Ұлттық ұлан қатарында

Осыдан 26 жыл бұрын еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болған кезде еліміздің ішкі қауіпсіздігін қорғауға 1992 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының ІІМ Ішкі әскері құрылды. Содан бері қаншама жылдар өтіп, қаншама жас жігіттер Отан алдындағы қасиетті борышын Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскер қатарында мерзімдік қызметтерін абыроймен адал атқарды. Солардың арасында 1995 жылы 7 сәуірде Ішкі әскер сарбаздарының Тәжік- ауған шекарасында Пшихавр сайында моджахедтармен болған қарулы қақтығыста 17 сарбаздың көрсеткен өшпес ерлігі ел есінде.
2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының ІІМ Ішкі әскері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып өзгертілді.
Сонымен қатар Ербол Отарбаевтың, Қайрат Үмбетовтің, Жандос Баянбаевпен Мүбарак Нұрасылдың жанқиярлық ерліктерін айтсақ болады.
Айта берсек бейбіт өмірдеде халқы үшін жанын қиып адам өміріне араша түсіп, жауынгерлік қызметте қоғамды дүрліктірген қанды қол қылмыскерледі құрықтаудағы Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қөрсеткен ерліктері шексіз десек қателеспейміз.
Бүгінгі таңда сол батырлардың ізімен келе жатқан майор Әлібек Серкбайұлы Қабешев пәрменділік ететін Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімінің жас сарбаздарының санын толықтырып жүрген қатардағы Қонысбай Азамат Ерболатұлымен сұхбаттастым. Ол бала күнінен әкесі Ерболаттың әскерде болған оқиғаларын естіп, әкесіне еліктеп өскен. Сондай-ақ сарбаз болуды армандаумен қатар, жас өрен өнерді де қатар алып жүрген . “Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй”-деп Ұлы Абай айтқандай, ертеректен ән орындаушылыққа құмар болған. Оның ішінде жанына жақыны гитара және өзіміздің төл аспабымыз-домбыра. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылының тумасы Азамат 2003 жылы Сарыжаз ауылдық орта мектебіне қадам аттап, сол ортада өнерге деген зейіні ашыла бастаған. Мектеп қабырғасында жүріп, қазақтың маңдайына туа біткен мұзбалақ ақын Мұқағалидің, Абайдың, қазақтың қайсар мінез батыры Бауыржан Момышұлының шығармаларымен өмірбаяндарын сүйіп оқыған. Бастапқы орындаған әні адамзаттың ардақ тұтататын асылы аяулы аналарға арнаған. Әнді алғаш орындау барысында тыңдармандардың ыстық ықыласымен қошеметінен алған әсерін Азамат күні бүгінге дейін қуанышпен әңгімелейді. Бұдан бөлек, аудандық, облыстық мәдени іс шараларға белсене қатысып, 2015 жылы аудандық “Екі жұлдыз” байқауында бас жүлде, халықаралық әйелдер мерекесіне арналған “Анаға сәлем” атты байқауда бас жүлде, 2016 жылы “Жігітке жеті өнер аздық қылады”-атты байқауда бірінші жүлделі орынды иемденген. Тағы басқа көптеген шараларға атсалысып көпшіліктің назарына ілінген.
- Ұлттық ұлан қатарында сарбаз болған сен үшін мәртебеме? - деп Азаматқа сұрақ қойдым.
Азамат:- Әрине, менің әкем кеңес одағы кезінде сонау Германияда әскери борышын атқарған, бала кезімде әкемнің әскерде болған суреттерін көп қарайтынмын, сондағы бала кезімдегі арманым менде әкем сияқты әскери киім киіп қолыма қару алып суретке түскім келетін. «Әке көрген оқ жонар»- деп атам қазақ айтқандай бүгін менде сарбазбын. Жақында мен әскери ант қабылдаймын, менің қолыма қару ұстап Отанға ант еткенімді ата- анам көріп қуанса, ол мен үшін үлкен мәртебе- деп күлімдеді.
2017 жылы 9 маусымда өнерлі Азамат әскери өмірдің алғашқы есігін ашып, әскердің әліппесі алғашқы әскери дайындық бойынша тәлім алуда. Жас сарбаз болсада алғашқы әскери дайындықтағы өте жақсы көрсеткіші үшін 5511 әскери бөлімі оқу пункіті бастығы майор Аманжол Битайұлы Байғуанышевтан алғыс алып үлгерді. Қазір Азамат қызметтен бос уақытында өзінің өнердегі, әскердегі досы Ұлттық Ұлан қатарындағы жас сарбаз Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылының тумасы 2015 жылғы Мұқағали Мақатаев атындағы Республикалық жас ақындар мүшәйрасының жүлдегері жас ақын қатардағы Құттыбай Әділет Дүйсенұлымен бірлесе патриоттық бағыттағы ән жаздыру үстінде.
Алдағы күндері Азамат көпшілікті жаңа әнімен қуантары сөзсіз.
Жырақ кетсең ұғарсың,
Туған жердің маңызын.
Өнер жолы-бір бөлек,
Елді қорғау парызың.- деп біз Азаматтың әскери қызметте және өнер жолында толағай табыстарға, биік белестерге жетуіне тілектеспіз!
5511 ә/б тәрбие бөлімінің офицері Ғалым Серікқазинов
Ұлттық ұлан мырзалар!
Ұлттық ұлан мырзалар,
Сертіне адал тұлғалар.
Келер ұрпақ үлгі алар,
Батыр бәрі.
Түсер суға, отқа да,
Ерлігіне жоқ баға,
Қас қылғанға оқ бола,
Атылады!
Көңіліне күз еккен,
Ел ұйқысын күзеткен,
Тәуекелден жүз өткен,
Адалдарым.
Нулы орман,шөл далам,
Аманаты ол маған,
Ғасыр бойы қорғаған,
Бабалардың!
Тәңір өзі шектесін,
Ұлтым залал шекпесін,
Дұшпандардың кетпесін,
Жетегінде.
Бейбітшілік орнасын,
Қиындықтан қорғасын,
Ешбір майдан болмасын,
Мекенімде!
5511 әскери бөлімінің жас сарбазы
Әділет Құттыбай

