Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке еліміздің заманауи тарихында осыдан алты жыл бұрын пайда болды. Бұл күннің айрықша идеологиясы және идеялық тұғырнамасы бар. Бұл – республикамызда қабылданған ең маңызды саяси шешімдердің бірін пайымдайтын күн. Дәл осы күні жалпыхалықтық референдумда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтардың зор сеніміне ие болып, еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланды.

Тәуелсіздік жылдары ішінде халқымыз Мемлекет басшысы айқындаған мақсат-міндеттерді іске асыруға жұмыла кірісті. Бұл жағдай еліміз бен ұлтымыздың табысты дамуының негізгі кепіліне айналып, барлық ғаламдық сын-қатерлер мен тәуекелдерге төтеп беруге мүмкіндік берді. Бұған ел экономикасының қарқынды дамуы, этносаралық және конфессияаралық келісімнің салтанат құруы, антиядорлық және халықаралық бастамалардың іске асуы айқын дәлел болып табылады. Тек осы жылдың өзінде республикамыз ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы бүкіл әлемді таң қалдырып, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмысын бастады.

Тұңғыш Президентіміздің көрегендігі мен саяси даналығы айрықша құрметке ие. Ол елімізді дамытуға бастайтын негізгі  саяси басымдықтарды әрдайым нақты айқындап келеді. Елбасы соңғы бірнеше жыл көлемінде «Қазақстан – 2050» стратегиясын», «Қазақстанның үшінші жаңғыруы және «Рухани жаңғыру» стратегиялық бастамаларын жариялады. Бұл бағдарламалардың мән-маңызы мен ауқымдылығы ұлт дамуының ғаламдық бағытын айқындап, еліміздің әлемдегі жетекші мемлекеттердің қатарына кіруіне жол ашып отыр.

Тұңғыш Президенттің тікелей қатысуымен бүкіләлемдік стандарттарға толығымен сай келетін мықты сот билігі қалыптасты. Ұлт Жоспарының шеңберінде реформалар сот жүйесін одан әрі нығайтып, оның қолжетімділігі мен жеделдігін арттыра түсті. Нәтижесінде, бүгінде соттар қоғамның барлық сұраныстарын өз деңгейінде қанағаттандырып, заң үстемдігін тиімді қамтамасыз етуде.

Осы мереке күні баршаңызға құт-береке, зор денсаулық, ашық аспан, байтақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы істеріңіз бен бастамаларыңызға табыс тілеймін!

http://sud.gov.kz/kaz/news/kurmetti-okyrmandar-16

0
0
364

Осы тақырып бойынша

Құрметті оқырмандар! - Yvision.kz