Жоғарғы Сотта Венеция комиссиясының сарапшыларымен кездесу болып өтті
Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов Венеция комиссиясының сарапшылары Сергей Кузнецовпен, Славик Баничпен және Георгий Папуашвилимен кездесті.
Кездесуге Жоғарғы Соттың судьясы Денис Шипп, жоғары сот органы мен Әділет министрлігі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Ж. Асанов өз сөзінде елдегі құқықтық реформаларды іске асырудағы сындарлы ынтымақтастығы мен көмегі үшін Венеция комиссиясына және оның сарапшыларына ықыласын білдірді.
Бұдан кейін ол Жоғарғы Соттың Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті (бұдан әрі - ӘРПК) дайындауға қатысуы жөніндегі жұмысы туралы әңгімеледі.
ӘРПК жобасы әкімшілік орган мен осы әкімшілік органның заңмен белгіленген жария функциялары өзіне қатысты іске асырылып жатқан адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған. Бұған қоса, жария-құқықтық дауларды әкімшілік процестің қағидалары бойынша шешетін өз алдына бөлек сот ісін жүргізуді енгізу жоспарлануда. Бұл орайда осы заң жобасы тәртібі ӘҚБтК-де және ҚПК-де белгіленген жауапкершілікке тартумен байланысты қатынастарға қолданылмайтынын атап өту қажет.
«Осы шаралар халықаралық стандарттарға сай келетін толыққанды әкімшілік әділетті қалыптастыру мақсатында барлық рәсімдерді топтастыру үшін қажет», - деп атап көрсетті Ж. Асанов.
Қонақтар сонымен қатар сот жүйесін жаңғыртудың жеті басым міндеттерімен, сондай-ақ Жобалық офистің жұмысымен таныстырылды.
Тараптар кездесу соңында өзара жұмысты жалғастырудың және ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын тағы да атап өтті.
Комиссия жұмысының негізгі формасы қатысушы мемлекеттердің конституциялық құқық проблемаларын қозғайтын заңдары мен заң жобаларын талдау болып табылады. Сарапшылардың Қазақстанға сапары шеңберінде ӘРПК жобасы бойынша Венеция комиссиясының қорытындысын дайындау жоспарланды.
http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-veneciya-komissiyasynyn-sarapshylarymen-kezdesu-bolyp-otti
