Бүгін Астана қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде Қ.Мәмидің төрағалығымен «Инвестицияларды қорғаудың институционалдық тетіктерін жетілдіру. Қазақстан Республикасының инвестициялық даулар және төрелік туралы заңнаманың жаңашылдықтары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Оның жұмысына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Марат Бекетаев, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, судьялар, Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының, ұлттық даму институттары мен халықаралық заң фирмаларының өкілдері қатысты. Іс-шараға «Тенгизшевройл», «Лукойл», «Қазақмыс корпорациясы», «Аджип Карашығанақ Б.В.», «Орал Ойл Энд Газ», «Шұбаркөл көмір», «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «СП К…