Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған мерекелік шаралар Абай ауданында жалғасты
Шара қонақтары «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде болып, Мамай батыр ескерткішінің ашылуына қатысты.

Сондай-ақ, бұл күні Қарауылда қазақ күресінен ел чемпионаты, «Абай тойы - халық тойы» мерекелік шарасы, «Жорға жарыс» өтті. Қарауылтөбеде «Аламан бәйге» және «Абай тойының бас палуаны» сайысы ұйымдастырылды. Айта кету керек, мерейтой аясында «Абай жолымен» атты анықтама журнал дайындалды. 50 беттік жолнұсқа 300 дана болып шыққан.
