Олжас Соғымбай: "Мемлекет басшысының мәлімдемесі хақында бірер сөз"
Дегенмен де, мемлекет басшысының жедел қабылдаған нақты шешімдерінің арқасында әлемді әуреге салған пандемияның алдын алу бойынша бірқатар нақты іс-шаралар қабылданды. Әрине, алғашында төтенше жағдай жарияланып, карантиндік шектеулер енгізілгенде, тұрғындар тарапынан түсініспеушіліктер туындағаны рас. Бірақ осындай қиын қыстау күнде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып тәртіпке бағыну арқылы ғана ауруды ауыздықтауға болатынын біз түсіндік.Төтенше жағдай салдарынан уақытша табысынан айырылған жандарға әлеуметтік төлем тағайындалуы және банктердегі несиелік қарыздардың кейінге шегерілуі, бұның барлығы біз үшін, яғни елдің игілігі үшін жасалып жатқан игі іс деп санаймын. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінгі мәлімдемесінде осындай сын сағатта өмірін қауіпке тігіп, қызметін адал атқарып…