Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Гүлжихан Жұматаева: «Бүгін біз басымыздан өткеріп отырған жағдай уақытша»

Мұндай қиын кезеңде ең алдымен тұрғындардың денсаулығы мен олардың қауіпсіздігі бірінші орында болатыны белгілі. Бұл дерттің алдын-алу үшін елімізде қажетті шаралар қабылданды. Күні кеше ғана Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев тікелей эфир арқылы халқымызға үндеу жолдап, халықпен бірге екендігін жеткізді.

Бүгінде мен еткен еңбегінің зейнетін көріп отырған еліміздің азаматымын. Президент атап көрсеткен азаматтарды қолдауға арналған жеңілдіктердің міндетті түрде орындалатынына сенімдімін. Зейнеткерлердің, мемлекеттік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек алатын топтарға көрсетілетін көмек көлемі ұлғайтылды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне де қолдау көрсетілуде.

Бүгін біз басымыздан өткеріп отырған жағдай уақытша. Сақтық шараларын ұстанып, өз өміріміз бен денсаулығымызға асқан жауапкершілікпен қарасақ, тез арада бұл қиындықтан да өтеміз.

Гүлжихан Жұматаева «Әмина» мұсылман-әйелдері» ҚҰ төрайымы

0
0
397

Осы тақырып бойынша

Гүлжихан Жұматаева: «Бүгін біз басымыздан өткеріп отырған жағдай уақытша» - Yvision.kz