Мазмұнға өту
Roxanne_Ritchi

Роксана Риччи

@Roxanne_Ritchi

Сайтта 2012 ж. 27 наурызКазахстан, Астана

Жұмбақ қыз

рейтинг

100

жазбалар

25

пікірлер

72

тіркелуші

13

жазылымдар

19

Неге келдің?!

Ол: салем! Мен: салем! Ол: ........ Мен: Неге келдің? Ол: Сағындым. Мен: Мені сынау үшін сияқты ғой. Ол: Онымен не айтқың келді? Мен: ......... Ол: Айтсаңшы? Мен: Ештеңе. Неге жоғалып кеттің? Неге іздемедің? Ол: :)) Мен: ??? Ол: Қолым бас болмады.Мені күтесің деп ойламадым да. Мен: Ммм... Ол: Не ммм??? Мен: Енді күтпеймін. Мүлдем. Шақырсаң, бармаймын! Ол: Неге? Мен: Қолым бос болмайд! Ол: Демалыс күндері ше? Кешке ше? Мен: :))... Мен сылтау айтқам. Сен айтқан сылтауды. Ол: :))... Кешірші...Кешіресің бе? РОКСАНА РИЧЧИ НЕ В СЕТИ. Неге келдің??? Өткенімді еске түсірейін дедің бе? Жанымды жалынға орап,сезіміңе күйдірейін дедің бе? Мендегі жүрек тоқтап калған жоқ па, соны білейін дедің бе? Әлде тағатсыз күткен жанарым өзгерген бе, соны көрейін дедің бе? Не болмаса, расымен, сынайын дедің бе? Т…

3
2
1077

Еркелетші

Періштем боп...жылы нөсер төккенде,
Тереземді қақшы, күнім, көктен кеп.
Мейлі, тіпті, хабарсыз боп кетсең де,
Анда-санда еркелетші "ЕРКЕМ" деп.

Сәл мұңайып жабырқаған кездерде
Маңдайымнан сүйіп қойшы жұбатып.
Азап қинап, жылап қалған кештерде
ЖАНЫМДА БОЛ, жадыратшы тіл катып...

5
5
1031

Жаңбырлы түн

Жаңбырлы түн...
Сансыз тамшы әйнекті ұрды төзімсіз. 
Жабыркаулы үн... 
Тар бөлмеде тұншығамын өзіңсіз.

Нұрсыз жанар... 
Терезеге үңіледі алаңмен. 
Тамшы тамар... 
Өзің жоқта сәл жабығып калам мен...

3
3
2402

Мені көбі суық деп ойлайды екен...

Мені көбі суық деп ойлайды екен... «Суықсың, сондықтан ештеңе айта алмадым» дейді. Бұрын бұл сөзге мән бермейтінмін. Жаныма жақын жан кеп, солай айтқанда ойланып қалдым. Сырт көзге солай көрінетінімді мүлдем байқамай келіппін ғой... ...Иә, мен түн сияқтымын... Сылқым елестермен мазаңды алып, тыныштықта жалқылығыңды есіңе сап, тоңдыра бететін түн сияқтымын... Алайда, сен ойлаған сол суық ТҮННІҢ Ай мен Жұлдызға тап-татті ұйқыңды күзеттіріп, саған өзің қиялдаған ғажайып түс сыйлайтынын білесің бе?! ...Иә, мен күз сияқтымын... Сағыныштың сары жүгін арқалатып, сұрланып, жанарларға жас үйіре, суық желмен тоңдыратын күз сияқтымын. Бірақ сап-сары болса да, үзіліп жатқан сан мыңдаған жапырақтың әнін тындаған суық КҮЗДІҢ дәл сол қалпымен ғана сүйкімді екенін білесің бе?! ...Иә, мен ақ қар сияқтымын…

Жібек орамалға түйілген жүрегімді...

...Мойнымдағы жібек орамалды көрсем, сені есіме түсірем. Сол кездегі батылдығым да, өзіңнен қатты ұялғаным да есіме түседі. Кейде лақтырып тастағым келеді. Орамалымды. Бірақ қимаймын. Не десеніз де, ол мен үшін жанымның жылуы сынды көрінеді... ...Сол күні мерекелік кешке жібек орамалымды мойныма тағып барғам. Қызықты ойын барысында орамал қажет болып, сен менен оны сұрап алдың. Ойын бітті, алайда сен оны маған қайтармадың. Кеш соңына дейін ол сенің қолыңнан түскен емес. Ешкімге бермедің де. Иа, мен барін байқадым. Тек «кешіміз» аяқталып, жұрт тарқасып жатқанда ғана жаныма келіп, «міне, саған қайтармақшымын» деп қолыма ұсындың. Саған қарап: «қаласаң, өзіңде қалсын» деп қалмасым бар ма (сол кезде жүрегім дүрсілдеп, қатты толқып кеттім...Ұялдым... ). Маған ұзақ қарадың да: «Мен оны қайтем, қ…

3
0
629

Біз асыр салған ойындар қайда қалды?!

Бірде ғаламтордағы соңғы жаңалықтарды қызықтап, электронды поштама келіп түскен хаттарды оқып отырғам. Үнемі қосулы тұратын Mail.Agent-ім шыр ете түсті. Хабарлама келіпті. Бір сырлас досымнан. «... [email protected]: Қайда жүрсің? Көрінбей кеттің ғой. Рокси: Ауылға барып қайттым. [email protected]: Шіркін-ай, қалай екен ауыл? Рокси: Тып-тыныш. Мүлгіген тыныштық. [email protected]: Бұрын біз шулап жүруші ек. Бәрі қайда кеткен? J Рокси: Білмеймін. Шулап демекші, спорт алаңына бардым. Түгі қалмапты. Біздің кезімізде футбол алаңы қалай жайнап тұрушы еді?! [email protected]: Иә, жайнап тұрды. Түгі қалмайтындай жөні бар. Бұрынғыдай қазір ешкім ойнамайды ғой. ЕШКІМ...» ...Ойланып қалдым. Неге? Расымен де, ауылда жүріп, асық ойнаған, доп куалаған балаларды неге сирек кездестіреміз? Тіпті, көрмейміз де. Жооооқ, олар…

5
2
1929

Жүрегіме сұрақ қойдым...

Түн... Жып-жылы төсегімде әрі аунап, бері аунап, ұйықтай алмай жатырмын... Жанымды жегідей жеген ЖАЛҒЫЗДЫҚ маза бермей қойды. Айналамның тыныш болғаны соншалық – тек дамылсыз тыныстағаным мен жүрегімнің дүрсілі ғана естіледі. Шыдай алмай: - Жүрек, сезімің кайда кеткен? Не ыстыққа күйдірмейді, не суыққа тоңдырмайды. Кеудем құр қуыс сияқты. Суып кеттің бе, неге ешкімді сүймейсің? – деп ЖҮРЕККЕ сұрақ қойдым. ЖҮРЕК: - Қойшы, қорқамын. Тағы да бір «жындыны» сүйіп қаласың ба деп қорқамын. Тағы да жылап қаламын ба деп қорқамын. Мен адамдарға сенбейтін болдым. Мүлдем. Маған шынайы көңілін білдірсе де, түбі алдап тұрғандай көрінеді. Кейбір адамдар бар, олар менің пәк, таза екенімді білмей жатып, «қара тассың» деп айыптайды. Одан да сүймегенім артық... Жүректің назы шорт үзілді. Дәл осы кезде бәрін…

5
1
810