Мазмұнға өту
Nazym93
Nazym93

Назира Бурханова

@Nazym93

Сайтта 2012 ж. 20 мамырКазахстан, Алматы

Тұрсын Назым

рейтинг

106

жазбалар

517

пікірлер

7

тіркелуші

11

жазылымдар

7

Жердегі мекенді жұмаққа айналдыру, тозаққа да айналдыру өз қолымызда

Бүгін бізде қонақта - ФАРИЗА БАЙЕЛI. Продюсер, PR маманы. 100 тұлға медиа саласында жасақтаған маман. 500-ге жуық компаниямен жұмыс тәжірибесі бар. 

-Сіз медиа саласында біраз жыл жұмыс істедіңіз. Қазір қай салададасыз? Немен айналысасыз? Осы жайында өзіңіз  тарқатып айтып берсеңіз.                                                                                                                                                                                                       -Расымен де, мен қаншама жыл бойы медиа саласында қызмет еттім. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдары саласына 16 жасымда келдім.  Ең алғаш  "Ақ жол" Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газеті,  "Тараз тынысы" қалалық газеті арқылы менің журналистика жолым бастау алды деуге болады.  Кейін бірсыпыра мақалаларым республикалық "Егемен Қазақстан" газетінде де жарық көрді. Әрине, ішімдегі шығармашылық ізденіс мені одан кейін телеарнаға алып келгені рас. Қазір бәрін тізіп айтпай-ақ қояйын, қысқаша айтқанда еліміздегі көптеген телеарнаның тыныс-тіршілігімен таныс болып, жұмыс істеген жайым бар. Соңғы жылдардағы жұмысымда айтатын болсам, "Қазақстан" телеарнасына ұсынылған  "Сенбілік таң" ақпараттық-танымдық бағдарламасына продюсерлік еттім. Бұл жобада мен екі жылға жуық уақыт жұмыс істедім. Сол уақыт аралығында елімізге танымал 64 зиялы қауымның үйіне барып, кейіпкерлерімізді тұлғалық тұрғысынан, адам ретінде табиғатын кейіпкерлерге толықтай ашуға тырысқан болатынбыз. Аталған жоба толықтай менің ұжымым арқылы жүзеге асты. Сонымен қатар, қыз-келіншектерге арналған "Сырласу"  журналында шеф-редакторлыққа дейін көтерілдім.                                                                         Ал, дәл қазіргі кезде немен айналысп жүрсіз деген сұраққа оралар болсам, журналистикадан алысқа кеттім деп айта алмаймын. Себебі, 2013 жылы "Baiely" атты өзімнің жеке PR компаниямды ашқан болатынмын. Басында әншілерден бастадық. Шамамен 50-ге жуық әншінің халыққа танылуы үшін  аянбай еңбек еттік. Өнер адамдарының шығармашылығын дамыту, оларды белді телеарна, газет-журнал, сайттарға шығару, сұқбат беруін ұйымдастыру, концерт, бейнебаяндарын жоспарлау, т.б. жалпы, қысқаша айтқанда, жұлдыздардың пиарымен айналысқан едік. Сонымен қатар, кәсіпкерлермен де жұмыс жасадық. Өйткені, кәсіп бастау, қаржылық сауаттылық, ақшаны дұрыс бағытта жүйелеу сияқты тақырыптар қашан да қызық. Ал, қазіргі кезде еліміздегі түрлі салалар бойынша эксперттермен жұмыс істеп жүрміз. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаландырумен айналысамыз десем болады. Қазіргі кезде жеке бренд деп жатамыз ғой, яғни, өз ісінің хас шеберіне айналған жандардың жеке қабілеттерін ашу, қоғамға таныстыру бағытындағы жұмыстар.  Өкінішке қарай, қоғамда жұлдыз десе, бірден әншілер елестейтіні рас. Бірақ, менің ойымша бұл стереотип. Мысалы, дәрігер, ұстаз, т.б. белгілі бір істің хас шебері өз саласының нағыз жұлдызы мен үшін. Яғни, жұлдыз болу үшін өнер адамы болуы шарт емес. Біз 90-жылдың ұрпақтарымыз ғой. Байқайтыным, осы біздің замандастарымыздың көбісінде психологияда "синдром самозвонца" деп атайтын синдромға жиі ұшырайды. Ол деген ауру емес, дегенмен, өз жұмысын, өзінің тұлға ретінде өсуін бағаламау, өзін құнсыздандыру. Бұл нәрсенің шешімі ондай кісілерге өзін жақсы маман ретінде қабылдау, үнемі дамыту, тұлғалық қалыптасуын бағалау деп ойладым да оы бағытта жұмыс бастап кеткен болатынмын. Аллаға шүкір, күн сайын тұтынушыларымнан алғыс естіп, еңбегімізщдің нәтижесін көріп қуанып жүргенімді жасырмаймын.

- Қазіргі кезде кочтар "өзіңді дамыт" деп жатады. Бәрі дамуға бет бұруда. Ал, сіз өзіңізді қалай дамытасыз?  

- Дұрыс айтасыз, даму керек. Даму ұғымының ауқымы кең. Әлем бір орнында тұрмайды. Сондықтан, адам да заманға қарай әрқашан өзін дамытып отыруы керек секілді. Жалпы, осы он сегіз жасымда түсінгенім: өзіңді іздеп емес, құрастырып алу керек екен. Ақыл айтатын жаста болмасам да, ойымды іште сақтап қалғым келмейді. Негізінде, өзіңді жасап алу деген алғашқыда оңай нәрсе секілді естіледі. Алайда, оның бір сәттік емес, толық өміріңе татитын жұмыс екенін іске шындап кіріскенде ғана ұғынасың. Яғни, бұл дегеніміз, ерте демей, кеш демей әрдайым даму үстінде болу. Дамимын деп шешкен адамға бірінші “Даму үшін не істеуім керек?” деген ой келері сөзсіз. “Даму деген қалай сонда?” деп те түсінбей қалатындар болуы ғажап емес. Менің ойымша даму – ол біріншіден өзіңізді түбегейлі тану, қабілеттеріңіздің бәрін толықтай ашу. Иә, сіз қате естіп қалмадыңыз.  Бұл ғаламдағы әрбір адамның бойында жоқ дегеннің өзінде бір дарын бар. Ал, өз ішіңе дұрыстап үңілетін болсаңыз, бірдің бірнешеуін тауып алуыңыз мүмкін. Ғаламда біршама адам өз арманындағы өмірге жете алатын мүмкіндіктерді елемей, “маған осы да жарайды” деп өмір сүріп жатыр. Бұл, әрине қынжылтатын жайт. Сонымен, дамуға күш салмай, өзін қолға алмай жүрген адамдарды — өзін бағаламай жүрген жандар деуге болады. Даму деген сонымен бірге, уақытты тиімді өткізу. Даму жолында саған көптеген есіктер ашылып, адам сенгісіз жетістіктерге жетеріңізге кепілдік бере аламын. 

- Сіз үшін өмірде не маңызды?                                                                                                                                                                          -Мен үшін ең әуелі, әрине он екі мүшем сау болып, миымның дұрыс жұмыс жасағаны маңызды, құлағымның естігені маңызды, көздерімнің жарық дүниені көргені маңызды, екі аяғымның жер басып жүргені маңызды, қолдарымның  жұмыс істей алуы  маңызды. Алла риясыз күле алатын қылып адамды ғана жаратқан . Сондықтан, шынайы күліп, жүруім, жүрегімнің тыныш болуы, жақындарымның амандығы мен елімізде бейбітшілік болуы маңызды.  Қазақта “Жақсы сөз айт, болмаса үндеме” деген де тамаша сөз бар. Даму жолындағы тағы бір маңызды мәселе осы. Ойымды негативтен  тазартып, назарым мен көңілімді  тек қана позитивті ойларға бөлу мен үшін аса маңызды дер едім.  Барлық адамдардан, барлық нәрседен тек жақсыны көруге тырысамын. Былайша айтқанда, әр нәрсенің жақсы жағын көріп, керек емеске жай ғана мән бермеуге күшмді саламын. Себебі біз не ойласақ, не айтсақ соны өзімізге тартамыз. Яғни, сол нәрсе шынында да өмірімізден орын алатын болады мен соған қатты сенетін адаммын. Өмір болған соң түрлі  жағдайлар болады. Жердегі мекенді жұмаққа айналдыру, тозаққа да айналдыру өз қолымызда. Сондықтан да, өзімізді шынайы бақытқа жетелер осындай өзі кішкентай мекенімді ашуға, ызаға, жеккөрушілікке толтырмауым керек  сияқты.  

 - Бала Фариза кім болғысы келді? Армандарыңыз қаншалықты орындалды? Арманның орындалуы үшін не маңызды деп ойлайсыз? 

-Негізі мен жазғанды, қолыма қалам ұстағанды, көпшіліктің алдында сөз сөйлегенді жақсы көремін. Кішкентайымнан журналист болуды армандадым. Әнші де болғым келген кездер өтті. Сол бала арман мені адастырмады.  Алла тілеуімді беріп, бүгінде шығармашылық еңбегімнің жемісін көріп жүргеніме шүкіршілік етемін. Сіз білесіз бе, жұмысым көпшілікпен тығыз байланыста болған көптеген адамдармен сұқбаттасамын, таныс боламын ғой. Сондай  журналист болуды өмір бойы армандаған, бірақ мақсатына қол жеткізе алмаған көп адамдармен жолығып қаламын. Сондай кезде, шүкіршілігім одан сайын артып кететінін жасырмаймын.  Менің ойымша, арманға  қарай жүру, әрекет ету маңызды. Қазір көп жерде армандаудың пайдасы мен тегіндігі жөнінде айтылып та, жазылып та жатады. Әрине, арман-мақсат құруыңызға ешкім қарсы болмайды. Бірақ сол мақсаттардың орындалуы үшін қаншалықты еңбек етеміз? Құр қағазға жазып, фотосын жабыстырып қойғанмен шаруа шешілмейді. Сондықтан да барлық нәрсе ойыңыз бен әрекетіңіздің үндесуінде! Егер тегін армандардың сызбасын сызып тастап, аяқты аспанға көтеріп «көк тиын» таппай, еңбектен қашып жатсаңыз, әрине ол «сызбалар» мәңгі сызба күйінде қалады. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Сондықтан, оны өкінбейтіндей, есте қалатындай етіп өткізу керек. 

Менің ойымша, өзіңізді сынап көру арқылы ғана шынайы мүмкіндіктеріңіз қандай екенін бағалауға болады. Егер мақсат және оған жетуге құлшыныс болса, онда арманға қарай бірінші қадам жасаудан қорықпау керек. Жағдайлардың сізге қарсы болып тұрғанына қарамаңыз, олар өзгеруі мүмкін. 

Сәтсіздіктерден қорықпау да маңызды. Бірінші, сәтсіздік жетістікке жету жолындағы бірінші баспалдақ болуы мүмкін, сондықтан, үмітіңізді үзбеңіз. Қажет жұмыстарды ештеңеге қарамастан атқара беру керек, олар міндетті түрде нәтиже көрсетеді. Күтпеген жерден болуы мүмкін, бірақ ол жаман болмайды. 

Өз-өзіңе адал болу да керек нәрсе. Әркім өмірде маңызды деп санайтын нәрсені таңдауға құқылы, бірақ өз-өзіңе адал болу қашан да қымбат екенін есте сақтау қажет. 

- Сіздің ойыңызша біздің қоғам қандай? Қоғамға өзгеріс керек пе? Керек болса қандай өзгеріс қажет?                                                              

- Қазіргі қоғамда қордаланған мәселе көп. Байқайтыным сын да көп. Ең қызығы, сын айту оп-оңай да өзгеріске үлес қосу, шешімін көрсету қиын. Расымен де, мәселенің түйінін тарқатуға келгенде ешкім жауап­кершілікті мойнына алғысы келмейді. Қоғам өзгерісті қалайды. Бірақ, өкінішке қарай  ешкім өзінен бастағысы келмейді. Билік өзінен-өзі өзгере салмайтыны белгілі нәрсе ғой. Сондықтан, қоғамды  өзгерткіміз келсе, өзімізден бастауымыз керек. Иә, өзіңді-өзің тәрбиелеу оңай дүние емес екені рас. Алайда, адам баласы кез-келген затты және іс-әрекетті өзіңнен бастау керек екені анық. Дегенмен де біздің қазіргі қоғамда адамдар өзін-өзі тәрбиелеуге аса назар аудара бермейді.  «Тәрбиесіз алған білім- адамзаттың қас жауы» деген атам қазақ ендеше кез- келген адам өзін-өзі басқаруы, бақылауы қажет. Себебі, адам өз іс-әрекетіне үнемі есеп бере бермейді. Сондықтан да, өмірде көптеген қателіктерге тап болып жатамыз. Бұл дегеніміз адамдардың өз –өзіне аса мән бермеу, яғни әр адамның жүріс –тұрысы, көзқарасы, пікірі болады. Адам болған соң қоғам болады. Қоғамда әртүрлі адамдар да болады. Сол себепті барлық зат біз ойлағандай бола бермейді. Өмірде жақсы–жаман бірге жүреді соны ескере отырып, өзіміздің жүрген ортамызды табу яғни адам баласына сен жүретін ортаныңда әсері қоғамның да әсері зор. Сондықтан да қоғамды өзгерткісі келген  адам  өзінен бастау керек. "Мен кіммін? Қалай киінем? Қалай жүрем, кіммен жүрем? Қалай сөйлеуім керек? Осы өмірде менің қалағаным не?" деген сияқты сұрақты адамның өз-өзіне қоюы маңызды.  Сенің көзқарасың ол сенің өмірің. Қоғамға, адамға деген ізгі ниет жылы қабақ мейірімділікті басшылыққа алсаң өзіңді де, өзгенің де өзгеруіне көмектесе аласың деген ойдамын. 

  - Сіздің өмірлік миссияңыз не  деп ойлайсыз? 

Білесіз бе, бізді бала кезден қарапайым болуға, қонақжайлыққа үйретеді, тұрмысқа шығып, бала болуды арман етуіміз керек деп тәрбиелейді. Барлығын күйеу, туыс  үшін істеуіміз керек, мансап жайлы көп ойланбаған жөн деп өсіреді. Менімен сөйлескен қазақстандық және қазақстандық емес адамдар осылай  айтатын. "Қалыпқа сыймайтын қазақ қызы" деген лақап ат берді.

Кейде ойым мен көзқарасымды білдіргенде "Қазақ қыздан мұндай нәрселерді есту үйреншікті емес" деп айтатын. Көп қазақ қыз-жігіттері  еркін емес. Дәл осы позициям оқырмандарыма қызық және осы үшін олар менімен бірге. Ал, мен адамдарды еркін болуға, өз таланттарын ашуға, мүмкіндіктерін көруге насихаттаймын. Ең қуанатыным, менімен жұмыстан соң көптеген маманда сенімділік қалыптасып жатады. Мен оқырмадарыма өз қалауларынша өмір сүруге болатынын көрсетемін, қоғам бізге таңып қойған стереотиптерден, отбасы мен туыстардың ойынан арылуға көмектесемін және ең бастысы, оларға еркіндіктің есігін айқара ашамын. 

 - Блогерлік журналистиканы басуы мүмкін бе?                                                                                                                                       -Блогерлер алдағы уақытта дәстүрлі БАҚ-ты ақпарат алаңынан ығыстыра ала ма  деген пікір талас соңғы жылдары қатты талқыланып жүр. Бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім дағдарысы бүкіл әлемдегі журналистикаға төнген сынақ десек қателеспейміз. Аудитория дәстүрлі медиадан гөрі тәуелсіз блогерлер мен әлеуметтік желілердегі қауымдастықтар тарататын ақпаратты тұтынатынын көріп жүрміз. Дегенмен, әлеуметтік желідегі қысқа стримдер газеттегі немесе телеарнадағы журналистің оқиға орнынан жүргізген жедел тікелей репортажын ауыстыра алмайды. Блогерлік коммерциялық бағытта жұмыс істейді. Ал, журналистика бұл мамандық, сондықтан журналистиканың салмағы ауырлау. Көпшілігінде блогерлер белгілі бір жас шамасындағы шектеулі аудиторияға арналған ойын-сауық, демалыс сипатындағы контентті шығарып, таратады. Ол контенттің сапасы көңіл көншітпейтін кездері көп. Яғни блогерлердің кәсіби журналистикамен ортақ белгісі жоқ. Журналистің міндеті бөлек, ол кәсіби міндеттерін атқару үшін өзге тәсілдерді қолданады. Өйткені оның жазған, дайындаған материалы құнды болып, оқырман мен көрерменге ой салуы, белгілі бір мәселеге қатысты ұстанымын қалыптастыруға жетелеуі тиіс. Ал, блогерлікте көбінесе, "от себятина" басым, яғни, субъективтілік көп кездеседі. 

-Сіздің ойыңызша болашақта қандай мамандықтар трендте болады?                                                                                                                  - Болашақта it, биотехнология, медицина және әрине, шығармашылық салалардың барлығы трендте болады деп ойлаймын.  Мамандардың айтуынша, ең алдымен робототехника көлік және жүк тасымалы саласына енетін көрінеді. Жүргізушісіз көліктердің пайда болуына орай өндірістегі монтаж-құрылыс, кен өндіру  салалары біртіндеп адам күшіне тәуелділіктен арылады. Бірақ білім, өнер, шығармашылық, іздену, сараптау салалары адамдар еншісінде қала бермек. Оған «жасанды» интеллекттің шамасы жетпеуі мүмкін. Өйткені, бұлар адамның ойы мен көзқарасын, креативтілігін талап етеді.  Тағы бір баса айтатын мамандықтың бірі жеке бренд-менеджер. Қазіргі пиар-менеджерлері сияқты белгілі біреу туралы басқалар арасында жақсы ой қалыптастыруға тырысады. Қазірде мұндай жұмысшы жұлдыздарда ғана болса, болашақта әр адамның өз бренд-менеджері пайда болады. Дегенмен, жасанды интеллект дәуірі келе жатыр дегенмен,  роботтардың иелігіне өтетін салаларда адам мүлде жұмыс істемейді деуге болмайтын шығар. Бүгінде адам мен адам арасындағы бәсекелестік ортада өмір сүріп жатсақ, таяу болашақта адам мен «жасанды» адам бәсекеге түседі. Осы алаңда тек білімді, жаңалықтарға тез бейімделгіш, өзгерістерден қорықпайтындар ғана еркін жүре алады.

-Қоғамдағы қандай стереотиптер сізге ұнамайды?                                                                                                                                         - Білетінім, мені сыртымнан мәнсап қуған адам деп ойлайды көбі. Жалғыз жүрген қыздардың бәрі бірдей саналы түрде қызмет қуып жүрмегенін қайдан білсін? Бірақ, мен "жұрт мен туралы не ойлайды" деп басымды қатыратын адам емеспін. Кейде "Неге тұрмысқа шықпайсың?" деп бетіме айтпаса да, сыртымнан айтататын естіп қаламын. Өмірлік таңдау болған соң жан-жақты ойланып шешім қабылдауым керек. Оған өзімнен басқа ешкімді араластырғым келмейді. Бұл қоғамдық қысым. Менің ойымша, ешкім-ешкімді  "неге ерте, неге кеш тұрмыс құрдың" деп кінәламау керек. Себебі, оның жауабын білетін адам жалғыз өзі болып, бөліскісі келмеуі мүмкін, не жауабын өзі де білмеуі мүмкін. Ал, өзіме келер болсам, Алланың бұйыртқан уақытында болады деп ойлаймын. Сәті түссе, тұрмысқа шығу үшін бір күннің өзі жеткілікті сияқты. Дегенмен, отбасын құру  мен үшін - үлкен жауапкершілік. Үлкен дайындықты қажет етеді. Дайындық деген ол тек физиологиялық деңгейдегі жетілу емес қой.  Әйел де адам, тұлға. Ол да қоғамға өз пайдасын тигізгісі келеді. Адамның өмірлік мақсаты алуантүрлі. Біреулер отбасы үшін жаралса, екіншілері ғылым мен білім қуып кетеді. Өмір сүрудің бәріне ортақ формуласы жоқ. Сонысымен де қызық. Отбасы мен карьерамды қатар алып жүргім келеді. Жалғыз жүрсем, тағдыр болар, мүмкін өз таңдауым.  Сондықтан, басқалардың менің таңдауыма құрметпен қарағанын қалар едім. Жалпы, бұл жерде жеке шекара мәселесі де бар. Мөр басылған құжат ештеңе шешпейді. Сен адамды жақсы көрсең, онымен бірге өмір сүрсең, бұл сенің міндеттерің азаяды деген сөз емес. Адамның алдындағы міндеттер мөр басылған құжатпен шектелмейді. Той, ресми неке адамдардың қарым-қатынасын өзгертуі тиіс, жауапкершілікті, сезімді ұлғайтады деген пікірдемін. Бақытты отбасы дегеніміз  - алдымен өзіңнің тәуелсіз болуың. Сен өзің дамыған, әрекетіңе жауап бере алатындай, өзіңді таныған адам болуың тиіс. Сол адамсыз да бақытты әрі тәуелсіз бола алу, құпия осында жатыр. Екі толыққанды адам бір-бірімен жолыққанда бақытты болады. Бізде өмір біреу ғана. Өмірге өзгелер таңып қойған, я болмаса, қоғам ұсынған рөлді орындау үшін емес, өзіміздің қойған мақсаттарымызға жету үшін келдік. Егер ол үшін қалыпты стереотиптерден арылу керек болса, оларды жою керек. Шын мәнісінде, қаншаға келсем де  бұл нәрсе мені алаңдатпайды. Басқалар не ойлайды, мені сынайды деген ойдан аулақпын, себебі маған өзімнің бақытым мен тұлға ретінде қалыптасуым маңызды.                                                                                                                                                                -Оқырмандарға айтар кеңесіңіз болса.                                                                                                                                                                   Өзіңді таны, өзіңді толықтай қабылда және жақсы көр. Жақсы көру деген не? Ол – өз-өзіңе деген сенімділік, өзіңе құрметпен қарау және өзіңді бағалау. Көбіміздің кежегеміз керіп тартып «жоқ, мен бұған лайық емеспін» деген түсінікпен көп нәрседен қағыламыз. Тіпті де олай емес, есіңізде болсын, сіз мынау дүниедегі ең жақсы нәрселерге, бақыт пен қуанышқа толығымен лайықсыз!

Өз-өзіңізді мүмкіндігінше көп мақтаңыз. Жақсы жасалған жұмыс үшін, дәмді дайындалған тамақ үшін мақтаңыз, бүгін темекі шекпегеніңізді мақтаңыз. Сәтсіз жағдайларды құлағыңыздан асырып жіберіп, нәрселердің тек жақсы жағын көруге тырысыңыз! Ұйықтар алдында тек жақсы дүниелерді ғана еске түсіруді әдетке айналдырыңыз.

 Қысқасы, өзіңізді жақсы көре білгенде ғана басқалар сізді жақсы көре бастайды. 

Қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген сөз бар. Кішкентай кезімде үлкендер үнемі «Жаман сөз айтпа, періштелер әумин деп қояды» деп айтып отыратын.  Мағынасын кейіннен түсіндім.  Адам өзін жақсы көруі керек. Өзін-өзі жақсы көру – эгоизм емес. Ол – Алла тағала сені қалай жаратты, соған разы болу, өзіңді бар болмысыңмен қабылдау. Өзіңе өзің ұнамасаң, басқаға «мені сүй, жақсы көр» деп айта алмайсың. Бірінші өзіңді қабылда. Сол кезде сені бүкіл әлем жақсы көреді. 

  - Кез келген қарапайым адам жеке брендтің иесі бола ала ма? Қалай нарыққа тез шығып кетуге болады?

Иә, әрине. Қазіргі кезде кез келген адам қарым-қабілетіне қарай жеке бренд қалыптастырып,  көпшілікке таныла алады. Осы жерде нарыққа тез шығудың 3 жолын  айта кетейін: 

1)  Сіз әлеуметтік желідегі  парақшаңызда  (instagram, facebook, тик-ток)  өзіңіз жайында, қолыңыздан келетін іс жайында айтудан жасқанбау. Бұл жерде қарапайымдылықтың керегі жоқ. "Ел не дейді?" деген түсініктен арылып, қолыңыздан келетін кәсіп иесі ретінде танылдан бастаған дұрыс.

2)  Бағытыңызды анықтап алғаннан кейінгі әрекетіңіз: парақшаңызды ақы төлеу немесе бартер арқылы жарнамалаңыз. Оқырманы көп блогерлермен немесе танымал адамдармен коллоборация жасау да жақсы тәсіл. 

3)  БАҚ құралдарын қолдану және өте қоғамда белсенді болу. Қазіргі кезде бұқаралық ақпарал құралдары мықты күшке ие. Осы ретте, сізді және сіздің брендіңізді танытатын мамандардың көмегіне жүгінген абзал. "Шығы шықпай кіріс кірмейді" дейді ғой. Сондықтан, өзіңізге салған инвестиция өзін-өзі ақтайтыны және пайда алып келері сөзсіз.  

Сұқбаттасқан: Назира БУРХАНОВА   

(instagram: @burhanova.nazyra)

 #Baiely

#ФаризаБайелі

#Фариза_Байелі

#НазираБУРХАНОВА   

0
0
488

ToylaFest-тің қызықтары

Жақында Алматыда Toyla Music Festival өтті. Күн жаңбырлы болып тұрғанымен қарамастан қала тұрғындары мен қонақтары мұнда заманауи музыка тыңдап, шығыс базарын аралап, тағамдардан дәм татқан болатын. 

Фестивальдің басты демеушісі Jusan банкі шараға ерекше серпін берген ойын ұйымдастырды. Әсіресе, балалар үшін қызықты ойындар ұйымдасырылғаны мені қуантты.

Мен фестивальге қызым Айлинамен бардым. Балама карта ашып беруді ойымда жүрген еді. Қазір өзіміз де  күнделікті ақшаны қолма-қолдан гөрі картаны пайдаланамыз ғой.  Бала қолма-қол берілген  аұқшаны жоғалтып алуы немесе дұрыс қолданбауы мүмкін. Ал, карта болған кезде қызымның ақшаны қайда жұмсағанын бақылап отырамын, бұл өте ыңғайлы. Мен үшін ғана емес баланың өзіне де қаржылық сауаттылығын арттыруға көмекші құрал дер едім.  Фесивальдің арқасында өзіме де, қызыма да карта ашып алғаныма қатты қуандым. ЖАсы 8-де ғана болса да алғашқы банктік картасын қалай ашқаны қызымның да есінде мәңгілік сақталып қалады.

Осы жерде ойын ойнап, тапсырмалар орындағанымыздың өзі қызық болды. Барлық тапсырмадан ынта-жігермен өтіп, соңына келіп, өз сыйлығымызды алдық. Мынадай салқын ауа-райында қызым өзі суретін таңдап, Jusan картасы мен футболкасын жасатып алды. Ал мен термос ұтып алдым, енді жылы шәй ішетін болдық. 

Жусан банкінің картасын ашу арқылы қонақтар тек сыйлықтар ұтып қана қоймай, балмұздақ пен тәтті ватаны бар болғаны 1 теңгеге алу мүмкіндігіне ие болды. Сондықтан, Jusan алаңындағы қонақтар саны да әлдеқайда көп болды. Олар тәтті тағамдарды алып, арнайы шатырларға жайғасты.

Nivea бренді шара қонақтарына сыйлықтар таратумен қатар, әдемі макияж жасап шараның көркін қыздарды. 


Toyla Music Festival отандық өнімдердің ірі жәрмеңкесіне ұласып, музыкалық кешпен аяқталды. Шараға заманауи қазақстандық әншілер Dequine, Rusha, Kilemger, Ayau, Lili-мен қатар, британдық Hurts тобы да қатысты. Олар өздерінің хит туындыларын орындады. Фестивальдің көңілді өтуіне Алматыдағы толассыз жауын мен дауыл да кедергі бола алмады.

Ескерер бір жайт, Jusan Family картасын үйде отырып-ақ, қосымшаның көмегімен ашуға болады. Бір мезетте ата-аналар балалары үшін 3 карта аша алады екен. Балалар картасы қауіпсіз және  толығымен ата-ана бақылауында болады.

0
0
468

Шамал менің көзіммен

SHAMAL фестивалінің жарнамасын көргенде бірден бару керек еп шештім. Сонымен,  Шарыннан бір-ақ шықтық. Кегеннің тас жолынан бұрылып, ұлпа топыраққа белшеден борп еткенде таңғалғанымыз рас. Таудың баурайында жап-жасыл жайлау тұрғанда тақыр жерде нелері бар екен деген ой келгені рас. Ары қарай жүргенде байқағанымыз, “Айлы шатқалдың” ортасындағы жазықты жағалай түрлі-түсті мыңдаған шатыр мен киіз үйлерді жыпырлатып тігіп тастапты. 

Жақындай бере байқағанымыз,  дала қарақұрым адамнан көз сүрінеді. Біреулер биік жартастың басына шығып алыпты. Бір төбеде Қазақстанның туы желбіреп тұрғаны қуантты. Шатырларда біреулер медитация жасап жатыр, біреулер бизнес-ойын ойнап отыр, қолөнер шеберлері тұскиіз, шапан, сувенир, картина сатып отыр, үлкен шатырдың астында кәсіпкерлер тренинг өткізіп жатыр. Біз де бір төбеге шығып, айналаға биіктен көз салдық. Керемет көрініс. Нағыз көшпелілер ауылы дерсің.  Көгорай шалғыннан тақыр жерге көшудің өз сыры бар екен, сөйтсек.

“Кәсіпкерлік, бизнес деген үнемі тәуекелге бел буу, сынаққа даяр болу, қиындықтан қаймықпай алға ұмтылу. Сондықтан фестиваль осындай тосын форматта өтіп жатыр” деп түсіндірді танымал бизнесмен Еркін Тәтішев.

Екі жыл Ыстықкөлде өткен Шамал биыл және келесі жылы Қазақстанда, сосын Өзбекстанда өтеді екен. Туыс әрі көрші халықтардың мәдени-іскерлік коллаборациясы 

Бес күн бойы 20-ға жуық спикер сөзі жоспарланған. Ақыры біз күткен Хакамада ханым келіп жетті. Әлемдегі ең танымал әрі ақылды әйелдің бірі сөйлегенде бес мың адам тым-тырыс боп қалды. Бір сөзін қалт жібермеуге тырысып, құлағын тіккен ел. Хакамаданың харизмасы ғажап :) Эмоциялық интеллект туралы жақсы жеткізді. Жапондарды мысалға келтіруінен біздің қоғамды жақсы білетіні байқалды. Бір сағат дәрісі бір кітап оқығандай әсер етті. (Жапондар туралы айтқанын сосын жазам)  деп интрига жасап қояйық.

Айтпақшы, сенбі күні түстен кейін алай-түлей жел соғып, борпылдаған топырақты ұшырғанда айнала көрінбей қалды. Әйтсе де сәлден кейін жел басылып, аспан ашылды  Ирина Хакамада келгенде даланың ерекше әдемі болып кеткенін көрсеңізер ғой. 

“Бізге уақыт беріңдер. Қазақстанның әлемге танымал брендтері болады” дейді бизнестегі номадтар.

‘Шамал - "қырғызша, самал жел" екенін бірі білсе бәлкім, бірі білмес. Қысқасы, алдағы уақытта тағы да болса, міндетті түрде барыңыздар.

#SHAMAL

#Шамал

#SHAMALlife

0
0
461

«Азия Дауысы»: аңызға айналған фестивальдің қайта оралуы

Қазақстанның жетекші банкі – Halyk ең ірі музыкалық фестивальдің ұйымдастырушы болды.

Алғаш рет «Азия дауысы» фестивалі 1990 жылы Алматы тауларында өтті. 15 жыл бойы фестиваль Еуразия континентінің ең маңызды мәдени оқиғаларының бірі ғанаемес, сонымен қатар аймақтың музыкалық өмірінің символы, таланттарды тарту орталығы болды. Орындаушылардың бірнеше буыны «Азия дауысы» өзініңжұлдызды мансабының бастамасы деп атай алады. Осы уақыт ішінде көрермендерге қанша жарқын эмоциялар берілді. Міне, 19 жылдан кейін аңызға айналған фестиваль қайта оралады.

Бұл мереке Қазақстанның ең ірі медиа холдингтерінің бірі Tan Media Group пен еліміздің жетекші банкі Halyk тандемінің арқасында мүмкін болды. Маусым айында олар ынтымақтастық туралы келісім жасасты, оны қазірдің өзінде маңызды деп атады: фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, банкпен мәдениетті дамытуға бағытталған ең ірі бір реттік демеушілік шарт жасалды.

«Мен Halyk Bank басшылығына және Үміт Шаяхметоваға фестивальдің бас серіктесі және бірлескен ұйымдастырушысы болғаны үшін алғыс айтамын. Осындай қолдауы бар іс-шара жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз. Жақын болашақта «Азия дауысы» Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта, тіпті әлемде айтулы құбылысқа айналатынына сенімдімін», – деп фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов өз ойымен бөлісті.

Halyk Bank түсіндіргендей, фестивальдің қайта жандануын қолдау туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ. 2023 жылы Halyk өзінің жүзінші туған күнін атап өтугедайындалып жатыр және осы оқиғаның құрметіне «100 игі іс» ауқымды акциясын өткізеді, оның шеңберінде бүкіл ел бойынша әлеуметтік жобалар мен қоғамдық маңызды бастамаларды іске асырады.

Мәдениет саласы банктің демеушілік қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Айта кету керек, Halyk республиканың жетекші театрларының тұрақты меценаты және Қазақстан мәдениетінің дамуына өз үлесін қосуға деген ұмтылысын атап көрсетеді. Мысалы, 2023 жылдың жазы мен күзінде банк еліміздің алты қаласында бірқатар музыкалық кештер өткізеді. Бұл ашық аспан астындағы екікүндік концерттік бағдарламалар болады, оған барлық адамдар кіре алады. Әзірге Halyk демеушілігімен 28-30 шілде аралығында «Азия Дауысы» фестивалі Медеу биік мұз айдынының сахнасына оралады. Бір кездері бұл бірегей алаңда Кеңес Одағының, Қазақстанның үздік әртістері мен эстраданың әлемдік жұлдыздары жиналды: Патрисия Каас, Тото Кутуньо, Boney M, Алла Пугачева, София Ротару, Роза Рымбаева, Валерий Леонтьев, «Ялла», «А-Студио» тобтары және тағы басқалар.

Бүгінгі «Азия Дауысы – “Voice of Asia” фестивалінің ұйымдастыру комитетіне жобаның негізін қалаушылар Мұрат Ирғалиев пен Александр Пономарев командасының құрамында болған адамдар кіреді. Жұмысқа Арманжан Байтасов, Ирина Ковыряко, Біржан Сәлімбаев, Ержан Барманқұлов, Темірлан Төлегенов, Ботагөз Алдонгарова және тағы басқалар белсенді қатысады. Олар фестивальді жандандырып қана қоймай, оны құрылтайшылардың дәстүрлерін сақтай отырып, жаңа, жоғары деңгейге көтеруді мақсат етті.

Ұйымға музыкалық ивент-индустрияда өзін танытқан жаңатұлғалар да қатысады. Осылайша, Green Case компаниясына Forbes Kazakhstan «30 жасқа дейінгі» рейтингіне қатысушы Азат Әбікеннің басшылығымен фестивальді ашу және бірінші күннің маңызды концертін өткізу тапсырылды. Оның бастауын тірі аңыз-әнші Бибігүл Төлегеновабастайды. Содан кейін сахнаға ретродан жаңа қазақстандық буынға дейінгі түрлі кезеңдердегі отандық музыка өкілдері шығады.

Екінші күні The Black Eyed Peas тобы жеке концертпен өнер көрсетеді. Фестиваль үшінші күні аяқталады, ол музыка аңыздарына – бұрын «Азия Дауысы» бағдарламаларында өнер көрсеткен әртістерге арналады. Ал шведтік SecretмService тобы үлкен музыкалық шоуды аяқтай отырып, осы кештің хедлайнері болады.

«Азия Дауысы» фестиваліне бір айдан аз уақыт қалды. Ұйымдастырушылар бұл музыкалық оқиға жергіліктітұрғындардың ғана емес, жақын және алыс шетелдерденкелген қонақтардың назарын аудара отырып, Қазақстан өміріндегі ең ірі іс-шара мәртебесіне ие болады деп үміттенеді.

Фестивальге билеттерді kino.kz сайтынан сатып алуға болады.

https://forbes.kz/life/art/aziya_dauyisyi_vozrojdenie_legendyi

#Азиядауысы

#Халықбанк

0
0
513

Жазғы маусым мен "Shymbulak Medeu Camp" таулы балалар лагерінің ашылуы қалай өтті?

Бүгін тау бөктеріндегі "Shymbulak Medeu Camp" таулы балалар лагерінің таныстырылым өтті.

Сонымен, шарадан эксклюзивті кадрлер.

Маңызды  жобалар

Табиғатты қорғауға қатысты жобалар

Біз жаңа жобамыз - "Shymbulak Medeu Camp" балалар тау лагері жұмысын бастағанын қуана жариялаймыз! Біздің лагерь балаларға Алматының керемет тауларында ұмытылмас оқиғаларды бастан кешіруге мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты балаларда табиғатқа деген сүйіспеншілік мен құрметті тәрбиелеу, оларға ашық ауада болу үшін қажетті дағдыларды үйрету, сондай-ақ командада жұмыс істеу, көшбасшылық, құрмет және жауапкершілік сияқты қасиеттерді дамыту болып табылады. Біз әр баланың түрлі бағдарламалар мен белсенділіктерді ұсына отырып, физикалық, интеллектуалдық және моральдық әлеуетін дамытуға ұмтыламыз", - дейді Абдрахманов  Ринат.

Лагерь бағдарламасы аясында жаяу сапарлар, командалық ойындар, зоология институтының, альпинизм федерациясының, ұлттық парктердің және басқа да ұйымдардың қатысуымен білім беру дәрістері ұсынылады. Балалар жабайы табиғатта, ұлттық мәдениетті үйреніп, өздерінің көркемдік қабілеттерін дамытатын болады.

"Біздің лагерь табиғат әлеміне жолсерік болып, адамдар үшін негізгі және маңызды білім алып, қоршаған ортаға дұрыс көзқарас қалыптастыруы үшін есіктерін ашады. Біз "Leave no trace" философиясын ұстанамыз және табиғатты сақтау қағидаларын сақтай отырып, әркімді осы әлемнің бір бөлігі болуға шақырамыз", - деді  ұйымдастырушылар.

"Табиғат және Адам" департаменті жүзеге асыратын екі әлеуметтік жоба туралы бөліскіміз келеді. "Shymbulak Outdoor Meetings" жобасы табиғи аймақтардағы демалыс қауіпсіздігін дамытуға, туризм саласындағы адамдардың кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ жаяу туризмді, альпинизмді және табиғи ортадағы басқа да спорт түрлерін дамытуға бағытталыпты.

"MOUNTAIN OPEN SOUL" жобасы қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға ашық және балалар мен ересектерді тау мәдениетіне баулуға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының арасында бейімделген дене шынықтыруды дамытуға бағытталыпты.

 "Рульсіз күн" атты болашақ жоба - Алматы қаласының басты экологиялық мәселесін шешуге қала тұрғындарын тарту және эко-белсенділікті қолдау жөніндегі бастама ұсынылады. Біз ауа тазартудың пайдасына қозғалысты ұйымдастырамыз және әркімді жексенбі күні автомобильді пайдаланбай, қоғамдық көлікті таңдап, осы жобаға қатысуға шақырамыз" - деп атап өтті. 

#ShymbulakMedeuCamp

#жазғылагер

#Алматылетнийлагер

#лагервгорах

0
0
630

Cloud computing трендтері немесе Қазақстанда бұлтты есептеу нарығы қалай дамып жатыр?

Қазақстанның бұлтты нарығы дамуының алғашқы сатысында, бірақ оның өсім қарқыны таң-тамаша етеді. Сарапшылар cloud computing өсімінің қарқынды дамып жатқанына назар аударып отыр.

Жетекші сараптамалық агенттіктер бұлтты технологияны бүкіл әлемдегі бизнесті дамытудың қозғаушы күші деп атайды. Мәселен, америкалық Gartnerзерттеу және консалтингтік компаниясы 2023 жылы бүкіл әлем бойынша қоғамдық бұлтты пайдаланушылардың шығыны шамамен 600 миллиард долларға жетіп, 21,7%-ға артады деп болжаған. Мұндай динамика, ең алдымен, жасанды интеллект (AI), Web3 танымалдығының артуымен және метағаламның дамуымен байланысты.

Қазақстандағы бұлттар

Қазақстан әлемдік трендтерге сәйкес дамып келеді және нарықтың қарқынды өсімін көрсетіп отыр.

ҚР-да 2022 жылы бұлтты технологиялар индустриясының көлемі 23,72 млрд теңгеге жеткен, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 44,8%-ға көп. Қызметтердің шамамен 66%-ы жергілікті провайдерлерден келеді, олар 80% жағдайда тек инфрақұрылымдық бұлттық қызметтерді (IaaS) қамтамасыз етеді.

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл – түсінікті үрдіс, себебі бизнеске АТ-инфрақұрылымын республика аумағында қорғалған контурда және деректер орталықтарында өрістету маңызды. Мәселен, VK Cloud халықаралық компаниясы QazCloud-пен серіктестікте биыл Қазақстанда бизнеске бейімделген және ел аумағындағы дата-орталықта орналасқан локализацияланған бұлтты платформаны іске қосты. VK Cloud бұлттық қызметтері стартаптар мен ірі компанияларға цифрлық трансформацияны жүзеге асыруға және заңнамаға сәйкес өнімдерді нарыққа шығару уақытын жеделдетуге көмектеседі.

— VK Cloud бұлтты платформасы — бір терезеден цифрлық технологияларды дамыту үшін қажетті АТ-құралдар мен сервистер қолжетімді бизнеске арналған ХҚКОіспеттес, — дейді VK Tech Қазақстан өкілдігінің басшысы, VK Cloud дамыту жөніндегі директоры Арман Нұрышев. — Бұлтты платформа 20-дан астам алдын ала конфигурацияланған IaaS, PaaS және SaaS қызметтерін біріктіреді. Олардың көмегімен бизнес деректерді сақтай алады немесе бірнеше минут ішінде IT инфрақұрылымын орналастыра алады, ауқымды деректерді әзірлеу және өңдеу үшін заманауи құралдарды қосады, ақпараттың резерв көшірмесін және қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді. Жергілікті дата-орталықта орналастыру «Дербес деректер туралы» 94-V заң талаптарының сақталуын, сондай-ақ сервистердің жоғары жұмыс жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Әлемдік трендтер

Сарапшылар әлемдегі бұлт нарығының өсу драйверлерінің бірі деп жасанды интеллектті (ЖИ)атап отыр, онымен дұрыс жұмыс істеу үшін қуатты және масштабталатын есептеу мүмкіндіктері қажет. ЖИ модельдерін әзірлеу және оқыту нақты уақыт режимінде үлкен көлемдегі деректерді өңдеуді қажет етеді. Бұл тапсырмалар үшін бұлтты платформа өте қолайлы.

«Қазақстанда бұлтқа сұраныстың өсуіне басқа себептерде бар: компаниялар бизнес-процестерді автоматтандыру үшін АТ-шешімдерді белсенді енгізіп жатыр, онлайн-сервистерді әзірлеп жатыр, жасанды интеллектті оқыта отырып, үлкен деректермен эксперименттер жүргізіп жатыр. Жасанды интеллект дегеніміз — бизнесті автоматтандырудың негізгі міндеттерін өтеген кезде компаниялар көшетін келесі қадам», - деп есептейді Vk Tech өкілдігінің басшысы, Қазақстандағы VK Cloud дамыту жөніндегі директоры Арман Нұрышев.

Сарапшылардың болжамына қарағанда, 2023 жылы бұлтты нарықтың барлық сегменті өседі. Қызмет ретінде инфрақұрылымға (IaaS) соңғы пайдаланушылардың шығындары ең жоғары қарқынмен өсіп жатыр — 30,9%, одан кейін қызмет ретінде платформа (PaaS) — 24,1% өсім. Сонымен қатар, нарықтың ең үлкен үлесі — 33%-ын SaaS қызметтеріне тиесілі — бұл қызмет ретіндегі бағдарламалық қамтамасыз ету. SaaS шығындары 17,9%-ға өсіп, 2023 жылы 197 миллиард долларға жетеді деген болжам бар.

«SaaS қызметтері ең түсініктісі және пайдалануға оңай. Қазақстандық қолданушылар B2C сегментіндегі бұлтты бағдарламаларға бой үйрете бастаған: электрондық пошта, білім беру сервистері, блог жүргізуге арналған платформалар, сайттар құруға арналған веб-конструкторлар және т. б. бизнес үшін осындай модель бойынша CRM-жүйе, онлайн-бухгалтерия сервисі немесе ЭДО, офистік бағдарламалар ұсынылуы мүмкін, — дейді VK Tech өкілдігінің басшысы, Қазақстандағы VK Cloud дамыту жөніндегі директор Арман Нұрышев. — Инфрақұрылымдық қызметтер есептеу қуатын жалға алуды және pay-as-you-go (тек тұтынылған ресурстар үшін) төлеуді көздейді. Платформалық қызметтердегеніміз — бұл бағдарламалық жасақтама жасаушылар мен деректерді талдаушылар үшін дайын немесе алдын-ала жасалған құралдар».

Сонымен қатар, Gartner 2026 жылға қарай әлемдегі ұйымдардың 75%-ы бұлтты іргелі базалық платформа ретінде пайдалануға негізделген цифрлық трансформация моделін қабылдайды деп болжайды.

«Бұлтты технологияларға деген жоғары сұраныс олардың бизнес үшін ашатын жаңа мүмкіндіктерімен байланысты. Мұндай мүмкіндіктер көбейіп келеді: бұлтты инфрақұрылымды таңдаған компаниялар IT-де айтарлықтай үнемдей алады және цифрлық шешімдерді өз процестеріне тезірек енгізе алады. Сонымен қатар, бұлтты технологиялар инновацияларға — Big Data, жасанды интеллект, заттар интернеті және басқасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оңай масштабталатын инфрақұрылым мен арнайы құралдардың арқасында бұл технологияларды игеру және жобалардапайдалану оңайырақ. Ол үшін тар профильді мамандардың үлкен штатын жалдаудың және ұстаудың қажеті жоқ — күрделі құралдар PaaS (дайын платформалар) түрінде ұсынылған және бір рет түймеге басу арқылы қол жетімді. Бұлттар кез келген саладағы компаниялар үшін цифрлық трансформацияның негізі бола алады: бөлшек саудадан қаржы секторына дейін, интернет-компаниялардан денсаулық сақтау саласына дейін».

0
0
459

Журналистер NIS төрінде

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-ке журналистер күніне қарсаңында қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелері шақырылып Зияткерлік мектептің қыл қалам мамандары Светлана Попкова, Айнұр Ажмадина және ағылшын тілінен модератор мұғалім Гүлмира Естепбергенова “Арт-терапия және English” бірлескен авторлық шеберлік сағатын өткізді.

Бір сағатқа конференц-зал шығармашылық алаңға айналды, кескіндемелеріне үңіліп әркім өз қиялдарын, жаздық демалыстарын суреттеуге кірісті. Арманда жүрген елге, аралға, қалаға барғанын елестетіп суретке айналдыруды өнер сабағының мұғалімдерінің нұсқауларымен оңай да қызықты болды. Соңында әр қонақ өз кескіндемесін ағылшын тілінде суреттеп, караокемен ән айтылды.

– Бүгін алған әсеріміз керемет болды. Бірінші рет қолыма қылқалам алып сурет салдым. Тынығып, күнделікті тіршіліктен дем алып қалғандай болдық. Ұйымдастырушыларға, мектеп директоры Гүлмира Бақытбекқызына көп рахмет,– деп бөлісті “Қазақ әдебиеті” газетінің арт-редакторы Марат Сәбдікен.

– Шара өзінің креативтігімен, ерекше бағытымен қызықтырды. Тек саусақтарымызды қозғалтпай, миымызды да шынықтырып ағылшын тілде , әнді де айтып үлгердік. Мұғалімдерге зор алғыс,– деді “Жібек жолы” телеарнасының редактор-продюсері Гүлнүр Байменова.

– Елдегі балаларға озық үлгіде білім беріп отырған Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS ұстаздары мен басшылығына, журналистер қауымына, ресми ақпаратын ұсынып отыратын баспасөз кызметіне бүгінгі шара үшін алғысымыз шексіз. Төртінші билік өкілдерін шақырып, керемет арттерапия және ағылшын тілінде дәріс ұйымдастырып, жан дүниемізді рухани байыттыңыздар. Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын,– деп ағынан жарылды “Евразия” арнасының редакторы Әріпжан Али

Шара соңында NIS директоры Гүлмира Бақытбекқызы жиналған қонақтарды келе жатқан төл мерекелерімен қүттықтады, жұмыстарына табыс тіледі және жыл бойы серіктестік танытып жүрген журналистерге алғыс хат табыстады. Қонақкәде ретінде оқушылардың техноторияда жасақтаған NIS белгісі сыйға тартылды.

#ЖурналистерНИШте

#NIS

0
0
579

Глэмпинг Қазақстандағы туризм индустриясының драйверіне айналмақ

Туризмнің ең қарқынды дамып келе жатқан саласы саналатын экотуризмнің үлесі  әлемде 20 пайызды құрайды. Былтыр бұл индустрия 172,4 млрд долларға бағаланды. Оның ішінде глэмпингтің үлесі айтарлықтай. Қазақстанда экотуризмнің бұл бағыты енді ғана қалыптасып жатыр. Сондықтан әлемде жер көлемі жағынан 9-орын алатын елдегі глэмпингтің жалпы саны 28. Оның 19-ы Алматы облысында.

Рухани демалыс орны саналатын глэмпингтің болашағы өте зор. Өкінішке қарай, бұл саланың әлеуеті елімізде әлі толық зерттелмеген. Осы ретте, журналистік топ болып біз  жақында «Гора Глэмпинг» демалыс орнына барған болатынбыз. 

Экотуризм – әлемдік экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі. Statista бизнес-платформасының мәліметі бойынша, 2022 жылы бүкіл әлем бойынша экотуризм индустриясы 172,4 миллиард долларға бағаланды. Сарапшылардың болжауынша, бұл сектор 2028 жылы 374,2 миллиард долларға жетеді, ал жылдық күрделі өсу қарқыны (CAGR) 13,9% құрайды.

Жаһандық үрдістер қазақстандық экотуризм саласына да әсер ететіні сөзсіз. Туристердің табиғатқа тигізетін кері әсерін барынша азайтуға ұмтылуынан тұратын саяхатшылардың экологиялық санасының өсуі басты негіз болып табылады. Танымал болып келе жатқан экологиялық туризм түрлерінің бірі глэмпинг барлық қолайлылығы бар ашық ауада демалуға жол береді.

Глэмпинг туристерді өзінің қолайлы жағдайларымен және табиғатпен жалғыздығымен тартады. Ғаламдық глэмпинг нарығының көлемі Grand View Research зерттеу компаниясының мәліметі бойынша 2022 жылы 2,73 миллиард АҚШ долларын құрайды. Ал жалпы жылдық өсу қарқыны (CAGR) 2023-2030 жылдары 10,2% болады деген болжам бар.

Бір қызығы, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Кения, Оңтүстік Африка және Жаңа Зеландия сияқты елдер глэмпингтер саны бойынша көш бастап тұр. Қазақстанда глэмпинг алаңдарының ең көп саны Алматы мен Алматы облысында бар. Жалпы саны 15.

«Гора Глэмпинг» тауларындағы қонақүйдің негізін қалаушысы Рустам Даиров:

«Қазақстан – Орталық Азиядағы экотуризм үшін ең жақсы орындардың бірі. Биік таулардан бастап шексіз далаға дейінгі алуан түрлі табиғи ландшафттарды, сондай-ақ бай мәдени мұраны әуесқойлар да, тәжірибелі саяхатшылар да ерекше бағалайды. Тұрақты және жауапты туризмге өсіп келе жатқан қызығушылықты, сондай-ақ бірегей және шынайы саяхат тәжірибесіне сұранысты ескере отырып, біздің туристік индустрияны дамытудың драйвері ретінде глэмпингтің әлеуеті анық. Экологиялық тұрақты туризмді ынталандыру, глэмпинг алаңдарының сапалы инфрақұрылымын құру, осы салаға инвестиция тарту – осының барлығы жаңа жұмыс орындарын ашуға, ШОБ-ты дамытуға, сондай-ақ отандық туристерді де, шетелдік туристерді де тартуға септігін тигізеді».

Гора Глэмпинг – Алматыдан көлікпен 45 минуттық жерде орналасқан таудағы жаңа қонақ үй. Алаңхда жеке барбекю алаңы, терраса және моншалары бар 10 шатыр үйлер орналасқан. Іс-шараларға арналған терраса таулардың, жасыл алқаптардың және жергілікті шағын құрылымдардың тамаша көрінісін ұсынады. 

Сонымен қатар,  Гора Глэмпинг өз қонақтарына жергілікті флора мен фаунаның тұрғындарын көруге болатын жақын маңдағы көлде балық аулауды ұсынады.

Сонымен қатар, тау бөктерінде түрлі ойындар мен тимбилдинг өткізуге болады.

Бұл жердегі стейктің дәмі тіл үйіреді :) Ммммммм, өте дәмді.

Бұл жерге келіп  таза аулада кітап оқуға, кең тыныстап, еркін демалуға мүмкіндік бар. 

#туризм 

#ТИҰҚ 

#Қазақстан 

#goraglamping

#ГораГлэмпинг

#РустамДаиров

#Таубөктеріндедемалыс

#отдыхвгорах

0
0
593

Өңірлік коммуникациялар қызметі журналистерді қуантты

24 маусымда Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Ақпараттық саланы дамыту туралы: БАҚ-тың жаңа және дәстүрлі түрлері қалай өзара әрекеттестік орнатады»  атты конференция ұйымдастырды. Іс-шараға Алматы мен өңірлерден 40-қа жуық журналистер мен блогерлер қатысқан болатын.

 Алматы қаласы ӨКҚ  басшысы Балсұлу Алекенова:

Қазіргі заманғы трендтерді талқылау, дәстүрлі баспа БАҚ-тан онлайн медиаға көшу мүмкін бе, жоқ па, подкасттар туралы көбірек білу, телеграмм каналды қалай танымал етуге болады, сондай-ақ журналист ретінде жеке брендті қалай пайдалану керек деген сыңайлы сұрақтарды талқылау маңызды.

Конференцияға аталған тақырыптарды қызықты деп тапқан журналистер  қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында қазақстандық журналист, Shishin_like телеграмм каналының негізін қалаушы Дмитрий Шишкин, сондай-ақ BES.media. қоғамдық-саяси іскерлік басылымының журналист-редакторы Руслан Сағиев болды. Олар «өз медиасын қалай құруды, мақсатты аудиторияны тарту және оның сеніміне қалай кіруге болатынын» айтты.

Шара барысында журналистер өз пікірлерімен бөлісті, сарапшыларға сұрақтар қойды. Қатысушылар ұйымдастыруды  жоғары бағалап, мұндай кездесулер қажет және пайдалы екенін атап өтті.

#БалсұлуАлекенова

#Өңірліккоммуникацияларқызметі

0
0
405

Korea Spotlight К-поп фестиваліндегі қызықтар

22 және 23 маусым күндері Алматы қаласы бүкіл әлемдік музыка индустриясының назарын өзіне аудартатты десек болады. Оған себеп: Оңтүстік Кореяның ең танымал инди-әртістері мен жұлдыздары Қазақстанға Korea Spotlight шоукейс-фестиваліне келген болатын. Әлем бойынша түрлі фестивальдерде залдарды лық толтырған DPR IAN осы шараның хедлайнері және арнайы шақырылған қонағы болмақ. Бүкіл әлем бойынша K-pop жанкүйерлерінің кумирі 23 маусым күні көрермендердің алдында өнер көрсетті.

 Korea Spotlight екі күнге жалғасты.. Алғашқы күнге панельдік пікірталас жоспарланған, онда қатысушылар бүгінгі ивент-индустрия мен шоу-бизнес үшін маңызды мәселелерді талқылады. Мәселен, әлеуметтік желілерде мықты жанкүйерлер тобын қалай құру керек және жұлдыздарды жарқыратып жатқан кәріс лейблдерінің осынша табысты болуының сыры неде? т.б. қызықты сұрақөтардың барлығына жауап табылды.

Сонымен қатар, бұл жерде жаңа адамдармен танысуға, жаңа іскерлік қарым-қатынас орнатып, сұхбат та жазып алуға мүмкіндік туғанын айта кету керек. Шараның ресми бөлігінде Оңтүстік Кореяның дарынды орындаушылары ТМД және РФ музыкалық бизнесінің  сарапшыларымен таныты. Ал екінші күні әртістер мен қонақтар осы маусымның ең жарқын кешіндегі К-pop атмосфераны сезінген болатын. 

KOCCA

Корея креативті контент агенттігі (KOCCA) – бұл кәріс контент индустриясын ілгері жылжыту ісін бақылайтын және үйлестіретін үкіметтік агенттік. Ол 2009 жылғы мамыр айында өзара байланысты бес ұйымды, оның ішінде Корея хабар тарату институтын, Корея мәдениет және контент агенттігін, сондай-ақ, Корея ойын-сауық агенттігін біріктіру арқылы құрылған болатын.

KOCCA штаб-пәтері Чолла провинциясының «мәдениет және өнер ордасы» атанған Начжу қаласында орналасқан, бұл қала өзінің жыл сайын наурыз айында гүл ашатын ақ алмұрт ағаштарының самсыған әдемі гүлдерімен де кеңінен танымал.

Бір қуанарлығы, алдағы уақытта K-pop фанаттары үшін жағымды жаңалықтар көп болмақ. Сондықтан, күтіңіздер дегіміз келеді.

#KOCCA

#KoreaSpotlight

#DPRIAN 

#концерт

0
0
389