«Қазақстан» арнасы «Іce bucket challenge» акциясына қатысты
Тамыз айынан дүние жүзінде «Іce bucket challenge» акциясына қатысу белсенді түрде жүріп келеді. "Қазақстан" арнасы да оны қолдады.

«Іce bucket challenge» тіпті президенттерді ынталандыруда. Мәселен, АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буштың үстіне зайыбы Лора басынан аяғына дейін мұздай су құйып жіберді.
Біздің елімізде де бұл акция кеңінен қарқын алды. "Қайрат" футбол клубының капитаны Самат Смақов «Іce bucket challenge» қайырымдылық акциясына қатысып, үстіне мұздай су құйылғаннан соң, эстафетаны Давид Лория, Марат хайруллин және Олег Недашковскийге берді. Жалпы бүйір амиотрофиялық склерозына қарсы күресіне қатысушылардан 100 доллардан қаржы жинау мақсатында өтіп жатқан акция жайында біздің төмендегі бейнебаянымыздан көріңіздер.
Ләйлә Сұлтанқызы өз кезегінде эстафетаны Аружан Саин, Гүлмира Дайрабай мен "Таңшолпан" бағдарламасының жүргізушісі Жансерік Бейсеевке берді.
Ал Жансерік Бейсеев, Ләйлә Сұлтанқызы тәрізді сұлу ханымға қалай ғана жоқ дейміз деп, өзі де мұздай суық суды басынан аяғына құйғызып, эстафета кезегін келесі үш кісіге тапсырды. Олар кімдер? Бейнебаянымызда көріңіздер.
