«Әйел бақыты» ток-шоуына 1 жыл!
«Әйел бақыты» - Қазақстандағы әйелдердің ең танымал ток-шоуына 1 жыл толды. Бұл аруларымыздың жан дүниесімен бөлісіп, басына түскен қиындығын ашық айтуға мүмкіндік беретін айрықша жоба. Бағдарламаға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалар арқау болды. 12 қыркүйек күні «Әйел бақытына» 1 жыл бойы қатысқан адамдар мен тұрақты көрермендер бағдарламаның жылдық қорытындысы шығарды. Ал студияда мерекелік торот әзірленді. Естеріңізге сала кетейік, 1 жыл ішінде 224 бағдарлама әзірленіп, эфирге шықты. 500-ден астам кейіпкер студияда тікелей эфирде жасандылықтан алшақ шынайы әңгімесін баяндап, басым көпшілігі сарапшы мен көрермендердің көмегіне жүгініп, қордаланған мәселелерін шешуге мүмкіндік алды.…