Мазмұнға өту
SUD_RK

SUD_RK

Сайтта 2014 ж. 28 наурызКазахстан, Астана

Верховный суд Республики Казахстан

рейтинг

100

жазбалар

1 214

пікірлер

0

тіркелуші

97

жазылымдар

0

Жоғарғы Сот тергеу әрекеттерін электронды санкциялау бойынша пилоттық жобаны іске қосты

Қылмыстық процестің сапасын арттыруға бағытталған электронды қылмыстық істі енгізу жобасы Астана қаласы Алматы ауданының №2 сотының базасында іске асырылды. Жоба шеңберінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі мен Сот органдарының «Төрелік» ақпараттық-талдамалық жүйесі интеграцияланды. Жоба Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі арқылы тергеу және анықтау органдарының өтінішхатты қосымша материалдарымен бірге прокурорға келісу үшін электронды түрде ұсыну тәртібін регламенттейді. Егер өтінішхатты прокурор қолдаған жағдайда материалдар тергеу судьясына қарау үшін жолданады, оның нәтижесі бойынша прокурор мен сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлға тергеу судьясының уәжделген хаттамасын электронды түрде алатын болады. Аталған жаңашылдық тергеу әрекеттерін санкция…

0
0
538

Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының алғашқы түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті

Жоғарғы Сот ғимаратында Сот төрелігі академиясының алғашқы түлектеріне диплом тапсыруға арналған салтанатты жиын өтті. «Заң ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі жоғары оқу орнының 53 түлегіне берілді. Іс-шараға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, еліміздің жоғары сот органының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов, Департаменттің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ, Сот төрелігі академиясының басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Академия ректоры Төлеш Қаудыров іс-шараны аша келе, Мемлекет басшысының терең кәсіби білім мен жоғары моральдік-адамгершілік қасиеттерге ие, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы тұра білетін, уақыттың талаптары мен сын-қатерлері…

0
0
1028

Жоғарғы Сотта «Төрелік туралы» Заңды қолданудың кейбір мәселелері талқыланды

«Төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» жұмысына Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың судьялары, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, республикадағы төрелік соттарының судьялары, «Атамекен» ҰКП Төрелік орталығы мен Сот төрелігі академиясының өкілдері қатысты. «Дөңгелек үстелде» азаматтық істер жөніндегі және мамандандырылған сот алқаларының төрағалары Еліс Әбдіқадыров пен Айгүл Қыдырбаева алғы сөз сөйледі. «Дөңгелек үстелдің» қатысушылары төрелік және сот қызметінде құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын түйткілді мәселелерді анықтауды, осы санаттағы сот тәжірибесін зерделеуді және «Төрелік туралы» Заңды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді мақсат тұтты. Еліс Әбдіқадыров іс-шараны аша келе, бүгінгі таңда қаза…

0
0
545

Қазақстанның Жоғарғы Соты мен Жоғары Сот Кеңесінің өкілдері Еуропалық Одаққа жұмыс сапарымен барды

2017 жылғы 27-28 маусымда қазақстандық делегация Еуропалық Кеңестің Хатшылығында консультациялар өткізу мақсатында Страсбург қаласында (Франция) жұмыс сапарымен болды. Делегация құрамында Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов, оның орынбасары Әсия Қасенова, Департаменттің Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Қуанова, Жоғары Сот Кеңесінің аппарат басшысы мен мүшесі Әнуар Сабыров пен Ардақ Балағұмарова бар. Сапар Еуропалық Одақ пен Еуропалық Кеңестің «Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін жақсарту бойынша қазақстандық билікті қолдау» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылды. Сапар шеңберінде Еуропа Кеңесінің сарапшыларымен бірқатар кездесулер өтті. Еуропа Кеңесінің сот төрелігі жә…

0
0
494

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында жаңа төраға таныстырылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында өңір соттарының 2017 жылғы 5 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы шығарылды. Іс-шараға Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, облыс прокуроры Ибраһим Иманов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Ғизат Нұрдәулетов, Ішкі істер департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов, сот жүйесінің ардагерлері, өңірдегі соттардың төрағалары мен судьялары, сондай-ақ Соттар әкімшілігінің басшысы қатысты. Кеңес жұмысын аша келе, Жоғарғы Сот Төрағасы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының жаңа төрағасы қызметіне тағайындалған, бұған дейін Жоғарғы Соттың судьясы лауазымын атқарған Баратбеков Талғат Қожанұлын таныстырды. «Талғат Қожанұлы барлығыңызға жақсы таныс. Оның жұмыс тәжірибесі жеткілікті. Әділе…

0
0
648

Жоғарғы Сотта банктік заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері талқыланды

Бүгін Жоғарғы Соттың ұйымдастыруымен Бас прокуратураның бастамасымен қолға алынған «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың негізгі критериі» атты бірлескен жобаны жүзеге асыру аясында «Банктік заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері» атты «дөңгелек үстел» өтті. «Дөңгелек үстел» жұмысына Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктердің, «Атемекен» ҰКП мен Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері қатысты. «Дөңгелек үстелдің» мақсаты – құқық қолдану тәжірибесінде орын алатын түйткілді мәселелерді анықтау, сыйақыны, комиссияны төлеу мен есептеудің, кепілдегі мүліктен ақы өндірудің жекелеген мәселелері бойынша банк заңнамасының ережелерін қолдану және түсіндіруде мән-жайлар ауқымын қараудың ерекшелігін айқындау…

0
0
369

Жоғарғы Сотта ABA ROLI ұйымының медиация жөніндегі сарапшысы А.Залармен кездесу өтті

Еліміздің жоғары сот органында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева ABA ROLI ұйымының медиация жөніндегі сарапшысы А.Залармен кездесу өткізді. Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары мен аппарат қызметкерлері, ABA ROLI-дің сот жүйесі бойынша бағдарламасының мамандары мен Қазақстан Республикасының жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері қатысты. Кездесуге қатысушылар медиацияны қолданудың халықаралық тәжірибесін, сондай-ақ, аталған институтты Қазақстандағы одан әрі дамыту бойынша сарапшылық ұсынымдарды талқылады. Кездесуді аша келе, А.Қыдырбаева медиация институтының бүкіл әлемде жан-жақты дамып жатқандығын атап өтті. «Статистикаға сүйенсек, республикадағы сот дауларын шешуде медиацияны қолдану үлесі артып келеді, алайда біздің көрсеткіштер өзге елдердің тәж…

0
0
576

Қостанай облыстық сотында Жоғарғы Сот Төрағасының қатысуымен кеңес өтті

Бүгін Қостанай облыстық сотында өңір соттарының 2017 жылдың 5 айындағы атқарған сот төрелігінің қорытындылары шығарылды. Іс- шараға Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, сондай-ақ жергілікті соттардың судьялары қатысты. Бұған қоса, іс-шараға өңірдегі мемлекеттік органдардың басшылары, отставкадағы судьялар, сот жүйесінің ардагерлері мен Соттар әкімшілігінің басшысы қатысты. Кеңесті А.Мерғалиев ашты. Ол жиынға қатысушыларды Қостанай облысы соттарының а.ж. 5 айындағы сот төрелігін жүзеге асыру және істерді қарау барысындағы заңдылықтың сақталу нәтижелерімен таныстырды. Бұдан әрі Қостанай облысындағы Судьялар одағы филиалының Судьялық әдеп комиссиясын…

0
0
534

Жоғарғы Сотта Департаменттің жаңа басшысы тағайындалды және Сот төрелігі академиясының басшылығы ауысты

Департаменттің жаңа басшысын таныстыра келе, Қ.Мәми: «Нұрсерік Кәрімұлы Ұлт Жоспары шеңберінде жүргізілген сот жүйесінің барлық соңғы реформаларының өңірдегі тікелей орындаушысы болды. Оның көп жылғы судьялық өтілі және соттар жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибесі бар. Осыны ескере отырып, оны тұтас сот әкімшілігі жүйесінің басшысы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылданды», - деді. Қ.Мәми Абай Тоқсабаның атқарған жұмысына алғысын білдіріп, оның республика судьяларының VII съезін ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесін атап өтті және алдағы жаңа қызметіне табыс тіледі. Жоғарғы Сот Төрағасы А.Тоқсабаға ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медалін табыстады. Сонымен қатар, Қ.Мәми Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының жаңа ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессо…

0
0
728

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмимен кездесті

Кездесуде Мемлекет басшысына «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сот реформасын іске асыру және сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстары жөнінде есеп берілді. Елбасы сот жүйесінің және бүкіл құқық қорғау саласының алдында тұрған жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті. – Азаматтар сотқа сенім артып, көмек алу үшін жүгінгенде, шешім әділ болып, олардың құқықтары нақты қорғалғанда ғана заңның толық үстемдігі қамтамасыз етіледі. Қазір олай деуге әлі ерте, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы сот процесінде жарыспалылықтың жоқтығына тоқталып, адвокатураның дамуы әлсіз екеніне назар аударды. – Сот жүйесін жетілдіру жөніндегі барлық шаралар кешенді түрде атқарылуға тиіс. Жергілікті полиция жұмысына сын айтылуда. Бизнеске және салыққа қатысты тексерулер саны азаймай отыр. Осы саладағы жұмыст…

0
0
519