Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Қайрат» футбол клубының плей-офф сынындағы қарсыласы анықталды

Бұл туралы бүгін UEFA-ның жеребе тарту рәсімінде белгілі болды. Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасының плей-офф сынында Францияның «Бордо» футболшыларымен кездеседі.

Бұл туралы бүгін UEFA-ның жеребе тарту рәсімінде белгілі болды. Еске салайық, бұның алдында «Қайрат» бірінші іріктеу кезеңінде «Црвена Звезданы» жолынан ығыстырса, екінші кезеңде «Алашкерт» клубынан басым болды. Үшінші кезеңде шотландиялық «Абердин» командасын ұтты.

1
0
752

Ертең «KAZsport» Ағылшын Премьер Лигасының жаңа маусымын көрсетуді бастайды

Ертең, яғни 8 тамыз күнінен бастап футболдан Ағылшын Премьер Лигасы басталады. Әлемдегі ең тартысты чемпионаттың ойындарын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Биылғы маусым 2015 жылдың 8 тамызында басталып, 2016 жылдың 15 мамырында аяқталады. Чемпиондық атақ үшін 20 команда таласады. Оның үшеуі АПЛ-ға төменгі дивизионнан қосылған жаңа команда, яғни «Борнмут», «Уотфорд» және «Норвич Сити». 2015/16 маусымда Премьер Лигада Лондоннан 5, Ливерпуль мен Манчестерден екі клуб сынға түседі. Сонымен қатар, чемпионатта уэльстік «Суонси Сити» бақ сынайды. Еске сала кетейік, 8 тамыз күні сағат 17:00-де «KAZsport» телеарнасы маусым алдындағы АПЛ-ға шолуды көрсетеді. Ал, сағат 17:30-да тікелей эфирде «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» арасындағы ойынды тікелей эфирде көре аласыздар. Сонымен…

0
0
477

«Қайрат» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Шотландияның Абердин қаласында Алматының «Қайраты» жергілікті командамен шеберлік байқасты. Ойын барысында басымдық алаң иелерінің жағында болғанымен, Владимир Вайсстың шәкірттері қорғанысты нық ұстап, оңтайы келгенде, қарсы шабуылдауға тырысты. Бұл тактика екінші таймда өз жемісін берді. 59-минутта «Абердин» қақпасының алдындағы қарбалас сәтті шебер пайдаланған «Қайраттың» мерген ойыншысы Жерар Гоу есеп ашты. Кездесу соңына таман шотландиялық команданың шабуылы үдей түсті. 84-минутта айып добын беру сәтінде Кенни Маклин қақпа бұрышын дәл көздеді. Соңғы секундтарда «Қайраттың» қақпашысы Владимир Плотников керемет шеберлік көрсетіп, қақпасын аман алып қалды. Сөйтіп тартысты ойын 1:1 есебімен аяқталып, екі кездесу қорытындысымен (Алматыдағы матчта а…

0
0
201

Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды.

Кастингке 30-45 жас аралығындағы келбетті, жүзі жылы, танымы кең, тікелей эфирде өзін ұстай алатын, дикциясы мен сөйлеу мәнері қалыптасқан  қыз-келіншектер қатыса алады.  Жоба күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. Кез-келген тығырықтан шыға алатын, тосын жағдайларда шығармашылық пен ерекше тапқырлыққа баруға батылы жететін жандар бағын сынап көрсе болады.

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86  телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

0
0
782

Ренат Гайсин «Әйел бақыты» хабарының жаңа маусымына арнап ән жазуда

24 тамызда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Әйел бақыты» ток-шоуының жаңа маусымы эфирге шығады. Осыған орай композитор Ренат Гайсин жаңа маусымға арнап ән жазуда.

Ал, Нариман Қойшыбаев басшылық ететін жоба ұжымы көрермендерге жаңа маусымда түрлі тосынсый әзірлепті. Айта кету керек, Ренат Гайсин «Жаужүрек мың бала» (2012), «Ликвидатор» (2011), «Ағайындылар» (2009) және т.б. фильмдерге саундтрек жазған талантты музыкант.  «Әйел бақыты» ток-шоуы эфирге 2013 жылдан бері шығып келеді.

Бүгінде бұл хабар еліміздегі «one woman show» форматындағы жалғыз жоба. Жүргізушісі – Ләйлә Сұлтанқызы.

0
0
710

Қазақстандық гимнаст Әзизбек Құдратоллаев Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Қазақстандық спортшы Әзизбек Құдратоллаев Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия чемпионатының спорттық гимнастика жарысында қола жүлде ұтып алды, деп хабарлайды ҚР Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарысқа Азияның жеті елінен келген атлеттер қатысқан. Гимнаст Әзизбек Құдратоллаев шығыршықтағы жаттығулардан финалына шығып, құрлық біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы турнирде жалпыкомандалық 5-ші орын иеленді.

Біздің анықтама: Әзизбек Құдратоллаев - Шымкент қаласының тумасы, спорттық гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2015 жылы Кореяның Кванджу қаласындағы 28-ші Дүниежүзілік Универсиаданың финалисі, 2015 жылғы Әлем кубогы кезеңінің (Любляна қаласы, Словения) күміс жүлдегері.

0
0
247

Бүгін «Абердин» — «Қайрат» матчы өтеді

Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясындағы «Абердин» - «Қайрат» матчы бүгін Астана уақытымен түнгі сағат 00:45-те Абердиннің (Шотландия) «Питтодри» стадионында өтеді. Бүгін шотландияның «Питтодри» стадионында Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Абердин» алматылық «Қайрат» командасымен ойнайды. Матчқа чехиялық Мирослав Зелинка төрелік етеді. Оған отандастары Ондржей Пеликан мен Радек Котик көмектеседі. «Қазақстаннан жол ұзақ болды. Оның үстіне ұшағымыз сынып, Абердинге кешігіп келдік. Алайда бүгін тынығып, жаттығуды бастап кеттік. Командамыздағы Плиев ойынға шығуға дайын емес, ал Гоу мен Риераның аздап жарақаты бар. Біздің мақсатымыз – Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығу. Алайда бұл оңай емес, себебі «Абердин» мықты ұжым. Бүгін жанкүйерлер шабуылы көп футбол көре…

1
0
197

Cалауатты ұрпақ- ұлт байлығы

Кез келген ата ана сәбиінің дені сау болып, ой өрісі жақсы дамығанын қалайды. Тек жақсы тамақтану оларға осындай мүмкіндік бере алады. Нақтырақ айтқанда, ана сүтімен өскен бүлдіршіндердің денсаулығы мықты болатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сорақысы сол, соңғы кездері сәбилерге дәріханаларда сатылатын жасанды қоспа беру дәстүрге айналған. Бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарын алаңдатып отыр. Кез келген ата ана сәбиінің дені сау болып, ой өрісі жақсы дамығанын қалайды. Тек жақсы тамақтану оларға осындай мүмкіндік бере алады. Нақтырақ айтқанда, ана сүтімен өскен бүлдіршіндердің денсаулығы мықты болатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сорақысы сол, соңғы кездері сәбилерге дәріханаларда сатылатын жасанды қоспа беру дәстүрге айналған. Бұл салауатты өмір салтын қалыптастыр…

0
0
556

Абай Құнанбайұлының 170 жылдығын атап өтуге соңғы дайындықтарды пысықтап жатыр

Айта кету керек, ақынның мерейтойын атап өту жоспары жыл басында жасалып, осыған дейін түрлі шаралар өткізілген.

Бұл жолғы тойдың ерекшелігі – даңғазалыққа салынбай, ғұламаның соңына қалдырған мол рухани мұрасын әркімнің бойына дарытып, көпшілікке насихаттауға бағытталған.

Мерейтой алдында Жидебайда келушілерге арналған қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілсе, «Еңлік-Кебек» кесенесінің жанына қос ғашыққа арналған ескерткіш орнатылып, сол маңнан жолаушылар аялдап, тынығатын орын ашылды.

0
0
199

Қарағандылық тұрғындар шыршалар мен қарғайларды баптайтын бағбандарға наразылық білдіруде

Неліктен суаруға жауапты мамандардың салғырттық танытып жүргенін және қылқанжапырақтылардың өсіп өркен жаймай, сарғайып сұрқы кетіп жатқанын білуге тырыстық Бейбітшілік алаңындағы қарағайлардың біршамасы сабақтары салбырап, құлпырып емес құлазып тұр. Күтімінің жоқтығынан бұталардың бойлары өспей, өскіндерінің де өңі кеткен. Қарағандының қақ ортасындағы көшеттер де кейбірі әбден судан сусап, тіршілігін тоқтатқандай. Күрмеулі мәселенің анықтамақ болып бұл жолы бірден мәдениет және демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасының қызметкерлерімен тілдестік. Мамандардың айтуынша, негізі қарағайлар аптасына бір рет емес, үш рет суарылуы тиіс екен. Ал бізге балаша баптауға бөлінген қаржының қомақсыздығын айтып ақталды бағбандар. Жас көшеттердің өсуіне гүлзарлардағы кәрі талдар да кедергі келтірет…

0
0
248