Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

48 жолаушысы бар «Мақаншы-Алматы» бағытындағы автобус аударылған

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен хабарланғандай, 7 адам Үржар аудандық ауруханасына жатқызылған. Олардың арасында 4 пен 8 жастағы 2 бала бар. 5 жолаушы бас-сүйек жарақатын, 2-уі түрлі сынық жарақатын алған. Қалған жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, келесі келген автобусқа отырғызылды. Құрбан болғандар жоқ»,- делінген хабарламада. Қазір жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда.

0
0
545

Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған мерекелік шаралар Абай ауданында жалғасты

Шара қонақтары «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде болып, Мамай батыр ескерткішінің ашылуына қатысты.

Сондай-ақ, бұл күні Қарауылда қазақ күресінен ел чемпионаты, «Абай тойы - халық тойы» мерекелік шарасы, «Жорға жарыс» өтті. Қарауылтөбеде «Аламан бәйге» және «Абай тойының бас палуаны» сайысы ұйымдастырылды. Айта кету керек, мерейтой аясында «Абай жолымен» атты анықтама журнал дайындалды. 50 беттік жолнұсқа 300 дана болып шыққан.

0
0
971

Пәтерінің жағдайы сын көтермейтінін желеу еткен Татьяна Роот тіпті айына үш мың болатын пәтерақысын да төлемеген

Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болған Успенка ауданы Галицкое ауылының тұрғыны үйдің сапасыз салынғанын айтып шағымдануда. Пәтерінің жағдайы сын көтермейтінін желеу еткен Татьяна Роот тіпті айына үш мың болатын пәтерақысын да төлемеген. Ал жергілікті атқамінерлер тұрғынның жұмыс істеп жүрген серіктестікке 200 мың теңгеден астам қарызы барын айтуда. Сол себепті негізсіз ші шығарып отырғанын алға тартады. Мәселенің мән-жайымен танысқан тілшіміз Салтанат Нысанбекова толықтырады. Галицкое ауылындағы көз тартар бұл үйлер осыдан төрт жыл бұрын бой көтерді. Екі пәтерлі алты үй жағдайы нашар 12 отбасыға «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша берілген болатын. Екі қолға бір күрек тауып, баспаналы болғандардың бірі – Татьяна Роот. Алайда ол үйдің сапасыз екенін айтып ша…

0
0
294

«Жалға алған жерін ластап...»

Жаздың аптап ыстығында Павлодар қаласы тұрғындарының басым бөлігі жағажайға ағылады. Ыстық қапырықта суға шомылып, табиғат аясында демалғанға не жетсін?! Оған қоса, осыдан бір ай бұрын Ертістің сол жақ жағалауында «жылы жағажай» демалыс аймағы ашылған еді. Алайда, аталған жер телімінің қожайыны қысқа мерзімде бұл аумақты күл-қоқыс алаңына айналдырып жіберген. Облысымызда Ертіс өзенінің алқабы 377 гектарды құрайды. Дегенмен қаланың ішінде орналасқан ең керемет аймақтары жеке адамдарға тиесілі. Өкінішке орай, бұл адамдардың басым бөлігі санитарлық және өртке қарсы нормаларды сақтамайды. Орманшының түсірген бұл бейнесінде жағажайдың аймағы күл-қоқысқа толы екені анық көрсетілген. Бұл жерде айдақ- сайдақ көміліп кеткен отын қалдықтары мен қажетсіз мангалдар шашылып жатыр. Бізге табиғи аймақты…

0
0
253

Қарағанды қаласындағы «Мәңгілік алау» мемориалы маңындағы гүлзарды абаттандыру аяқталды

Жұмыстар жоспарға сай жүргізілген. Енді бұл жерде балалар ойын кешені, футбол алаңы мен орындақтар пайда болды. Бұл күні мәңгілік алау маңында серуендеп жүрген жұртшылықтың қарасы ерекше қалың болды. Көкте әсем ән қалықтап, балалар шахмат, футбол ойнап мәре-сәре. Гүлзардың құрылысы маусым айында басталып, белгіленген уақытында аяқталды. Балаларға арналған спорттық ойындар алаңы салыныпты. Қарағандының көрікті жерлерінің біріне айналатын кішігірім саябақты қайта жөндеу үшін 92 млн.теңге қаржы жұмсалыпты. Еуразия ERG тобы демеушілік танытқан, оның ішінде «Шұбаркөл көмір» акционерлік қоғамының үлесі зор. Айта кету керек, бұл демеушілер тарапынан жүзеге асырылған жалғыз жоба. Енді бұл аумақта да замануи әмбебап спорт алаңы бар. Жасанды көгалда балалар емін-еркін ойнап, бос уақыттарын тиімді ө…

1
0
279

Қарағандыда аулалары ең көрікті де сәулетті балабақшалар мен мектептер арасында іріктеу өтіп жатыр

Байқауда үздік атану үшін тәрбиешілер және ұстаздар барын салып аумақтарға гүл отырғызып, көгалдандыруға тырысуда Қарағандыда іші мен сырты келіскен білім ошақтарын анықтайтын сайыс дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Мәселен Сұрыптау кентіндегі №46 мектеп ұжымы бәсекелі байқауда үш рет қатарынан озық шығып, жеңісті жолдан жаңылмағандардың бірі. Жыл сайын оқушылар мен мұғалімдер мектептің маңайына көптеген әсем гүлдер мен тал отырғызып, ерекше үлгіде безендіруден алдына жан салмайды. Айта кетерлігі, ата-аналар керекті заттар үшін мемлекеттен сұрап, ешкімге қолын жайып жүрген жоқ. Темір қоршалаулар, ұсақ тастармен түрлі-түсті бояуларды өз қалталарындағы қаржысына сатып алады екен. Ал «Жаз 2015» пен «Экологиялық патруль» бағдарламасына сәйкес балалар гүлзарларды суарып, тазалық шараларын үн…

0
0
1228

«Еуразияның ұлы тұлғалары». Абай

Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған деректі фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:50-де көріңіз. Абай – қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл-философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды. Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей-теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. Абай шығармалары арқылы руһани бірлікке шақырады. Абай шығармашылығының тақырыбы жан-жақты әрі әлеуметтік аясы кең. Ол халықты өнерге, білімге, ғылымға бейімдейді. Сондықтан, «жанға жайлы, жүрекке жылы» тиетін Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы», деп те аталады. Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:50-д…

0
0
622

Бүгін «Вест Бромвич» — «Манчестер Сити» ойыны Ұлттық арнаның тікелей эфирінде

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ойынды сағат түнгі 00:50-де тікелей эфирде көрсетеді. Бүгін Ағылшын Премьер-Лигасының алғашқы туры аясында «Вест Бромвич Альбион» командасы «Манчестер Сити» клубын қабылдайды.

Матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Манчестер Сити» клубының бас бапкері Мануэль Пеллегрини Серхио Агуэро мен Давид Силва жарақатынан толық айыққанын айтты. Клубтың тағы бір маңызды ойыншысы Самир Насри бүгін алаңға шығуы белгісіз.

Ал, «Вест Бромвич Альбион» сапына биыл жартылай қорғаушы Серж Гнабри мен шабуылшы Рики Ламберт қосылды. Бұл ойыншыларға клубтың өткен маусымдағы үздік ойыншысы жартылай қорғаушы Сейдо Берахино көмектеседі.

Айта кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ойынды сағат түнгі 00:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
209

«Балапан» телеарнасы жариялаған ертегілер байқауы жалғасуда

Байқау қорытындысы 25 тамызда белгілі болады. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналар арасында жариялаған ертегілер байқауы жалғасады.

Байқау талабы бойынша туынды 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған, бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында, кітаптарда жарияланбаған, көлемі кемінде екі бет (12 қаріп) болуы керек.  Ал, ертегі жанрына шектеу қойылмайды.  Ең үздік ертегінің желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылмақ. Айта кетейік, байқау 25 тамызға дейін жалғасады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.

E-mail: [email protected]

0
0
748

Дана Зияшева Бразилиядағы МАC (Mostra Amazonas de Cinema) кинофестивалінде үздік режиссер атанды

«Өмір қорғаушылары» («Защитники Жизни») фильмі Коста Рика билігі мен халықаралық ұйымдардың назарын Нгобедегі әйелдер мәселесіне аудартып отыр. Қазақстандық Дана Зияшева Бразилиядағы МАC (Mostra Amazonas de Cinema) кинофестивалінде «Өмір қорғаушылары» («Защитники Жизни») фильмі үшін үздік режиссер атанды. Картина Коста Рика мен Панама шекарасындағы тропикалық орманда өмір сүретін Нгобе тайпасының төл мәдениеті үшін күресі туралы баяндайды. Тайпаның матриархы Кармен ханымның алдында қиын таңдау тұрады. Яғни, дәстүрге сәйкес 12 жастағы немересін 70-тегі көрші бақсыға тұрмысқа беру немесе кішкентай қыз зорлық көріп, жүкті болғаннан кейін полицияға арыз жазу. Фильмге дайындық бір жыл бойы жүрген. Дана тайпамен бірге өмір сүріп, көптеген қажетті материал жинақтаған. Түсірілім жұмыстарына төрт…

0
0
495