Бурабайдағы Халықаралық конференция шеңберінде қылмыстық процесті жаңғырту мәселелері талқыланды
Бүгін «Rixos Borovoe» қонақ үйінде «Қазақстандағы қылмыстық процесс: жаңғыру жолдары» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламенті Мәжілісінің, Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотының қолдауымен Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасы мен Еуропа Кеңесі бірлесіп ұйымдастырды. Форум жұмысына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов, Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Бас Прокурор Жақып Асанов, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Дьерд Сабо қатысты. Бұған қоса, конференцияға Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың бірқатар басшылары мен ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың…