Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кездескенмін сізбенен

Күңіреңген күзде мен,
Кездескенмін сізбенен.
Төмен қарап ұялдың,
Танысқанда бізбенен.

Қандай әсем қыз деген,
Қызға ғашық жүздеген.
Кеше екеуміз кездескен,
Жүріп келем ізбенен.

Табиғатқа күз келді,
Жазды күрең күз жеңді.
Сені көріп ұнатқан,
Сезім бізде жүр енді.

Сезім гүлі гүлдесең,
Түнде қызбен жүздесем.
Қайда болса барайын,
Сүйсең мені кел десең.

 
0
0
295

Осы тақырып бойынша

Кездескенмін сізбенен - Yvision.kz