Айтулы оқиғалар — 26 тамыз
Бүгін сейсенбі тамыз айының 26 жұлдызы. Дәл осы күні елімізде және әлемде қандай айтулы оқиғалар орын алды екен?
1728 жылы Витус Беринг Азия мен Америка аралығындағы бұғазды ашты. Ұзындығы 96 шақырым бұғазға саяхатшы Берингтің есімі берілген.
Ал 1740 жылы дәл осы күні француз өнертапқышы Жозеф-Мишель Монгольфье дүниеге келді. Ол ағасымен бірге ойлап тапқан тұңғыш әуе шары 2 шақырымдай биіктікке көтеріліп, 10 минуттай аспан көгінде қалыптап тұрғаны тарихтан белгілі.

1910 жылы қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты Агнес Гонджа Бояджиу дүниеге келді. Жер бетінде қайырыдылық шараларын ұйымдастырған оған "Тереза ана" есімі берілді.

1972 жылы Мюнхен қаласында 20-шы жазғы Олимпиада ойындары ашылды. Дәл осы додаға қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлжан Жармұхамедовтың есімі әлемге әйгілі болды.

1998 жылы Тараз мемлекеттік университетінің алдына ұлы тарихшы, шығыстанушы, ойшыл Мұхамед Хайдар Дулатиге ескерткіш орнатылды.
Осы күнге арналған тиесілі айшықты оқиғалардың бір парасы осы болды
