Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» Әл Фараби

Жалпыадамзаттық тәжірибеде мектептің басты және негізгі функциясы -

оқу-тәрбие беру...
Түрлі курстарда қалай оқытуды, сабақты зерттеуді үйретіп жатыр..
Ал "тәрбие" туралы әңгіме жоқ..
Иә, ол курстарда "Метатаным", "Метатәжірибе" туралы айтылады. Бірақ "Танымды тану керек", "Тәжірибені өзгертетін тәжірибе" - деген секілді үстірт қана айтылады.

Мұғалімнің ұстанымы
Пажарес деген ғұламаның айтуынша, мұғалімнің көзқарасы мен шешімінен шығатын іс-әрекетін оның ұстанымы анықтайды.
Ал адамның ұстанымының қалыптасуы өте ұзақ процесс (Кейбір адамдарда ол ұстаным мүлдем қалыптаспай да кетуі мүмкін).
Ал енді бәрін ұстаным анықтайтын болса, мұғалім сабақ берудің 77 немесе 777 түр-әдісін үйренгенімен рухани-адамгершілік деңгейі жалпыадамзаттық нормаларға сай емес болса ше?
Жоғарыда айтылған "металар" ол үшін бар болғаны ғылыми термин ғана болуы мүмкін.
Яғни, сабақты шебер өтетін мұғалім оқушыдан сыйлық алуы немесе дәметуі мүмкін. Одан өзге, мемлекет мектепті жөндеуге жыл сайын бөлетін қаражат тек дәліз бен әкімшілік бөлмелерді жөндеуге ғана жетеді. Сынып бөлмелерін сынып жетекшісі немесе кабинет меңгерушісі жөндеуге міндетті. Ата-анадан ақша жинауға қатаң тиым салынса да, мұғалімнің мардымсыз жалақысы жетпегендіктен ол ата-аналарға алақан жаюға мәжбүр болады. 
Ал заңсыз ақша айналымы жүрген жерде қандай тәрбие болуы мүмкін?

Баланың қабілеті
Кешегі грант дауы біздің қоғамда "қабілет" деген ұғымның адыра қалғанын көрсетті..

Қайсы бірін айтайын?!
Басым жетпейтін нәрселер өте көп...
Біздің қоғамды жегідей жеп жатқан жемқорлық осы тәрбиесіз берілген білімнің "жемісі" емес пе?

 
0
0
10658

Осы тақырып бойынша