Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді келе жатқан Конституция Күнімен құттықтаймын!

Негізгі заң экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік және басқа салалардағы барлық оң өзгерістердің құқықтық негізін қалады. Осының нәтижесінде, бүгінгі таңда біздің республикамыз қарыштап дамып, әлемнің 30 озық елінің қатарына кіруді өз алдына мақсат етіп қойып отыр.

Бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси көрегендігін айқындап берді. Конституция жобасымен белсене жұмыс істей отырып Мемлекет басшысы елдің алдында тұрған басты міндеттер мен тәуекелдерді тап басып аңғарып, оларды жеңудің жолдарын да таба білді. Бұл жай ғана жалаң сөздер емес, біздің жаңа тарихымыздың шындығы. Негізгі заңға арқау етіліп алынған барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі, тілі мен ұлты бойынша кемсітушілікке тыйым салу қазақстандық қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің кепілі болып табылады.

Конституция күні судьялар мен сот қызметкерлері үшін ерекше мереке. Конституциялық құндылықтардың іс жүзінде сақталуын біз жүзеге асырып отырмыз. Бүгінгі таңда сот жүйесі сот төрелігінің жеті түйіні шеңберінде белсенділікпен жаңғыртылу үстінде. «Түнде жұмыс істейтін сот», «Татуластырушы судья», «Соттан тыс татуластыру орталықтары», «Судьялар көмекшілері» - міне бұлар өзінің өміршеңдігін көрсеткен пилоттық жобалардың бір бөлігі ғана. Заңнаманы жетілдіру жөнінде ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап сот актілерін дайындаудың жаңа стандарттары мен оларды түсіндіру жұмыстары қолға алынады. Осының бәрі халықтың соттарға деген сенімінің артуына және заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Конституция Күні қарсаңында барлықтарыңызға мықты денсаулық, қолға алған істеріңізге табыс пен отбасының береке-бірлігін тілеймін.

Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!

Қазақстан Республикасы

   Жоғарғы Сотының

            Төрағасы                                                                         Ж.Асанов

http://sud.gov.kz/kaz/news/kurmetti-okyrmandar-27

0
0
724

Осы тақырып бойынша

Құрметті оқырмандар! - Yvision.kz