Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мен сені іздегем...

Мен сені іздегем түндерден,

Түсімде мазалап келер деп.

Мен сені іздегем күндерден,

Жаныма мейір, нұр себер деп.

Мен сені іздегем таңдардан,

Самал боп, бетімнен өбер деп.

Мен сені іздегем маңдардан,

Шық - сезім, жауын - жыр төгер деп.


Мен сені іздегем қаладан,

Бір уақыт кезігіп қалар деп.

Мен сені іздегем жағадан,

Басқа емес, мені еске алар деп.

Мен сені іздегем көктемнен,

Есігін жүректің қағар деп.

Мен сені іздегем өткеннен,

Үміттің отын кеп, жағар деп.

Іздеп ем бүгін мен ертеңнен

...Жүзігін тағар деп...

Келер деп, табар деп,

Бақытқа, бағына балар деп...

Әттең!

3
0
465

Осы тақырып бойынша

Мен сені іздегем... - Yvision.kz