Мазмұнға өту
SUD_RK

SUD_RK

Сайтта 2014 ж. 28 наурызКазахстан, Астана

Верховный суд Республики Казахстан

рейтинг

100

жазбалар

1 214

пікірлер

0

тіркелуші

97

жазылымдар

0

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында татуласу рәсімдері институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты жағдайда қол қойылды. Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев, облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, Шымкент қаласының аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары мен судьялары, ОҚО бойынша соттар әкімшісінің басшысы мен облыстық, аудандық соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандары, сонымен қатар арнайы шақырылған қонақтар ‒ доғарыстағы судьялар, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шараның ресми бөлімінің алдында қонақтарға облыстық сот ғимаратына э…

5
5
744

Астанада Қазақстан мен Корея Жоғарғы Сот Төрағаларының кездесуі өтті

2016 жылдың 24 маусымында Корея Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Янг Сынг-тэ бастаған делегация Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді. Делегация құрамына Сеул қаласы Жоғары сотының төрағасы СИМ Санг-чоль, Жоғарғы Сот Аппараты соттарының қызметін қамтамасыз ету бюросының төрағасы ХОНГ Сынг-мён, Жоғарғы Сот Төрағасы Хатшылығының басшысы Соль Бом-сик, Жоғарғы Сот Аппараты Сот әкімшілігі департаментінің басшысы ПАК Ван-сик және т.б. кірді. Кездесу барысында Қазақстан мен Корея жоғары сот органдарының Төрағалары жылы лебіздерімен және екі елдің сот жүйесінің дамуы туралы өзекті ақпаратпен бөлісті. Қ.Мәми «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберіндегі сот жүйесін реформалау туралы айтып өтті. Әңгіме негізінен үш буынды сот төрелігіне көшу, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптардың күшеюі, тер…

0
0
447

Қайрат Мәми Ақтөбе облысының активі мен судьяларына облыстық соттың жаңа төрағасын таныстырды

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Ақтөбе облыстық сотындағы өңірдегі судьялардың кеңейтілген кеңесінің жұмысына қатысты. Іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстық соттарының төрағалары Ерлан Айтжанов пен Мұратқали Әкетай қатысты. Бұған қоса, облыс активі, өңір судьялары, Судьялар одағы филиалы мен Соттар әкімшісінің басшылары қатысты. Кеңесте Қ.Мәми заңға сәйкес Е.Айтжановтың облыстық сот төрағасы лауазымындағы бес жылдық мерзімінің аяқталғандығын және ағымдағы жылғы 20 маусымдағы Президент Жарлығымен Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметіне Мұратқали Әкетайдың тағайындалғанын мәлімдеді. Жоғары сот органының төрағасы жаңадан тағайындалған облыстық соттың төрағасын білікті заңгер әрі тиімді басшы ретінде таныстырды. М.Әкетайдың облыс прокурорының о…

0
0
406

Жоғарғы Соттың Төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми БАҚ басшылары мен қызметкерлерін, соттардың баспасөз қызметінің мамандарын келе жатқан кәсіби мереке – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Кездесуде Қ.Мәми: «Заманауи демократиялық және құқықтық мемлекет үшін қоғамның барлық өкілдерін саяси өмірге белсенді араластыру маңызды. Ал бұл масс-медианың қатысуынсыз мүмкін емес. Осы ретте БАҚ тұрғындар мен билік арасындағы алтын көпір тәріздес. Бір жағынан олар адамдарды толғандыратын мәселелерді айтса, екінші жағынан оларды шешудің жаолдарын хабарлайды», - деді. Соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылының маңыздылығын айта келе, ол соттар қолданыстағы заңнама негізінде БАҚ-пен жұмыс істеуге дайын екендігін атап өтті. Бұл үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылының…

0
0
522

Қазақстан Жоғарғы Соты Департаменті делегациясының Сингапурге жұмыс сапары басталды

2016 жылғы 20-24 маусым аралығында Қазақстан Жоғарғы Соты Департаменті қызметкерлерінен құралған делегацияның Сингапурде танысу сапары өтуде. Делегацияны Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов бастап барды. Оның құрамына Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры М.Бейбітов, Департаменттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен жауапты қызметкерлері енді. Іс-шара Дүниежүзілік Банктің қолдауымен өтуде. Сапар шеңберінде делегация Сингапурдың соттар жұмысында ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесімен танысып, олардың инфрақұрылымы мен электрондық жүйесін зерделеуде. Осы мәселелер бойынша Сингапурдың әлемде мойындалған мемлекет екендігін атап өткен жөн. Сонымен қатар, делегация бітімгершілік рәсімдерді қолдану, онлайн…

0
0
400

Ресей Президентінің кеңесшісі Вениамин Яковлев бастаған ресейлік делегация Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді

Ресей Президентінің кеңесшісі В.Ф. Яковлев бастаған ресейлік делегация Жоғарғы Сотқа келді. Іс-шара Қазақстан Республикасына жұмыс іссапарының шеңберінде өтуде. Сапар шеңберінде ресейлік делегацияның Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмимен кездесуі өтті. Кездесу шеңберінде тараптар екі ел сот жүйесінің дамуы туралы өзекті ақпаратпен және жылы лебіздермен алмасты. Кездесуге сондай-ақ Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі М.Бочарников қатысты. Делегация мүшелері үшін еліміздің жоғары сот органының ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды. Сот отырыстарының залдары таныстырылды, ғимараттың салыну тарихы мен инфрақұрылымдық ерекшеліктері айтылды. Таныстырылым барысында еліміздің соттарында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларға айрықша назар аударылды. Бұдан әрі рес…

0
0
583

Жоғарғы Сот Департаментінің қызметкерлері елордалық ХҚО мамандары үшін семинар өткізді

Жоғарғы Сот Департаментінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы Есіл аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары үшін семинар өткізді. Семинар «Соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» атты көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі мен мемлекеттік баж салығын төлеудің тәртібі түсіндірілді. Мемлекеттік баж салығының мөлшері АЕК-нің 50% мөлшерін құрайтындығы айтылды. Апостиль қою туралы өтініштерді қабылдау кезінде операторлар тарапынан жиі жіберілетін қателіктер бойынша ақпарат қорытылып, ХҚКО өкілдерінің назарына жеткізілді. Сонымен қатар, соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініштерді Жоғарғы Соттың «Сот каби…

0
0
339

Қазақстандық судьялар Германияға жұмыс сапарымен барып қайтты

Ағымдағы жылғы 7-10 маусым аралығында Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ) қолдауымен Қазақстан Жоғарғы Сотының делегациясы «Тергеу судьяларының өкілеттіктері» бағдарламасы шеңберінде Германияның Берлин және Потсдам қалаларына жұмыс сапарымен барып қайтты. Қазақстандық делегацияның құрамына Жоғарғы Соттың судьясы Роза Жакудина, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко, Астана қалалық сотының судьясы Гүлнар Мергенова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Нұрмаханбет Елемесов және Алматы қаласы аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов кірді. Сапар шеңберінде қазақстандықтар Бранденбург өлкесінің Полиция басқармасының өкілі, «Құқық» бөлімі штабының жетекшісі Бернд Кальтхоффпен, Әділет және тұтушылардың құқ…

0
0
353

Әскери соттың төрағасы бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдауды өткізді

Қазақстан Республикасының Әскери соты бейнебайланыс арқылы Семей қаласының әскери қызметшілерін және қала тұрғындарын қабылдауды өткізді. Осы күні барлық ниет білдірген әскери қызметшілер және де басқа тұлғалар Семей гарнизонының әскери сотына келіп, арнайы дайындалған залда ҚР Әскери сотының төрағасына өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараға 30-ға жуық азаматтар келіп қатысты, соның ішінде қазіргі әскери қызметшілер, отставкадағы зейнеткер әскери қызметшілер, әскери бөлімдердің заңгерлері, әскери құқық қорғау органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды. Іс-шара барысында әскери қызметшілер тұрғын-үй және еңбек қатынастары бойынша, заңнамалардағы өзгерістер және сот жүйесінде Ұлт Жоспарының орындалу барысы жөнінде сұрақтар қойды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыла…

0
0
517

Сот процестерінің айқындығы – Жоғарғы Соттың басым міндеттерінің бірі

Қазіргі таңда, қолданыстағы 1 396 сот залының 1 029 залы аудио-бейнетудио-бейнетркеудің жаңа жүйесімен жарақтандырылған. 136 залда АБТ жүйесі толығымен жаңғыртылды. Жалпы алғанда, бұл көрсеткіш сот залдарының жалпы санының 83% құрайды. Ағымдағы жылы ескі және бос тұраған сот отырысы залдарын (367 зал) жаңа жүйемен жарақтандыру жоспарланып отырмыз. Бұл республика бойынша АБТ жүйесімен 100% жарақтандыруға қол жеткізуге мүкіндік береді. Мәселен, жыл басынан бастап барлығы 310405 сот отырысы тағайындалса, солардың ішінде 261277 сот отырысы АБТ жүйесін қолдана отырып қаралды, ол республика бойынша қолданудың 84,6% құрайды. Қазіргі таңда республика соттарында сот процестеріне аудио-бейне тіркеу жүйесін енгізу белсенді түрде жүргізіліп келеді. Бұл жұмыс «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарының 20-қад…

0
0
327