Жоғарғы Сот Судьялардың жетінші съезінің қарсаңында заң аясына арналған Интернет-викторинаны іске қосты
Бүгін Жоғарғы Сот жаһандық желіні пайдаланушыларға есептелген интернет-викторинаны іске қосты. Іс-шара 2016 жылғы қарашада Судьялардың жетінші съезін өткізуге арналған. Осы акцияның мақсаты ел азаматтарының құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады. Ел азаматтарының белгілі бір бөлігі, әсіресе ол жастарға қатысты қандай әрекеттер құқық бұзушылықтарға жататынын біле бермейді. Жеткіншектердің математика пәнінің бақылау сабағына бармау үшін бомба салынғаны туралы телефон шалу жағдайлары осы күнге дейін кездеседі. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Мұның проблемасы – жастарды заңдарды оқуға баулу қиынға түсіп отыр, ал оларды бірінші кезекте интернет-викторинаға жүлделер арқылы тартып, осылайша олардың заңмалық тұрғыдан білімдерін арттыру - ең пәрменді тәсіл. Бұл білім деңгейін…