Қазақ киносы қайда барады?
Кино. 10 жыл бұрын бұл сөз біз үшін тек шет елдің туындыларымен бірге елестейтін. Себебі, сапалы дүниелерді тек Голливуд қана түсіре алады деген пікір болған. Соңғы жылдарда бұл қалыптасқан ойды жоққа шығаратын қазақ туындыларының саны артып келеді. Тек саны ғана емес сапасы мен прокаттағы алатын орнын да айтарлықтай өскен. Көрермен көңілінен шығатын дүние жасац қашан да қиын. Қазіргі қазақ киносына көпшіліктің көңілі толып жүргені рас. Оған себеп, жаңашылдық. Жақсы жазылған сценарий мен шынайылық деп санайды жастар қауымы. Фильмнің жақсы шығуының кепілі актёрлық ойынға тікелей байланысты. Көрерменді қуантатыны- жаңа бейнелердің көбейгендігі. Бұрыңғы әншілер емес, нағыз актёрлардың жиі бой көрсетуі. Себебі, актёрлық ойын туындының 80% ын құрайды. Одан бөлек, фильмдердің жаңашылдық пен заманауилықты қолданып, ой салатын дүниелер жасаулары, актёрлық шеберліктің артқандығы, әлемдік бәсекеге қабілетті туындылар шығуаны өз септігін тигізуде. Телеэкранға шыққан сериалдардан көпі, ютуб арналарлағы веб-сериалдар өз көрермендерін жақсы тапқан. Мысалы, қазіргі таңдағы ютуб саласының жартысынан көп бөлігін қамтып отырған Salem Social. Жастардың аңсарын аударатын дүниелер шығаруда көш басында тұр. Себебі, басты талаптары- жаңа бейне ұсыну. Жаңашылдық көрерменге қашан да қызық. Екінші- заманауилық. Жастар арасындағы тың мәселелерді қызықты етіп көрсете алады. Үшінші- идея. Бұрынғы мен қазіргіні, жас пен кәріні бірдей қызықтыра алатын сюжет Salem Social дың бет-бейнесін қалыптастырып отыр деп санайды көрермен.Қазіргі қазақ киносындағы режиссура мен актёрлардың кәсіби шеберліктері де көз қуантады. Қанша адам болса, сонша пікір бар. Десекте, киноның ішінде жұмыс жасайтын адамдардың пікірі бөлек. GG Cinema агенттігінің бас продюссері Гүлнұр Мамасарипованың ойын білсек.
Кино саласында жүргеніңізге 15 жылдан астам уақыт өтті. Соңғы жылдардағы қазақ киносының прогрессі қандай?
- Әрине, Тәуелсіздікке дейінгі қазақ киносымен, егемендік алғаннан кейінгі кино саласында өте көп айырмашылық бар. Оған режиссёрлық жұмыстар мен актёрлік шеберліктің артқандығын қоса айтпасқа болмайды. Киноның сапалы шығуы, тек адамның жұмысына ғана емес, жаңа технологиялардың да жаңарып отыруына тікелей қатысты. Соңғы 10 жылда, жаңа камералар мен киножабдықтармен қамтамасыз етілген әрбір кино агенттік сапалы дүние шығара алады. Оған кәсіби мамандар жұмылдырылса тіптен жақсы.
Осындай сапалы жабдықтармен, қазіргі заманда кино түсіру продюссердің қалтасына қаншалықты күш салады?
- Біріншіден ол фильмнің көрсетілетін, қамтитын аудиториясына тікелей байланысты. Егер теле-сериал болса әрине, шығын салыстырмалы түрде көп кетеді. Себебі, қазір Қазақстан бойынша кино-камералардың бағасы тым жоғары. Сериал түсіру үшін 1 айдан 3 жылға дейін уақыт кетеді. Оның ішіне актёрлардың күндік ақысы мен жалға алынатын дүниелерді есептемегенде кететін ұсақ дүниелер өте көп. Түсірілім күнінің ұзақтығына байланысты 20 миллионнан көп кететіні рас. Ал егер прокатқа шығатын фестивалдық фильмдер болса, әрине жұмыс күші көбірек жұмылдырылады. Сәйкесінше, шығатын шығын саны 2-3 есе жоғары болады.
Қазіргі көрерменнің киноға деген сұраныстары қандай?
- Әринк, қай кезде болсын, сұраныста бірінші сапа. Киноның негізгі аудиториясы жастар. Сейкесінше қазіргі заман талабына сай дүние таспалау бірінші орында. Мысалы, үлкен экранға жол тартқан биография жанрына қарағанда комедия жанры өз шығынын салыстырмалы түрде жақсы өтейді. Сонымен қатар, жастар арасында түрлі веб-сериалдардың көрермен саны артып келеді.Алайда қуантатын бір жәйт, қазіргі қазақ тілді аудиторияның тарихи киноға деген көзқарастары әлде қайда қуантады. Бұл дегеніміз, көрерменнің тарихқа деген қызығушылықтары артты дегенді білдіреді. Десекте, біз статистика мен сұранысқа сай дүниелер таспалаймыз.
Әлемдік карантин кино саласына қалай әсер етті.
- Карантиннің әсер етпеген саласы жоқ. Әсіресе, көп аудиторияны талап ететін жұмыстардға екі есе шығын келтірді. Мысалы, жақында прокатқа шыққан Тойхана фильмі, 2019 жылы түсіріліп, 2020 жылы 1 шілде үлкен экранға шығуы керек еді. Айтпай келген ауру, фильмнің кассасын 1 жылдан астам уақытқа шегерді. Бұл тек бір ғана мысал. Күшейтілген эпид-ахуал кезінде фильм түсіру тұрмақ, 2 адамнан көп жиналуға тыйым салынды. Бұл жағдайлардың барлығы, кино саласында жұмыс атқаратын кез-келген адамға өте үлкен шығындар алып келді.
Продюссер ретінде емес, көрермен болсаңыз, өз туындыларыңызға қандай баға беретін едіңіз?
- Продюссер- өз туындысының ең алғашқы көрермені. Монтаж уақытынан бастап, режиссёр, сценарист, продюссер, барлығы сын көзқараспен қарайды. Біздің туындылар әрқашан көрермен көңілінен шығады. Себебі, көзі қырағы көрермен жасандылықты қабылдамайды.
Сол үшін әрқашан өмірдегідей шынайы фильмдер ұсынамыз. Сол үшін де, статистикамыз жаман емес. Көрермен ретінде дәл қазіргі жасалып жатқан жұмыстарға көңілім толады, бірақ алдағы уақытта күтетінім көп.
