Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің үшінші отырысы өтті
Бүгін Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің отырысы өтті. Іс-шараны Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми жүргізді. Отырысқа Халықаралық кеңестің мүшелері, еліміздің жоғары сот органының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен жауапты қызметкерлері қатысты. Отырысты аша келе, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми ағымдағы жылы Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қаулысына сәйкес Кеңестің құрамы 15 адамға жаңарғанын атап өтті. Кеңес құрамына Ресей мемлекеттік сот төрелігі университетінің Қылмыстық сот ісін жүргізу бөлімінің меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Оксана Качалова, Англия және Уэльс (Ұлыбритания) Жоғары соттарының адвокаты, «Стратегиялық бастамалар орталығы» серіктестігінің серіктесі Кирилл Зенин, Таллин округтық сотының жә…