ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
3

Саясат СӘРСЕНБИНОВ: «Жанкүйерлер сапалы ойын күтеді»

Саясат Сәрсенбинов

- Семей – қазақ футболының отаны. Жаңадан құрылған «Алтай» командасының айналасында әртүрлі пікірлер айтылып жатқанын баршамыз білеміз. Жанкүйерлерге алдымен жақсы ойын өрнегі керек. Біз алдағы уақытта «Алтай» командасы сенімді ақтап, нәтижелі ойын көрсетіп,  Премьер – лигада ойнайды деп үміттенеміз. Бізге, ең бастысы, еліміздің футбол отаны саналатын Семейде футболды сақтап қалу керек. Сондықтан, облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі атап өткендей, «Алтай» командасының орталығы Семей қаласында болғаны дұрыс деп есептейміз. Әрине, команданың жетістікке жетуі үшін, оны ұйымдастыратын басшының да футболға шын жанашыр азамат болғаны өте маңызды. Бұл ретте көпшілік Сержан Шайжүнісовтің кандидатурасын ұсынып отыр. Аталған ұсыныстың тиімді жақтары көп. Сержан Жақияұлы - Семей қаласының тумасы, «Алтай» командасының қыр-сырын жақсы біледі.

Ең бастысы, облысымыздың патриоты ретінде аяқдопшылар аймақ намысын абыроймен қорғайды деген үміт көп. Осы жерде айта кету керек, бүгінгі таңда «Алтай» командасы облыс орталығы Өскеменде  тіркелген. ШҚО мәслихатының хатшысы әрі ШҚО футбол федерациясының президенті Владимир Головатюк осы аптада Семейде болып, футбол жанкүйерлерімен кездесу үстінде мамыр айында команданың Семей қаласында заңды түрде тіркелетінін жеткізіп, көпшілік көңіліндегі күпті ойдың түйіні шешілетінін тарқатып айтты.

Біз жанкүйерлер қауымы аталған сөз жүзінде қалмай, оң шешімін тауып, мамыр айында Семейдің футболдың отаны екендігін іс жүзінде көреміз деген үміттеміз. Бұл орайда облыс әкімі Даниал Кенжетайұлына арқа сүйейміз.

Саясат СӘРСЕНБИНОВ, футбол жанкүйері