Жоғарғы Сот ЖШС-нің пайдасына көрсеткен қызметі үшін оған ақы төлеу бойынша берешекті өндіріп алу туралы аралық соттың шешімімен келісті
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шартқа сәйкес көрсетілген қызмет үшін төлемақы ретінде бір жарым миллиардтан астам теңгені «Си Бу» Инженерная буровая компания» ЖШС-нің пайдасына «FIAL» БӨ-нен ақша өндіру бойынша аралық соттың шешімін бұзу туралы өтінішін қанағаттандырусыз қалдырып, бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын күшінде қалдырған. Төменгі сотта қарауға негіз болған екі ЖШС-нің дауы мынадан тұрады. «Си Бу» (Си Бу) инженерлік бұрғылау компаниясы және «FIAL» (Фиал) БӨ Ақтөбе облысының Восточный Мортук кен көзінде ұңғымаларды бұрғылауға қатысты шарт жасасқан. Уақыт өте келе, шартта көрсетілген жұмыс көлемін орындап және өзіне тиесілі төлемақыны алмаған соң, Си Бу Фиалдан шарт бойынша қарызды өндіру туралы талап арызбен аралық сот - Қазақстан Коммерциялық төрелігіне жүгі…