Мазмұнға өту
SUD_RK

SUD_RK

Сайтта 2014 ж. 28 наурызКазахстан, Астана

Верховный суд Республики Казахстан

рейтинг

100

жазбалар

1 214

пікірлер

0

тіркелуші

97

жазылымдар

0

Жақып Асанов Германия Елшісімен кездесті

Жақып Асанов Қазақстан Жоғарғы Сотының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен(GIZ), Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі Герман қорымен (IRZ) және Фридрих Эберт атындағы қормен көп жылдық ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтті.Елшіге сот жүйесін жаңғыртудың негізгі жеті бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат берілді. Бұл жобалардың сот төрелігіне деген халықтың сенімін арттыруға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғандығы айтылды.Ж.Асанов Қазақстан Жоғарғы Сотының Әкімшілік процестік рәсімдік кодексінің жобасын әзірлеу бастамасы тұрғысынан Германияның әкімшілік әділет жүйесінің тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытты. Сонымен қатар, мейманға герман судьяларының сот актілерін әзірлеу және түсіндіру бойынша жұмысымен танысуға қатысты да сұр…

0
0
254

Жоғарғы Сот «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Сот төрелігінің жеті түйіні» атты топ ашты

Топта жеті жобалық құрамның жетекшілері жұртшылықты өз жұмысы туралы әр түрлі нысанда (бейне-, фотоматериалдар, презентациялар) хабардар етеді.

Топқа сілтеме: https://www.facebook.com/groups/177182219678699/

Баршаңызды соттардың жұмысын жетілдіруге белсене қатысуға шақырамыз. Бірыңғай кері байланысты қамтамасыз ету үшін модерация қызметі қамтылады.

Жобалар бойынша қызығушылық туындаған жағдайда Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне келесі байланыс көздері арқылы хабарласуға болады: +7(7172)710075, [email protected]

АТҚАРЫЛҒАНЫ АЗ ЕМЕС, БІРГЕ ЖАЛҒАСТЫРАЙЫҚ!

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-feysbuk-leumettik-zhelisinde-sot-toreliginin-zheti-tuyini-atty-top-ashty

0
0
443

Жоғарғы Сот Төрағасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Жабермен кездесті.Кездесу барысында тараптар екі елдің сот органдары ынтымақтастығының қарқын алғанын, қарым-қатынасты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.Ж.Асанов сот төрелігіне сенімді арттыру және құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сот жүйесін жаңғырту тұрғысындағы негізгі жеті бағыт бойынша Жоғарғы Сот белсенді жұмыс атқарып жатқандығын мәлімдеді. Жоғарғы Сот Төрағасы электронды сот төрелігін дамыту, соттардың жүктемесін азайту, дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдету және сот төрелігінің сапасын жақсарту бойынша БАӘ-нің тәжірибесіне Қазақстанның қызығушылық танытып отырғандығын атап өтті.Өз кезегінде Елші мырза «См…

0
0
310

Жоғарғы Сот Мемлекеттік туды терезеге ілген тұрғынның әрекетінен заң бұзушылықтың жоқтығын анықтады

Өткен жылдың қазан айының соңында Қызылордадағы Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы қала тұрғыны Сұлтан Тұмашиновқа тиесілі пәтердің терезесінде ілініп тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көріп, осы азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.Қызылорда қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының қаулысына сәйкес С.Тұмашиновқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 458-бабының 1-бөлігін бойынша, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын заңсыз қолданғаны үшін 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулымен келіспеген С.Тұмашинов сотқа шағымданған.Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты шағымды қанағаттандырусыз қалдырғандықтан, С.Тұмашинов Бас прокуратур…

0
0
441

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Бұл мереке еліміздің заманауи тарихында осыдан алты жыл бұрын пайда болды. Бұл күннің айрықша идеологиясы және идеялық тұғырнамасы бар. Бұл – республикамызда қабылданған ең маңызды саяси шешімдердің бірін пайымдайтын күн. Дәл осы күні жалпыхалықтық референдумда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтардың зор сеніміне ие болып, еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Тәуелсіздік жылдары ішінде халқымыз Мемлекет басшысы айқындаған мақсат-міндеттерді іске асыруға жұмыла кірісті. Бұл жағдай еліміз бен ұлтымыздың табысты дамуының негізгі кепіліне айналып, барлық ғаламдық сын-қатерлер мен тәуекелдерге төтеп беруге мүмкіндік берді. Бұған ел экономикасының қарқынды дамуы, этносаралық және конфес…

0
0
363

Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін Жоғарғы Сотта 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын болып өтті. Іс-шараға алқа төрағалары мен Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты. Департамент басшысы Н.Шәріпов жиналғандарды мерекемен құттықтады. Оның айтуы бойынша бұл еліміздің заманауи тарихында осыдан алты жыл бұрын пайда болған мереке. Бұл күннің айрықша идеологиясы және идеялық тұғырнамасы бар. Бұл – республикамызда қабылданған ең маңызды саяси шешімдердің бірін пайымдайтын күн. Дәл осы күні жалпыхалықтық референдумда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтардың зор сеніміне ие болып, еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Мемлекет басшысы – азаматта…

0
0
665

Жоғарғы Сотта «Сот процестері мен құжаттаманы аударудың әдіс-тәсілдері» атты семинар-тренинг өтті

Бүгін Жоғарғы Сотта «Сот процестері мен құжаттаманы аударудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жазбек Әбдиев, Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері мен «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық конкурсының қатысушылары – аудандық және облыстық соттардың қызметкерлері қатысты. Семинар-тренингті Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі терминолог Шерубай Құрманбайұлы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекші сарапшысы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстандағы ілеспе аудармашылар корпусының негізін қал…

0
0
635

Жоғарғы Сотта қылмыстық процесті жаңғырту туралы заң жобасын талқылады

Бүгін Жоғарғы Сотта «Қылмыстық-процестік заңнаманы жаңғырту аясындағы қылмыстық процестің даму болашағы» тақырыбында «дөңгелек үстел» болып өтті. Іс-шара Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорымен (IRZ) бірлесіп ұйымдастырылды. Форумға Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қолқабаев, Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев, Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы Талғат Татубаев, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев қатысты. Бұған қоса, Жоғарғы және жергілікті сот судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттардың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалары, Германия халықаралық құқықтық…

0
0
642

Жоғарғы Сот «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, корпоративтік даулар бойынша жалпыреспубликалық семинар өткізді

Бүгін Жоғарғы Сотта «Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасының шеңберінде «Корпоративтік дауларды шешудегі сот практикасы» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны Жоғарғы Сот судьясы Ұлбосын Сүлейменова жүргізді. Кездесуге Жоғарғы Сот судьясы Асан Ескендіров, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, «Атамекен» ҰКП арбитраж орталығының атқарушы директоры Асқар Қалдыбаев та қатысты. Бейнебайланыс арқылы өңірлерден корпоративтік дауларды қарауға маманданған облыстық соттың судьялары, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың судьялары, прокуратура, адвокатура, «Атамекеннің» өңірлік филиалдарының қызметкерлері, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Іс-шараға барлығы 800-ден астам адам қатысты. Ұ.Сүлейменова іс-шараны аша келе, ұлттық с…

0
0
597

Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық Кеңестің төртінші отырысы өтті

Бүгін Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің төртінші отырысы өтті. Іс-шараны Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева жүргізді. Кездесуге Кеңес мүшелерінен бөлек, Жоғарғы Соттың судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің, Сот төрелігі академиясының басшылығы, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты. А.Қыдырбаева отырысты аша келе, Халықаралық Кеңес жұмысының екінші жылы табысты аяқталуға жақындағанын және оның тәжірибесіне Грузияның Жоғарғы Соты қызығушылық танытып үлгергенін атап өтті. Отырыс барысында 2017 жылдың белгілі бір қорытындылары шығарылды. Атап айтқанда, а.ж. ақпанында инвестициялық дауларды қарау практикасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» болып өтті. Оның нәтижесінде Астана қалалық сотының инвестициялық д…

0
0
579