Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті оқырмандар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Шаттыққа толы осы күндер қазақстандағы барлық азаматтардың мерейін үстем еткен, ұрпаққа үлгі болған, тағылымы терең тарихи мейрамдар! Бұл – Отан қорғаушылардың бұрынғы және қазіргі кездегі даңқты ерліктеріне сый-құрмет көрсетілетін айрықша күндер.
Ұлы Жеңіс күнінің мәні ешқашан уақытпен шектелмейді! Бұл – біздің ата-бабаларымыздың жарқын болашақ үшін қан майданында кеудесін оққа төсеп, от кешуден өткен қайсар ерлігі. Бүкіл ел болып қасірет шеккен соғыс жылдары ата-ана, бала-шағаның майдан үшін маңдай терін тамшылатқан тылдағы жанкешті еңбектерінің айқын көрінісі. Ерлік – әрқашан елге мұра, ұрпаққа ұран.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның әрбір бес тұрғыны қару асынып, майданға аттанды. Олардың жүрек жұтқан батырлығы, қаһарман ерліктері Екінші дүниежүлік соғыстың тарихына алтын әріппен жазылып, мәңгі сақталды. Соғыс майданында жауға қарсы қолданылған әрбір танк, ұшақ, кеме, ауыр зеңбіректер құрамы Қазақстандағы кен орындарында өндірілген металдарда жасалды.
Тәуелсіз еліміздің ширек ғасырдағы тарихында Отан қорғаушылар күні зор маңызға ие болды. Ол жастарды патриотизмге тәрбиелеу жолында халық арасында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруда ерлік жолын көрсетіп келеді. Бүгінгі күні бұл мереке оқу орындары мен еңбек ұжымдарында кеңінен аталып өтілетіні – жастар үшін үлкен өнеге.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әскери қабілеті, кәсібилігі әлемдік деңгейде шыңдалып келеді. Еліміздің Қарулы Күштері техникалық жағынан биік деңгейде жарақтанған әрі ұтқыр. Әскери мамандық абыройлы да беделді орынға шықты. Ал әскерде қызмет ету азаматтық борыш қана емес, ұлттық мақтанышқа айналды.
Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Сіздерге және де Қазақстан әскерінің барлық қызметкерлеріне табыс, мықты денсаулық және де амандық тілеймін!
Елімізде әрқашан бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық бола берсін!
http://sud.gov.kz/kaz/news/kurmetti-ardagerler-men-tyl-enbekkerleri-kurmetti-okyrmandar
