Қазақпын
Қазақпын деп өмірде айта аламын,
Азатпын деп әлемге айқайладым.
Көзім тиіп кетпесін деп әз еліме,
Тәуба құдай деп ішімнен қайталадым.
Қайта келді өмірге қазақ бұл,
Мәңгі өлмейді біз барда ана тіл.
Абылайдың сөзімен айтар болсақ,
Енді ешкімге бас имейді бұны біл.
Баба салтын жаңғыртып туған елде,
Қазақтықпен досыңа тойға келде.
Шекараны күзеткен алтын ұлдар,
Азаттықты қорғаңдар туған жерде.
