Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрмыс құрған сіңілісне әпкесінің сағынышы !

Артымнан ерген менің сіңілімсің,
Сіңілі әрқашанда сіңімдісің.
Ұядан ұшып шыққан балапандай,
Сағынбас қандай адам сіңілісін.

Сағынып өлеңдеттім өрнектелген,
Өлеңге сені қостым әпкелеген.
Есіміңді қайталасам жиі жаным,
Әпкеңнің сағынышы саған деген.

Балапан ұшып шыққан ұясынан,
Сақтасын өмір сені қиясынан.
Сағынып саған жазған xаттарымды,
Қалқам ау танырсың ау сиясынан.

 
0
0
616

Осы тақырып бойынша

Тұрмыс құрған сіңілісне әпкесінің сағынышы ! - Yvision.kz