Мазмұнға өту
Nazym93
Nazym93

Назира Бурханова

@Nazym93

Сайтта 2012 ж. 20 мамырКазахстан, Алматы

Тұрсын Назым

рейтинг

106

жазбалар

517

пікірлер

7

тіркелуші

11

жазылымдар

7

Экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған бірнеше стартап жобаның таныстырылымы туралы

Экологиялық ахуалды жақсарту қашан да актуалды. Біздің еліміз ғана емес бұл ғаламдық мәсвеле болғандықтан адамзат баласын толғандырары анық. Соңғы кездері елімізде экологиялық мәселелердің шешімін табуға қатысты жақсы жобалар жүзеге асып келеді. Осы ретте, EFES компаниясы және MOST Start Path Entrepreneurship Program өздерінің инкубациялық бағдарламасы үшін greentech&climate стартаптарын таңдап, олардың идеяларын жұмыс істейтін өнімге айналдыруға көмектескен болатын.  2022 жылдың 1 қазаны мен 2023 жылдың 14 маусымы аралығында 10 ай ішінде стартаптарға арналған тәлімгерлік бағдарламалардан өткен 133 өтінімнің ішінен 20 жоба таңдалды. Финалға 8 команда шықты дейді ұйымдастырушылар. 

Жақында Алматыда  экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған бірнеше стартап жобаның таныстырылымы өтті. Таныстырылым барысында кейбір жобалар сәтті және керек деп танылып, ұтысқа ие болды.

Efes Kazakhstan Маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Еркан Алп:

«Бұл инкубациялық бағдарлама Қазақстандағы стартап экожүйесінің жасыл технологиялар саласындағы әсерін арттыруға көмектеседі. Efes компаниясы бұл бастамадан Қазақстанның үлкен болашағын көреді. Біз мемлекет пен бизнеске пайда әкеліп қана қоймай, аймақтың экологиясын сақтауға нақты үлес қоса алатын айналмалы экономикаға сүйенеміз. Жобаны жалғастыру және greentech&climate стартаптар саласындағы қатысушылардың санын кеңейту бойынша алға қойған жоспарларымыз бар».

«Эфес Қазақстан» компаниясы Қазақстан нарығында 25 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Қарағанды, Алматы қалаларында екі зауыты жұмысы істейді. Компанияда 1000-ға жуық қызметкер бар. Компания «Anadolu Efes» сусын компанияларының көпұлтты тобының бөлігі болып, өз кезегінде AB InBev сияқты жаһандық сыра нарығындағы ірі ойыншылармен бірігіп, қуатты жаһандық сыра қайнату концернін жасайды. Anadolu Efes Түркияда, Шығыс Еуропада және ТМД елдерінде сыра мен алкогольсіз сусындарды өндіруге және сатуға маманданған. «Анадолу Эфес» Түркиядағы сыра нарығында көшбасшы болып табылады, сонымен қатар Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде өзінің сыра қайнату зауыттары бар.

Most Ventures басқарушы серіктесі Әлім Хамитов:

«Бұл жәй ғана акселератор емес. Efes компаниясымен бірлескен жоба бір жылға жуық уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде біз әр түрлі іс-шаралар өткіздік. Жас жігіттер мен қыздар идеялармен келіп, дайын MVP-лерді иеленіп кетті. Мен оны Impact акселераторы деп атаймын, өйткені барлық қатысушы стартаптар greentech&climate саладан болды. Бұл саланың өзі өте күрделі, әсіресе экомәдениет әлі қалыптасып келе жатқан біздің нарықта енді дамып келеді. Алғашқы стартаптар тобына сәттілік тілейміз. Олар жасыл технология бизнесін монетизациялау жолындағы алғашқы қадамды жасап үлгерді»

 #EFESкомпаниясы 

#MOSTStartPath

0
0
576

Тендер саласының қыр-сырын үйретемін

Мемлекеттік ұйымдар мен ірі компаниялар өзіне керекті тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін тендер өткізеді. Арнайы конкурсті өткізіп, өздеріне қандай тауар керек, қандай мөлшерде, қашан және тағы сол сияқты ақпарат беріледі. Тендерді мемлекеттік мекеме ұйымдастырса, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, теңдерде жеңіске ең арзан баға ұсынғаны кәсіпкер жетеді. Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері – екі жыл бойы тендер саласын толық зерттеп, айына миллиондаған табыс тауып жүрген кәсіпкер, тренер - Тұрсын Жәнібек Дәулетұлы.

– Тендермен айналасып жүргеніңізге қанша болды? Неге нақты бұл саланы таңдадыңыз?

– Қазіргі таңда тендермен айналысып жүргенімен төрт жылдан асты. Әңгімені әріден бастасам,  "Алматы технологиялық колледжіндегі" оқуымды аяқтаған соң, Отан алдынағы борышымды өтеу мақсатында әскерге кетуге шешім қабылдадым. Әскерден келген соң ұзақ уақыт мамандқ бойынша жұмыс таба алмадым.  Әуелгі кезде қызығушылықпен әртүрлі идеяларды зерттеп шықтым, интернетті әрі ақтардым, бері ақтардым. Және кәсіп туралы кітаптар оқып жүрдім. Бір күні идея ойда жоқ жерден шыға келді. Мен кәсіпкерлік жайында, тендер туралы білім алайын деген. содан "Мыңбатыр" орталығына келіп білім алдым. Білім алу барысында, көптеген кәсіпкерлермен таныс болдым. Тендер саласы бойынша жұмыс та істеп көрдім. Содан кейін сол орталыққа жұмыс істеймін деп қалдым.  Бұл орталықта тендерге байланысты кәсіп жайлы толық үйретемін. Онлайн және офлайн форматта оқытамын.  Неге нақты тендер саласы десеңіз, бұл кәсіптің артықшылығы өте көп. Негізі қандай кәсіпті ашатын болсаңыз да, 500 мың немесе 1 млн теңгедей қаржы болуы қажет. Ал, тендерді сіз қалтаңыздағы 20-30 мың теңгемен де бастай аласыз. Бұл кәсіп үшін арнайы мекемені жалға алудың қажеті жоқ. Арнайы адамдарды жұмысқа алудың керегі жоқ. Қолыңызда ноутбук  пен интернет болса болды. Бұл саланы алып кетуге болады.

–Тендер жыл мезгіліне қарайды ма?

– Жоқ. Тендер жыл мезгіліне қарамайды. Бұл кәсіпте салған  қаражатыңыз толық қайтады деп сенімді айта аламын. Өйткені қаржы мемлекеттен келеді.

– Тендерден қалай қаржы табуға болады?

– Тендерден ақша табу өте оңай. Себебі, бұл жерде арнайы қатып қалға қағида мен ереже жоқ. Кез келген адам тендерден қаржы таба алады. Бұл кәсіптен ақша табудың жолы қарапайым. Тендер дегеніміз- онлайн сауда. Мемлекетке не қажет, біз соны жеткізіп береміз. Мемлекеттің қазынасынан қаржыландыратын кез келген  мемлекеттік мекеме  өзіне қаже тауар, қызметтер мен жұмыстардың барлығын тендер конкурсс негізінде сатып алады. Ал біз  мемлекеттік мекемелерге қажетті жұмыстарын орындау арқылы және тауарды тауып беру арқылы табыс табамыз.

– Тендерге кез келген адам қатыса алады ма?

–Тендерге қатысу үшін міндетті түрде заңды тұлға болуы қажет. Міндетті түрде жеке кәсіпкерлік (ИП­) болуы керек. ЭЦП ключ қажет.

– Тендерді нақты қанша қаражетпен бастауға болады?

– Тендерді кез келген қаржымен бастай аласыз. Мысалы, бір мектептен сізге проектордың пультіне тапсырыс түсі. Сізге 10 мың теңге ұсынды. Базардан  бұл тауарды 3000-4000 теңге көлемінде табуға болады. Сөйтіп сіз, өзініңдің қалған таза пайдаңызды  таба аласыз.  Осы кәсіпті қалтада бар 5000 мың теңгемен де бастауға болады. Бәрі өзіңізге байланысты.

– Тендердің нақты артықшылығы?

– Жарнама, сайт, маркетинг қажеті жоқ. Мекеме жалдаудың керегі жоқ. Күніне мыңдаған тапсырыс шығады. Бәсеке аз. Бастысы тендерде кризис жоқ.

– Бұл саланың кемшілігіне тоқтала кетсеңіз?

– Негізі жұмыс тәсілдерін білсеңіз, айтарлықтай кемшілігі жоқ. Бұл сала жайлы жақсы маманнан дұрыс бағытта білім алу керек.

–  Тендерді енді бастаған адамдардың негізгі қателіктері қандай?

–  Ең бірінші қателік –нарықты зерттемей теңдерге қатысу. Тек СНГ мен Қытайдан ғана тауар алып пайда табамын деп ойлау. Қазақстан нарығымен жұмыс жасай алмау. 90 пайыз адамдар танитын тауарды алып, жақсы қаражат табамын деп ойлау, ерекшелене алмау. Міне осы қателіктеді жіберіп, көптеген адамдар кәсіпті дұрыс бастай алмай жатады.

–  Бұл салада қанша қаражат табуға болады?

– Бұл кәсіптен табатын нақты қаражатты айту қиын. Бірақ, бір тендердің өзі сіздің өміріңізді өзгертіп жіберуі әбден мүмкін. Өйткені, бір тендерден таза 5-10 млн маржа тауып тұрсаңыз, көптеген жұмыстады атқара аласыз. Бұл тендер кәсібінің қаржы жағынан шарықтау шегі жоқ. Бұл салада тек 1 млн теңге табыс таба аласын деген қатып қалған қағида жоқ. Кәсіпке салған қаржыңыздың 20-30 пайызы таза маржа болады.  Тендер жыл мезгіліне қарамайды. Өйткені, мемлекет өзіне қажетті нәрсені тек тендер арқылы алады. Тендерде тек қана тауар емес, дәрі-дәрмек, бүкіл мемлекеттің тыныс-тіршілігі тендермен байланысты.

– Мүмкіндігі шектеулі адамдар тендермен айналыса алады ма?

– Бұл сала мүмкінділігі шектеулі деп бөліп жармайды. Керсінше, мүмкіндігі шектеулі жандарға тендерде арнайы жеңілдіктер мен мүмкіндіктер қарастырылған.

– Тендерді қанша уақытта үйренуге болады?

– Негізі тендер кәсібін біздің 3-4 сабағымызға қатысып үйреніп алуға болады.

Нарық заманында кәсіптің кілтін табу оңай шаруа емес.  Істің ыңғайын біліп, көзін табатын жандарға қолтықтан демеп жіберетін қаржы болса, іс дөңнен төмен сырғыған доңғалақтай жүріп кетеді.

– Кәсіпті неден, қалай бастау керек?

- Кәсіп бастау үшін нақты жоспарың, әрі кездесетін кедергілерге төтеп берер иммунитетің болуы қажет. Одан бөлек, кәсіп бастағанда белгілі бір дәрежеде біліміңнің болуы шарт. Бастайтын ісіңді алдын ала зерттеп, жан-жақты білгеннен кейін ғана кірісу керек.

Кәсіптің қай түрі болмасын базалық білімің болуы шарт. Бастаймын деген кәсібіңді алдын ала зерттеп, толық білгеннен кейін ғана қолға алған дұрыс. Одан бөлек бастаймын деп жоспарлап жүрген кәсібіңде кішкене болсын тәжірибе жинақтап, ішкі атмосферасынан хабардар болу маңызды.

Мысалы, мал шаруашылығына қатысты кәсіп бастаймын деген жоспар болса, алдын ала мал дәрігері қызметін атқаруға болады. Мейрамхана ісіне кірісемін десеңіз, даяшы болып жұмыс істеп көрген жөн. Барлығы тәжірибе арқылы келетінін естен шығармау керек.

"Білімдінің күні жарық" деп босқа айтылмады емес пе? Сондай-ақ алғашқы қиындыққа ұшырағанда қол бұлғап тастап кетер болсаң кәсіп ашудың қажеті жоқ. Өз ісін ашу немесе бизнесті бастау туралы шешім қабылдаған кезде бір ғана тілек аздық етеді. Осы орайда бірнеше маңызды дүниелерді ескерген жөн:

Тек уақытыңды ғана емес, қаражатты да жоғалтуың мүмкін екенін түсінуің керек;

Тәжірибең жоқ болса, қолда бар соңғы жиған-тергенді кәсіпке салу - ақымақтық;

Аз уақыт ішінде кәсіпті ұршықша айналдырып әкету мүмкін еместігін есте ұстаған жөн;

Барлығын алдын ала есептеп, форс-мажорлы сәттерге дейін жоспарлаймын деп ойлау – қателік.

– Кәсіп ашамын дейтін кез келген адам неге дайын болуға тиіс?

- Шығынсыз кіріс болмайды. Бизнес те тірі организм іспеттес, нықтап аяққа тұрып кетуі үшін біраз уақыт қажет. Сондықтан бизнесін бастаған адам кез келген нәрсеге дайын болуға тиіс. Кәсіп бастау үшін адамда 100 процент нақты шешім және одан басқа қалау болмауы керек. Ал оның қосымша бір жоспарлары болса, кәсіпті соңына дейін апармайды. Кәсіп ашамын деген әр адам кездесетін қиындықтарға шыдамды, еңбекқор болуы қажет.

-Жәнібек мырза, алға қойған жоспарларыңызбен бөліссеңіз:

 - Әрине, болашақ жоспарларым көп. Жоспарсыз жұмыс болмайды. Бірінші кезекте бизнесімді одан әрі дамыту ойдамын. Мен осы салаға бет бұрып, талаптанып жүрген іні-қарындастарыммен өзімнің бизнестегі тәжірибемді, білгенімді бөлісіп, әңгіме құрғанды өте ұнатамын. Бізден тәжірибе жинақтап, бұрын жұмыс істеп кеткен жастардың арасында өз кәсібін дөңгелетіп жүргендер де бар. Жалпы бір байқағаным, біздің жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығы бар, тек оларды әрі қарай қолдап, материалдық және рухани түрде көмек көрсетілуі тиіс деп есептеймін.

– Бизнеске қадам басқан адамдар оқуға тиіс топ кітаптарды айтып бере аласыз ба?

- "Самый богатый человек в Вавилоне", Саидмурод Довлатовтың "Долги тают на глазах" кітаптарын оқуға кеңес берер едім. Негізінен "кәсіп бастаймын, сол үшін ізденемін" деген адамға кітап та көп, автор да көп.

- Сұхбаттасқан Назира Бурханова 

инстаграм: burhanova_nazyra

инстаграм: janybek_dauletuly 

#ТұрсынЖәнібек

#ЖәнібекДәулетұлы

#Жәнібектендер

#Жәнібектренер

#Жәнібекпиарщик

0
0
789

Kiswah Fashion Shows қызықтары

Жақында Алматыда  отандық және шетелдік дизайнерлердің топтамаларының modest fashion көрсетілім кеші өтті,  ресми атауы Kiswah Fashion Shows деп аталды. Орталық Азия аймағында қарапайым сәнге қызығушылық танытатындардың барлығына арналған халықаралық платформа құру мақсатында ұйымдастырылған бұл бірегей іс-шара ерекше өтті деуге болады.

Жобаның авторлары Ғайникен Букенова және Жанель Бертаеваның айтуынша, соңғы бірнеше жылда көптеген табысты әлемдік брендтер modest fashion капсулалық топтамаларын, мысалы, қасиетті Рамазан айын атап өтуге арналған топтамаларлды жасап шығаруда. Бүгінде табысты мұсылман әйелдер бизнесте, саясатта және басқа салаларда маңызды басшылық қызмет атқаруда. Оларда өздерінің ішкі құндылықтарын сақтауға деген, сонымен бірге әдемі көрінуге деген сұраныс туындады. «Қарапайым киімге сұраныс пайда болды - соған сай сәнді ұсыныс пайда болды», - дейді Ғайникен Букенова.

Kiswah Fashion Shows көрсетілімі түрлі дизайнерлерге, сондай-ақ талантты стилистер мен модельдерге заманауи мұсылмандық сән туралы көзқарастарымен бөлісу үшін өз алаңын берді. Көрсетілімдер барысында дәстүрді құрметтеу мен модернизация туралы ортақ тұжырымдама біріктіретін көптеген шығармашылық және сәнді топтамалар ұсынылды.

Kiswah Fashion Shows іс-шарасын ұйымдастырушылар қонақтарына шабыттандыратын атмосфера құруды мақсат етті және олсәтті іске асты. Локация іс-шараның тақырыбына сай әрленді, шынайы атмосфераны қалыптастырып, қарапайым киінудің әсемдігін аша түсті. Қонақтар шоу тамашалаумен қатар, дизайнерлермен, сәнгерлермен және стилистермен тілдесуге, сондай-ақ modest fashion әлеміндегі соңғы трендтерді талқылауға мүмкіндік алды.

Kiswah Fashion Shows жобасының PR директоры Кәмшат Әкімқожа  халыққа хабар таратуда ұйымдастыру жұмысын жоғары дәрежеде атқарғаны байқалды.

Арасында мен де кәсіби фотографтарға суретке түстім :)

Kiswah Fashion Shows Алматыдағы сән көрсетілімдерінің деңгейін көтеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар жас дизайнерлерді мұсылмандық сәнге өз шығармашылығы мен талантын жеткізуге шабыттандырды. Шара аймақтағы мұсылмандық сән индустриясын дамытудағы маңызды қадам болды және жергілікті және халықаралық БАҚ-тың назарын аударды.

KISVA топтамасының негізгі идеясы - сән арқылы мәдениеттің эволюциясын зерттеу және бейнелеу. Бұл киім қазақстандықтардың өткенін, бүгінін және болашағын бір арнаға байланыстыратын, сонымен қатар қазіргі заманғы үрдістердің мәдениетімізге әсерін көрсететін уақытқа саяхат.

Материалды дайындаған: НАЗИРА БУРХАНОВА

#KiswahFashionShows

#ҒайникенБукенова  

#ЖанельБертаева

#НАЗИРАБУРХАНОВА

0
0
468

Стамбұлда әлемдік денсаулық сақтау қауымдастығы бас қосады

Халықаралық конгресс және конференция қауымдастығы (ICCA) және Қауымдастық және конференция форумы (AC) бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда өтеді.

2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына басқосу өтеді. Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығы (ICCA) және қауымдастықтар мен конференциялар форумымен (AC) бірлесіп ұйымдастырылатын екі күндік бағдарлама ICCA және AC форумының мүшелерін, сондай-ақ қауымдастық мүшелерін және медицина саласындағы негізгі мүдделі тараптарды біріктіреді.

ICCA мен AC форумының ынтымақтастығы «Медициналық кездесулердің болашағы» денсаулық сақтау саласына ерекше назар аудара отырып, үш жылға арналған жоспарларды қамтиды. Былтыр 6-8 шілдеде Францияның Канн қаласында өткен шара TGA, Түркия Туризмді дамыту агенттігінің ықпалымен, Стамбұлда ұйымдастырылмақшы.

Денсаулық сақтаудың болашағына арналған Стамбұл кездесуі медицина саласының ірі ойыншыларының көмегімен саладағы түйткілдерді анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Іс-шара постпандемиядан кейінгі әлемде медициналық емдеулердің сапасын жақсартуға және Стамбұлдың осы нарықтағы үлесін кеңейтуге бағытталған.

Штаб-пәтері Амстердамда орналасқан ICCA – 1963 жылдан бері әлемнің 100-ге жуық ел мен аймақтарында 1100-ден астам мүшесі бар жетекші ұйым. Оған қаланың жарнама және маркетинг кеңселері, халықаралық конгресс және конференция агенттіктері, басқа қонақжайлылық компаниялары және кездесулер мен қатысушыларды орналастыру қызметтерін ұсынатын орындар кіреді. ICCA өз мүшелері арасындағы ынтымақтастық пен байланысты жақсарту үшін аймақтық бірлестіктерде жұмыс істейді. Түркия Жерорта теңізі аймағындағы мүше мемлекет ретінде ICCA-мен серіктестік келісіміне қол қойды және өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырды. Конгресс басшылығы мен басқару мәселелерімен айналысатын AC Forum өзін-өзі басқаратын қауымдастықтар құрған жалғыз ұйым ретінде ерекшеленеді. Коммерциялық әсерлерден аулақ, кәсіби аралық озық тәжірибелер мен идеялар алмасу арқылы AC Forum мүшелері қауымдастық басшылығы мен Конгресс басшылығын ілгерілету және оны жоғары деңгейге жеткізу үшін ақпарат алмасады.

Сонымен қатар, елдегі MICE (конгресс туризмі) секторының мүдделі тараптары ICCA AC форумы – Денсаулық болашағы кездесулерінің алдында ICCA Destination серіктестігімен дайындалған ICCA Стамбул саммитінде кездеседі. Осы орайда, 5 маусымға жоспарланған саммит ICCA AC форумының тиімділігін арттыруға бағытталған.

0
0
295

Екеуміз... Қоғам шындығы...

М.Әуезов атындағы  Қазақ ұлттық драма театрында  2023 жылдың 18 мамыр  күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай  МУЗЕЙ ТҮНІ  шарасы  өтті.

Мәдени шараның мақсаты -  қазақ өнерінің қара шаңырағы, ғасырға жуық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы   Қазақ ұлттық драма театры  музейінің 55 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Музей түні» іс-шарасы қарсаңында  қара шаңырақтың өнер белестерін,  белгілі өнер тұлғаларының майлы бояумен салынған портреттерін, әртүрлі қойылымдарда киген ірі тұлғалардың тері сіңген сахналық киімдерін, марапаттарын, медальдарын, алғыс хаттарын, қолданған бұйымдарын, әр спектакльдерден түсірілген суреттерін, баспасөз басылымдарына шыққан  мақалаларын, зерттеулерін, эсселер мен очерктерін, т.б. жинақталған құнды жәдігерлермен өнер сүйер қауым мен  өскелең ұрпақтарға таныстыру. 

Шара аясында, О.Жанайдаровтың «Екеуміз»  драмасы қойылған болатын.

Әрине, театрдан әркім өзін және өзінің көргісі келгенін көреді емес пе? Меніңше, бұл қойылымда,  Олжас Жанайдаров қоғамдық ортада, бүгінгі адамдар арасында жиі кездесетін қарапайым жан­дардың өзін және өзгені түсінуі, қарапайым ғана сөйлсе алу, ести-алудың маңыздылығын көрсеткісі келді. Мұнда бір-бірінің жанын түсіне алмай, өз се­зімдеріне иелік етуге ұмтыл­ған­дардың махаббат үшін кү­ресі  әдемі бандалады. Бірақ, бірге болу үшін тек қана сүю аздық етеді емес пе?

Иә,  ерлі-зайыптылар  арасындағы желік сезімді, тұрақ­сыздықты, қызға­нышты, жалпы, бүгінгі күннің сипатын беруге тырысқан пьеса  қалың ккөпшіліктің жүрегіне жетті деп ойлаймын. Сұрғылт түсті сұрқай тіршілік пен жанды пластика әдемі үйлесім тапқандай. 

Диалог барысында  әрқайсысының ойын, үнін естуге болады. Жан айқайын сезінуге болады. Әлбетте, әр кейіпкердің  өз шындығы бар. Ал, ақиқат – біреу-ақ. Ол ақиқатты түсіну көрерменнің өзіне қалдырылғандай... Солай болуға тиісті, әрине. 

Расымен де, бұл мәселе күл­лі адамзат баласын толғандыратыны сөзсіз.  Сон­дықтан режиссер мен шы­ғар­машылық топ осы мақсаттың үдесінен шық­қан деп сеніммен айтуға болады. Спек­такльден әр кө­рермен өзіне керегін алып шық­қаны анық. 

0
0
940

Бір жылда үш машина алдым

"Жас кәсіпкер" жобасының кезекті қонағы алматылық кәсіпкер - Нәби Елдос Өмірсерікұлы. Тендер кәсібімен айналысатын кейіпкеріміз сұхбат барысында кәсіп ашу, оны дамыту қаншалықты қиын екендігімен бөлісті. Ол табысты бизнес көзінің кілті  жұмысқа деген адалдық пен тұтынушыға деген сенім деп біледі.

-Елдос алғашқы сұрақты өмірбаяныңыздан бастасақ. 

Есімім Елдос Өмірсерікұлы. Жасым 22-де. 2001 жылдың 16 наурыз айында Шымкент қаласында дүниеге келдім. Балалық шағым 17 жасыма дейін Шымқалада өтті. 17 жасымда Алматы қаласы КазНАУға оқуға түстім. Соңғы 5 жыл ішінде Алматы қаласында тұрып жатырмын. 2022 жылы үйлендім.

-Бала Елдостың арманы қандай еді? Мамандығыңыз қандай? 

Бала Елдостың арманы кәсіпкер болу. Себебі, кішкентай кезімнен кинолардың өзінен-ақ кәсіпкер емін-еркін өмір сүре алатынын көріп өстім. Кәсіпкер сөзін еркін деп білемін. Білемін кез-келген адам кәсіпкер бола алмайды. Себебі, кәсіп тәуекелділікті жақсы көреді. Ал, көп адам тәуекелге барғысы келмейді. Менің кәсіпкер болуға себеп болған ұстанымым:  "Не тәуекел етесің, не  болмаса тәуекел еткен адамға жұмыс істейсің!" Мамандығым - агроном. Бірақ, бұл мамандыққа армандап келдім деп айта алмаймын. Ең басты ойым Алматы қаласына оқуға түсу, психологтардың тілімен айтқанда  зона комфортадан шығу болды. 

-Кәсіпкерлікке келуіңізге не себеп болды? 

 Мені бала күнгі арманым кәсіпкерлікке алып келді. Мамандықпен істеп белгілі бір мөлшерге жетуге болады. Бірақ, қаржылай еркін болып кетпейсің. Ертең ата-анама, бала-шағаға емін-еркін, кез-келген қалаған затын алып бере алатындай болу үшін кәсіпкер боламын деп шештім. Менде үлкен мотивация болды. Көбісі  мотивацияны көшеден іздеп жүреді ғой. Мен мотивацияны өзімнен тапқан адаммын. Маған біреудің берген мотивациясынан гөрі өзімнің алға қойған мақсаттарым құнды. Мақсатың биік болса ешқандай кедергіні көрмейсің дейді ғой. Дәл солай мақсат биік болғандық болар қиындықтар маған тосқауыл болған жоқ. 

 Кәсібіңіз жайлы тарқатып айта аласыз ба? Мемлекетке сіздерден пайда ма әлде , сіздер бюджеттің ақшасынан алғанды табыс деп есептейсіз бе?

Қазіргі кезде тендер саласы ең сенімді сала деп есептеймін . Себебі, басқа маркетплейстер сияқты ақшаңыз қайтпай қалу деген жоқ. Барлығы заң жүзінде келісімшарттар негізінде  жүзеге асады. Біз бюджетті экономдауға үлес қосамыз. Мысалы, бір затты алу үшін мемлекет 10 млн тг бөлді деп алайық. Оған поставщиктер қатысып бағасын 4 млнға ұтып алады. Сонда мемлекетке біз қайта 6 млн тг үнемдеп жатырмыз.

-Сіздің өмірлік қағидаңыз қандай?  Қандай ұстанымдарды өзіңізге серік етесіз?

Менің өмірлік қағидам - үнемі алда болу, даму. Себебі, кішкентай кезден жарыстарда тек 1 орын алып үйреніп, кез келген ортада бірінші болып жүретінмін. Идея келсе бірінші болып Сен істейсің болмаса біреу істейді! Мен көп тәуекел ететінмін. Алла Тағала тәуекел еткен құлдарын жақсы көреді дейді ғой. Аллаға аманат етіп, тәуекел қылып, сол ісімді қолымнан келгенше орындайтынмын. 

- Бала кезіңізде ата-анаңыздан естіген қандай сөздер жігерлендірді немесе жігеріңізді құм етті? 

Бала кезімнен ата-анам  маған көп үміт артып , сенім білдірді. Әрқашан қолдау көрсетіп, ақылдарын айтып отырды. Әлі күнге дейін кез-келген іс бастарда ата-анамның батасын алмай бастамаймын. Себебі, ата анамның қолдауы мен үшін қатты маңызды. 

- Аталмыш салада қандай жетістіктермен мақтана аласыз? 

 Тендер арқылы арман мақсаттарымды жүзеге асырып келе жатырмын. 1 жылда 3 машина алдым. 2022 жылы 250 млн оборот жасадым. 2022 жылы отау құрдым. Кез келген жақыныма қиналмай қымбат сыйлық ала алатын болдым. Осындай мүмкіндік берген Аллаға сансыз ШҮКІР.

- Сіздей маманның болуы бізге және елге қандай игілік әкелуі мүмкін? 

 Бұл сала арқылы қазір жұмыссыз жүрген жастар өздерінің бизнестерин 0-ден бастай алады. Мысалы, кез-келген бизнес бастау үшін қаржы талап етеді. Ең бастысы риск жоғары. Ал, біз тендерде қалай қай кезде тәуекелге бару керек екенін үйретеміз. Мемлекетпен сауда жасап үйренеді. Қарапайым Қытайдан уақытылы товор алу деген сияқты. Негізі, біздің Қазақстан басқа мемлекеттерге қарағанда жеке кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік беріп қойған. Мысалы, қарапайым  салықтың  өзі 3% ғана. Көп адамдар ИП ашудан қорқады. Бірақ, қарап отырсаңыз оның  беріп тұрған мүмкіндігі өте көп. Мысалы, ИП арқылы декретке 1.8 млнмен шығуға болады. ИПмен 5 млн мемлекеттік қайтарымсыз гранттарға қатыса алады. Мен сол мемлекет беріп отырған мүмкіндікті халыққа көрсеткім келеді.

- Негізі көздегеніңіз не? Қандай бағытта жұмыс жасағыңыз келеді? Болашақтағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз…

 Негізгі көздегенім - өзіме мықты тендермен айналысатын кәсіпкерлер жинап бір команда қалыптастыру. Болашақтағы жоспарым 2023 жылы 1000 табысты миллионер шығару 😊 Қазір осы бағыт бойынша нақты қадамдар жасаудамын. 

-  Жұмысыңызға қатысты есіңізде қалған қызықты оқиғаңызбен бөліссеңіз. 

Небір қызықты кездер өтті ғой :)   Соның бірін айтар болсам. 2018 жылы оқуға түскен кезде көп жұмыстар оқумен қатар істеп көріп жүрдім. Бір кезде екі  жұмыс қатар жасайтынмын. Бір күні курьер болсам, бір күн аспаз болып жұмыс істеген кездерім де болды. Бірде жұрттың бәрі жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр, ал мен болсам дәл 31 желтоқсан күні барлығы мерекелік күшті көңіл күймен жүрсе түнгі 1-де мен әлі пицца тасып жүрмін. Осы оқиға өзіме қатты  әсер етті. Үйге барып ойландым. Мен осылай жүрсем қашан көтерілемін деп. Сол күннен  кейін ол жұмысқа шыққан жоқпын. Өзімнің жинаған ақшама тағы ақша қосып барахолкадағы Алатау базарынан музыкалық  аспаптар сататын дүкен  аштым. Алғашқы бизнесім болғандықтан,  басында қызық болды. Кейін менде тұрақты тұтынушылар пайда бола бастады. Байқасам,  келушілер менен тауарды тендерге деп алатын. Сонымен сол кездерде карантин басталып, базарларды екі  аптаға жауып тастағандықтан,  ол кәсіпті жабуыма тура келді.  Не істесем болады деп көп  ойландым. Менен алып тауарды тендерге өткізсе яғни пайда көріп жатыр ғой деген ой келді. Сонымен базардағы точкамды жауып, тендер саласымен айналысамын деген шешімге келдім.

- Сұқбатыңызға көп рахмет! Жас болсаңыз да білгеніңізбен бөліскеніңізге ризамыз. Оқырмандарға тілегіңіз болса. 

 Не нәрсе бастасаңыз да, қорықпаңыз. Қолыңыздан келетіннің бәрін жасап көріңіз. Бәлкім қателесерсіз. Құларсыз. Ең бастысы, қайта тұрып ары қарай жүріп кетуге  талпыныңыз дегім келеді. еліміздің әрбір тұрғыны бай да, бақуатты бола берсін!

- Рахмет!

Сұқбаттасқан: НАЗИРА  БУРХАНОВА

Инстаграм: @burhanova.nazyra

#НәбиЕлдосӨмірсерікұлы

#НәбиЕлдос

#ЕлдосКӘСІПКЕР

#КӘСІПКЕР

#ТЕНДЕРАЛМАТЫ

#Алматытендермаманы

#жаскәсіпкер

0
0
1699

"Тойы көп үй"

Бұл қойылым еліміздің еңбек сіңірген әртісі, белгілі актер, театр және кино режиссері Мұрат АХМАНОВТЫҢ театрішіндегі шығармашылық апталығының аясында  кітаптың тұсауы кесілді. Сонымен қатар,  апталықты "Тойы көп үй" спектаклі ашқан болатын.  

көпшілікке белгілі Б.Мұқайдың  жақында ғана тұсауы кесілген «Тойы көп үй» пьесасы да М.Ахмановтың шеберлігін танытқан кезекті туындылардың бірі болды.
Көрерменді күлдіре отырып жылатқан бұл қойылымда  қоғамдағы көптеген түйіткілдер көрсетіледі. Мұнда тағдыры қарама-қайшы кейіпкерлердің басы бір туындыда тоғысқанын көруге болады.  бір сәбидің иісіне зар болып жүрген отбасы мен баласын көшеге тастаған  ана, өз күйеуінен жерініп, өзгенің жарына ортақтасқысы келген  келіншек, баласы бақпағандықтан  жалғыз  қалған кейуана және көшеде қалған қарттың тағдырларының тоғысы жан-жақты қарастырылған.

Бұл спектакль  көрерменге үлкен ой салары анық. Шаңырағынан қонақ үзілмейтін Заңғардың  отбасының аясында өрбитін оқиғалар желісі келген көрерменін бей жай қалдырмасы сөзсіз. Ендеше, театрға асығыңыз, ағайын!

Дайындаған: НАЗИРА  БУРХАНОВА

Инстаграм: @burhanova.nazyra

0
0
869

Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті

Соның бір дәлелі  - жақында Алматыда алғаш рет  өткен Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі. 

Көрсетілім белгілі дизайнер Сәния Ілиясованың "87.7" коллекциясымен ашылды.  

Көрсетілім үшін  Алатаудың бөктеріндегі  SADU Hotel  мекен жайы таңдалған екен. 

Бұл көрсетілім тек қана отандық топтамалармен шектелген жоқ. Сонымен қатар,  шетелден де атақты дизайнерлер өз коллекцияларын ұсынған болатын. Көрсетілім барысында, шоу бағдарламасы да өз деңгейінде өтті десек болады. 

Көрсетілімнің арнайы қонағы ретінде  эстрада бағытындағы әнші Айри шақырылған болатын. Айри  қызымыз құлақ құрышын қандыратын  әуезді үнімен келген қонақтарды елітіп әкетті. Жанды және интерактивті музыканың арқасында көрсетілім әсерлі өтті.

Айта кетерлік жайт,  кәсіби  модельдер әдемі жүрістерімен бұл көрсетілімді одан сайын әрледі. Модельдер өз жұмыстарын жақсы атқарып шықты.

Көрсетілім соңында, "Asia SPA" орталығы ұтыс ойын жасады. Фуршет, профессионалды фотограф, видеографтардың арқасында бұл көрсетілім керемет деңгейде өтті. Келген көрермендердің қуанышында шек жоқ болды десек артық айтқандық болмас. 

SFW ұйымдастырушысы Айгүл Зайнуллина

Жобаның келесі маусымы жергілікті маркалармен толтырылады деген үміттеміз. Қазақстанда тігуді біледі, бізде назар аударуға және дамытуға лайықты, керемет, дарынды дизайнерлер бар. Тұтынушы дайын, демек нарықтық ұсыныс болады.

Дайындаған: НАЗИРА  БУРХАНОВА

Инстаграм: @burhanova.nazyra

#SistersFashionWeekend

#SistersFashionWeekendАлматы

0
0
437

Түрік асханасындағы өсімдіктер дәмді әрі пайдалы

  1. ТҮРКИЯНЫҢ БАҚЫТ ЖАҒАЛАУЫ ҚОНАҚТАРДЫ ТЫНЫШ ПЕЙЗАЖЫ МЕН АТМОСФЕРАСЫМЕН, ДӘМДІ ЗӘЙТҮН МАЙЫМЕН, ШАРАП ЖАСАУ ӨНЕРІНІҢ БАЙ МҰРАСЫМЕН ЖӘНЕ КӨКӨНІСТЕР ҚОСЫЛҒАН АСПАЗДЫҚ МӘДЕНИЕТІМЕН ҚАРСЫ АЛАДЫ. БҰЛ АСХАНАНЫҢ ЕҢ ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАРЫ ТҮРКИЯНЫҢ ҚҰНАРЛЫ ЖЕРЛЕРІНЕН АЛЫНҒАН ШӨПТЕРДЕН ЖАСАЛҒАН ЕРЕКШЕ РЕЦЕПТ БОЙЫНША ҰСЫНЫЛАДЫ. БҰЛ КЕРЕМЕТ ӨСІМДІКТЕР ДӘРУМЕНДЕР МЕН МИНЕРАЛДАРДЫҢ ЖОҒАРЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕМДЕУДІҢ БІРЕГЕЙ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ НАЗАР АУДАРАДЫ. ОСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘЛЕМДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ӨСІМДІК ФЕСТИВАЛІН ОСЫ АЙМАҚТА ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ.

Дәрілік шөптер: табиғаттан дастарханға дейін
Жасыл қымыздық, «Cibes» шөбі, берекелі ошаған, самфир, аскөк, асқабақ гүлі, одуванчика, қалақай және малла… Бұл шөптер, олардың көпшілігі ерекше атауларымен белгілі, Эгей жағалауындағы ең танымал шөптердің бірі.

Жасыл қымыздық (Kuzu Kulağı) түрік тілінде «қозы құлағы» деп аталды, себебі ол қозы құлағы сияқты. Қышқыл дәміне байланысты бұл емдік шөп әдетте салаттарда, сорпаларда және нан пісіруде қолданылады. Оны зәйтүн майында да пісіруге болады. А және С дәрумендері, сондай-ақ кальций, калий, магний және фосфорға бай өткір шөп – жасыл қымыздық денені нығайта отырып, көптеген ауруларды емдейді.

«Cibes» (Cibes otu) шөбі – қырыққабат пен гүлді қырыққабатты кесіп, жинағаннан кейін топырақта қалған тамырдан өсетін аймақтағы ең танымал шөптердің бірі. Көбінесе зәйтүн майы мен лимонмен пісірілген және қызмет ететін теңіз шөптері кез-келген балық үстелінде міндетті болып табылады. С дәруменінің жақсы көзі болып табылатын теңіз шөптері ас қорыту жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.


Берекелі ошаған (Шевкет-и Бостан) дәрумендер мен минералдарға бай, еті ақ түсті, жапырақтары мен тікенектері бар. Зәйтүн майына қуыруға болатын бұл шөп дәстүрлі түрде қой етімен және арнайы дәмдеуіштермен бірге беріледі. Шөптің атауы арабтың «тікен» дегенді білдіретін «шевкет» сөзінен шыққан деген болжам бар. Шөптің атауы түрік тілінен аударғанда – «бақша тікенегі».

Эгей теңізінде көп өсетін самфир (Deniz Börülcesi) ауызға тұзды және қышқыл дәм қалдырады. Теңіз суында өскендіктен атауын алған самфир Эгей дастархандарында салат ретінде беріледі. Шөпті ыстық суға қайнатқаннан кейін бірден салқын суға салып қойса, жақсы піседі және балғын болып қалады. Самфирге әдетте зәйтүн майы, сарымсақ және лимон қосылады.
Аскөк (Arapsaçı) қатты анис хош иісіне ие және оның бұталы және раста тәрізді көрінісіне байланысты түрік тілінде «шатасу» деген мағына береді.Римдіктер кеңінен пайдаланған аскөк дәмдеуіштер мен қой етінен жасалған тағамдардағы маңызды ингредиент болып табылады. Аскөк әдетте лимон мен зәйтүн майы қосылған салат ретінде жейді, бірақ оны жұмыртқамен де пісіруге болады. Жөтелді басу қабілетімен танымал аскөк жапырақтарын кептіріп, шайға қайнатуға болады.
Асқабақ гүлдерінің долмасы (Kabak Çiçeği Dolması) – түркі асханасына тән тағамдардың бірі. Тағамға атын берген асқабақ гүлдері таңертең ерте, толық ашылып, күнге күйіп кетпей жиналады. Оларды пісірердің алдында тазартып, үстелдерге қояды. Асқабақтың қызғылт сары-сары гүлдері А, С және В дәрумендеріне бай.

Шаян мен балықтан жасалған тағамға таптырмас дәм – бақбақтың орны бөлек. Бақбақ құрамында А және С дәрумендерінің, темірдің, кальцийдің және калийдің көп мөлшері бар және оны емшілер ежелден ішірткі ретінде қолданған. Бақбақ дәстүрлі түрде жапырақтарды қайнатып, лимон мен зәйтүн майымен бірге дайындайды. Оны қайнатып, йогуртпен араластырып беруге не жапырақтарын кептіріп, шөп шайын жасауға болады.

Қалақай (Isırgan Otu) Эгей теңізінде ең көп тұтынылатын шөптердің бірі және көптеген емдік қасиеттері бар. Бұл шөп түрік тілінде «қалақай» деген атпен белгілі, өйткені ол терінің тітіркенуін, қышынуын және қолын тигізгенде күйдіреді. Сондай-ақ, римдік сарбаздар денелерін қалақай жапырақтарымен ысқылап, суықтан аз зардап шеккені белгілі. Қалақай көбіне кондитерлік өнімдер мен сорпаларда тұтынғанды ​​жөн көреді.
Маллоу (Ebegümeci) – Эгей аймағында табиғи түрде өсетін әдеттегі көктемгі шөп. Ежелгі Грекия мен Рим дәуірінен бері тұтынылатын бұл пайдалы өсімдік қуырылған күйде жейді. С дәрумені мен антиоксиданттарға бай маллоу суық тиюді емдеу үшін шай ретінде де қолданылады.

0
0
506

Стамбұлда «Teknofest-2023» басталды

 Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған.

“Технофесттің” негізгі мақсаты – қазіргі қоғамда технологияға деген қызығушылықты арттыруды және Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Биылғы фестивальдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған түрі көпшілікке көрсетілді. Ірі авиациялық шоуға әсіресе мектеп оқушыларының қызығушылығы зор. Фестивальға отбасымен серуендеп келгендердің де қарасы көп.



Ғылым мен технологиялық өндіріске арналған мереке 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында Стамбұлдың Ататүрік әуежайында, ал Анкарада 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтеді.

0
0
426