Мазмұнға өту
SUD_RK

SUD_RK

Сайтта 2014 ж. 28 наурызКазахстан, Астана

Верховный суд Республики Казахстан

рейтинг

100

жазбалар

1 214

пікірлер

0

тіркелуші

97

жазылымдар

0

Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері шаңғы жарысына қатысты

Астанының Орталық саябағында Жоғарғы Сот судьялары мен еліміздің жоғары сот органының қызметкерлері арасында шаңғы жарысы өтті. Бұл жарысты республикадағы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің Жоғарғы Соттағы филиалы ұйымдастырды. Іс-шараның ашылу рәсіміне Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми қатысты. Сайыс қатысушыларына қарата айтқан сөзінде Қ.Мәми: «Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері шаңғы жарысын өткізу туралы ұсыныс білдірді. Бұл – көңілге қуаныш сыйлайтын өте жақсы бастама. Ең басты мақсат – саламатты өмір салтын қалыптастыру мен корпоративтік мәдениетті нығайту», - деді. Жоғарғы Сот Төрағасы бұл жарыс «бастысы – жеңіс емес, қатысу» деген қағидат шеңберінде өткізілетінін атап өтті. Болашақта шаңғы жарысы жыл сайын өткізілетін дәстүрлі сайысқа айналатындығына сенім білдірілді.…

0
0
722

Астана қалалық сотында еңбек дауларын қарау кезіндегі жаңа Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан кәсіподақтарының федерациясының бастамасымен Астана қалалық сотында «Еңбек дауларын қарау кезінде жаңа редакциядағы Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Парламент Мәжілісінің, Бас прокуратураның, Республикалық адвокаттар алқасының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстанның Кәсіподақ федерациясының, ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Н.Қайыпжан іс-шараны аша отырып, жаңа редакциядағы Еңбек кодексі Ұлт жоспарының 83-қадамын жүзеге асыру шеңберінде қабылданғанын және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек заңнамасы Эк…

0
0
486

Астанада «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде — медиация институтының рөлі» тақырыбында диспут- форум өтті

Астанада Қазақстан Халқы Ассамблеясы Медиация Кеңесінің бастамасымен «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде - медиация институтының рөлі» тақырыбында диспут-форум өтті. Форумға Қазақстан Республикасы Перзидент Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі-төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация Кеңесінің төрағасы Б.Әбдірайым, заң ғылымдарының докторы, профессоры үйлестіруші кеңесінің төрағасы, Ресей Федерациясының профессоры, медиаторлар халықаралық ұйымының Президенті Ц.Шамликашвали, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының төрағасы, Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Әлімбеков, кәсіби медиаторлар, облыстық және аудандық соттардың судьялары, ҮЕҰ-дың өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы…

0
0
544

Жоғарғы Сот даулы қызметтік тұрғын үйді әскери бөлім қызметкерінің жесіріне қалдырды

Ұлттық гвардияның әскери бөлімінің бірі әскери сотқа жауапкер С.-ға қатысты қызметтік тұрғын үйді жалға беру келісім шартын бұзылды деп танып, Алматы облысындағы пәтерден басқа тұрғынжай бермей шығару туралы талап арызбен жүгінген. Талап қоюшы өз талаптарын өзі және С.-ның арасында жасақталған тұрғын үйді жалға беру келісім шартының мерзімі өтуімен, сонымен қатар, жауапкердің әскери бөліммен еңбек қатынастарында тұрмағанымен, пәтерде заңсыз негізде тұрып жатқанымен, пәтердің жабық әскери қалашықта орналасқанымен негіздеген. Алматы гарнизонының әскери соты әскери бөлімнің талабын қанағаттандырудан бас тартты. Апелляциялық саты аталған сот шешімін өзгертіп, С.-ны басқа тұрғынжай бермей қызметтік тұрғын үйден шығару жөнінде қаулы қабылдады. Бұнымен келіспеген С. Жоғарғы Сотқа жүгініп, апелля…

0
0
573

Астана қалалық сотында еңбек дауларын қарау кезіндегі жаңа Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан кәсіподақтарының федерациясының бастамасымен Астана қалалық сотында «Еңбек дауларын қарау кезінде жаңа редакциядағы Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Парламент Мәжілісінің, Бас прокуратураның, Республикалық адвокаттар алқасының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстанның Кәсіподақ федерациясының, ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Н.Қайыпжан іс-шараны аша отырып, жаңа редакциядағы Еңбек кодексі Ұлт жоспарының 83-қадамын жүзеге асыру шеңберінде қабылданғанын және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек заңнамасы Эк…

0
0
474

Жоғарғы Сотта Венециялық комиссия сарапшыларымен кездесу өтті

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Венециялық комиссияның сарапшылары Сергей Кузнецовпен және Георгий Папуашвилимен кездесті. Әңгіме барысында тараптар «Конституциялық сот төрелігін қолдау, сот төрелігіне қолжетімділік және Орталық Азия елдеріндегі сайлау реформасы» жобасының шеңберінде қалыптасқан сындарлы серіктестік пен қарым-қатынастың сенімділік деңгейін атап өтті. Қ.Мәми Мемлекет басшысының қатысуымен өткен судьялардың VII съезінде қабылданған Судьялық әдеп кодексі жобасы бойынша қорытынды әзірлегені үшін алғысын білдірді. Құқықтың түрлі салаларын қозғайтын заң жобалары бойынша Венециялық комиссияның сарапшылық қорытындыларының сапасының жоғары екендігі, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен үздік сот практикасына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдіру бағытындағы тақырыптық зерттеулердің…

0
0
358

Қ.Мәми Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна – Қазақстан институтында Жолдауды іске асыру бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Бүгін 17 ақпанда Жоғарғы Сот Төрағасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты. Форум Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна – Қазақстан институтында өтті. Іс-шараға Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов, республиканың ғылыми интеллегенция өкілдері мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Конференция жұмысын Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры М.Ермағанбетов ашты. Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов пен Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми кіріспе сөз сөйледі. Өз сөзінде Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Рогов алдағы конституциялық реформа турасында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен тол…

0
0
384

Жоғарғы Сотта Қазақстан мен Германия судьяларының кездесуі өтті

Жоғарғы Сотта өткен Қазақстан мен Германия судьяларының кездесуінде зияткерлік меншік объектілерін құрумен және қолданумен байланысты істерді сотта қарау мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. Кездесуге Қазақстан Жоғарғы Сотының судьялары Ирина Калашникова, Ғалымжан Мырзаке, Жанна Ермағамбетова, Лариса Шепелева, Тыныштық Молдахметова, Герман Федеральдік Жоғарғы Сотының судьясы Клаус Бахер және Мюнхеннің жергілікті сотының судьясы Оливер Шён қатысты. Осы өзекті тақырыпты талқылауға Астана қаласының зияткерлік меншік саласындағы дауларды қарауға маманданған судьялары мен Қазақстанның Әділет министрлігінің өкілдері де қатысты. Кездесуде сөйлеген сөзінде И.Калашникова зияткерлік меншік саласындағы құқық қолдануды жаһандану дәуіріндегі маңызды салалардың бірі деп атап өтті. «Зияткерлік меншік құ…

0
0
630

Жоғарғы Сот банкке қойған талап арызын қанағаттандырудан бас тартып, банктік келісімдердің талаптарын оларға қол қойылғанға дейін зерделеу қажеттілігіне назар аударды

Азамат А. жауапкерлер «Kaspi Bank» АҚ-ға, «Kaspi Сақтандыру» АҚ-ға банктік қарыз шартының тармақтарын, ерікті сақтандыру шартын жарамсыз деп тану және бастапқы қалпына келтіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Банктің және сақтандыру компаниясының өтінішхатын зерделеу барысында сот талап қоюшының талаптары шарттың 1.14- тармағының талаптарына қайшы келетіндігі жөнінде тұжырымға келді. Келісімге сәйкес қарыз алушы АҚ-нің 388 - бабының тәртібімен тараптардың арасындағы қатынасты реттейтін, банктік қарыз шартының ажырамас бөлігі болып табылатын Басты талаппен банкте жеке өзінің қатысуымен танысып және келісетінін бекіткен. Кешенді банктік қызмет көрсету келісімнің 1-бөлігінің 3) тармақшасында тараптардың банктік қызмет көрсету үшін банкке комиссия төлеудің талаптары көзделген. Талап қоюшы…

0
0
724

Жоғарғы Сотта жеке санаттағы істер бойынша міндетті медиацияны енгізу жөнінде семинар өтті

Жоғарғы Сот судьясы Ұлбосын Сүлейменова және отставкадағы судья, тәуелсіз медиатор Манфред Штендер (ФГР) бейнебайланыс арқылы жеке санаттағы істер бойынша міндетті медиацияны енгізу жөніндегі семинар сабағын өзкізді. Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Қазақстан халқы Ассамблеясы медиацияның халықаралық ынтымақтастық хатшылығының сектор меңгерушісі Жанар Усипбекова және «Жанжалдарды шешу орталығы - Диалог» басшысы, «Озарение» ҚБ президенті Татьяна Савицкая қатысты. Семинарды ашу рәсімінде Ұ.Сүлейменова Қазақстанда медиация институты белсенді дамып келе жатқандығын атап өтті. Жаңа АПК нормалары бітімгерлік рәсімдерін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік береді. Халық арасында медиация институтын көпшілікке танытуда Қазақстан халқы Ассамблеясы д…

0
0
527