Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жүректі сезім тербеші

Жүректі сезім тербеші,
Тербетер адам келдеші.
Дәмелі болған сезімнің,
Үмітін гүлім үзбеші.

Үзілсе үміт жүректен,
Жалғанбас қайта үзілген.
Үзілген сезім ұқсайды ау,
Үзілген гүлге сыз өткен.

Гүлдің де ғұмыры ұзақтау,
Болса егер суық бұғаттау.
Сездірмей сызын өмірдің,
Ұстарсың көзден жырақтау.

 
0
0
340

Осы тақырып бойынша

Жүректі сезім тербеші - Yvision.kz