөздер журналистиканың казынасы. Ал «Айқап» баға жетпес асылы.
