Мазмұнға өту
Semeynews

Semeynews

Сайтта 2017 ж. 21 наурызКазахстан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

61

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

2

Семейде Наурыз қалай тойланды? Фоторепортаж

Мерекелік шараларға семейліктер ерте жиналды. Орталық алаңда құрылған киіз үйлердің ретімен сән түзеп, құрылған алтыбақандар алыстан көз тарта алаң ажарын ашып, қалалықтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Салтанатты шара қала әкімі Ермак Сәлімовтың қала жұртшылығын Наурыз мерекесімен құттықтауымен ашылылып, қаланың шығармашылық ұжымдары, колледж және мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен әзірленген түрлі қойылымдармен жылғасты. Биылғы Наурыз мерекесінің жылдағыдан ерекше екендігі қалалықтарға бірден аңғарылып тұрды. Әр мекеме бұл мейрамға өзіндік тарту әзірлеп, қолда бар базарлықтарымен келді. Биылғы жылы Семей қаласы бойынша 40-қа жуық киіз үй тігілген болатын, киізүйді мерекелік салтанатқа сай жабдықтау бойынша арнайы комиссия құрылып үздіктер анықталды. Орталық алаңда тігілген 19 киіз үйді…

3
0
1030

Семейде «Әйел-қыздар» секторы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды

Қос мұнаралы орталық мешітінің ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің өтуіне орталық мешіттің және қалалық мешіттерінің сауат ашу курстарының шәкірттері ат салысты. Сауат ашу курстарында тәлім алып жүрген ақ жаулықты аналар мен иман жүзді қыз-келіншектер өз қолдарымен пісірген тағам түрлерін жәрмеңкеге алып келді. Жұма намазына жиналған жамағат құлшыныспен сауда жасады. Бұл жәрмеңкеден жиналған қаржы түгелдей қайырымдылық шарасына жұмсалатын болады деп хабарлайды Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

2
0
906