Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған бірнеше стартап жобаның таныстырылымы туралы

Экологиялық ахуалды жақсарту қашан да актуалды. Біздің еліміз ғана емес бұл ғаламдық мәсвеле болғандықтан адамзат баласын толғандырары анық. Соңғы кездері елімізде экологиялық мәселелердің шешімін табуға қатысты жақсы жобалар жүзеге асып келеді. Осы ретте, EFES компаниясы және MOST Start Path Entrepreneurship Program өздерінің инкубациялық бағдарламасы үшін greentech&climate стартаптарын таңдап, олардың идеяларын жұмыс істейтін өнімге айналдыруға көмектескен болатын. 2022 жылдың 1 қазаны мен 2023 жылдың 14 маусымы аралығында 10 ай ішінде стартаптарға арналған тәлімгерлік бағдарламалардан өткен 133 өтінімнің ішінен 20 жоба таңдалды. Финалға 8 команда шықты дейді ұйымдастырушылар.

Жақында Алматыда экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған бірнеше стартап жобаның таныстырылымы өтті. Таныстырылым барысында кейбір жобалар сәтті және керек деп танылып, ұтысқа ие болды.

Efes Kazakhstan Маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Еркан Алп:

«Бұл инкубациялық бағдарлама Қазақстандағы стартап экожүйесінің жасыл технологиялар саласындағы әсерін арттыруға көмектеседі. Efes компаниясы бұл бастамадан Қазақстанның үлкен болашағын көреді. Біз мемлекет пен бизнеске пайда әкеліп қана қоймай, аймақтың экологиясын сақтауға нақты үлес қоса алатын айналмалы экономикаға сүйенеміз. Жобаны жалғастыру және greentech&climate стартаптар саласындағы қатысушылардың санын кеңейту бойынша алға қойған жоспарларымыз бар».

«Эфес Қазақстан» компаниясы Қазақстан нарығында 25 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Қарағанды, Алматы қалаларында екі зауыты жұмысы істейді. Компанияда 1000-ға жуық қызметкер бар. Компания «Anadolu Efes» сусын компанияларының көпұлтты тобының бөлігі болып, өз кезегінде AB InBev сияқты жаһандық сыра нарығындағы ірі ойыншылармен бірігіп, қуатты жаһандық сыра қайнату концернін жасайды. Anadolu Efes Түркияда, Шығыс Еуропада және ТМД елдерінде сыра мен алкогольсіз сусындарды өндіруге және сатуға маманданған. «Анадолу Эфес» Түркиядағы сыра нарығында көшбасшы болып табылады, сонымен қатар Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде өзінің сыра қайнату зауыттары бар.

Most Ventures басқарушы серіктесі Әлім Хамитов:

«Бұл жәй ғана акселератор емес. Efes компаниясымен бірлескен жоба бір жылға жуық уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде біз әр түрлі іс-шаралар өткіздік. Жас жігіттер мен қыздар идеялармен келіп, дайын MVP-лерді иеленіп кетті. Мен оны Impact акселераторы деп атаймын, өйткені барлық қатысушы стартаптар greentech&climate саладан болды. Бұл саланың өзі өте күрделі, әсіресе экомәдениет әлі қалыптасып келе жатқан біздің нарықта енді дамып келеді. Алғашқы стартаптар тобына сәттілік тілейміз. Олар жасыл технология бизнесін монетизациялау жолындағы алғашқы қадамды жасап үлгерді»

#EFESкомпаниясы

#MOSTStartPath

0
0
488

Осы тақырып бойынша

Экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған бірнеше стартап жобаның таныстырылымы туралы - Yvision.kz