Өмір — бізге берген құдай сыйы
Өмір - бізге берген құдай сыйы,
Өмір - бізге берген Алла сыны.
Ендеше сол сынақты мүдірместен,
Өтейік нәсіп болса сынбай шыны.
Өмір - сынап келесің адамды,
Білгендей әр - бір қадамды.
Білсеңде бір сәт айтпадың,
Жаратылғансың неткен шыдамды.
Өмір - жетелейді күнде алға,
Таусылмас сынақ шіркін шыбын жанға.
Бермейді ау өмір бірақта,
Сұрасаңда күн біткенде жанға сауға