Жоғарғы Сот судьялары Астана қаласының қарттар мен мүгедектер үйіне барды
«Қазақстан Республикасының судьялар одағы» қоғамдық бірлестігінің ҚР Жоғарғы Сотындағы филиалының төрағасы Ғ.Мырзаке және филиалдың мүшелері Е. Максюта, Б. Тоқтарова және Н. Жолдасбеков Астана қаласының қарттар мен мүгедектер үйіне барды. Сапар Қарттар күніне орай ұйымдастырылды.
Сапар шеңберінде судьялар мекемедегі өмір сүру жағдайымен танысты және музейді аралады.
Кездесу барысында аға буынға деген қамқорлық әрбір азаматтың алдында тұрған міндеттерінің бірі екені айтылды. «Қарттарға көңіл бөліп, қамқорлық жасай отырып, біз оларға өздерін күнделікті өмірде толықтай қатысатынын сезінуге мүмкіндік береміз», - деді Ғ. Мырзаке.
Кездесу соңында естелік ретінде сыйлықтар табысталды.
