Алматыда «Хотя бы кинода 2» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Оған журналистер, жазушылар, кино саласының мамандары мен еліміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналғандар кезекті туындыға жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді.
Бүгінде, кино еліміздің түкпірп-түкіріндегі көрермендерге жол тартты..
Басты кейіпкер Қайрат, фильмнің бірінші бөлімінде, мемлекеттің қомақты қаржысын жымқырғаны үшін ұзақ мерзімге темір торға тоғытылған болатын. Фильмнің жалғасы кезінде ол, абақтыдағы 2 жыл ішінде жаңа байланыстар мен лайықты беделге ие болды.
Бірақ Қайраттың "абақтыдағы алаңсыз өмірі" оған кездесулердің бірінде мемлекеттік қызметтен үлкен чиновник келгенде аяқталады. Ол оған қамауда қалған күндерін, өте қауіпті қызметке айырбастауды ұсынады. Ұзақ мерзім қамауда отырғысы келмейтін Қайрат енді не істейді? Шырғаланған шырмауықтан қалай шығады?
Бұл кино хит голивудтың киноларынан асып түспесе, кем түспейтін кино шығыпты! Ұнады, ұнаған соң басқаларда көріп бағасын берсін деп, сапалы киноны көрсе екен деп пікіріммен бөлісуді жөн көрдім!
Барыңыздар, көріңіздер, бағалаңыздар, біз бағалай білсек жақсы дүниелер көптеп шығады. Тек кассаны жинауға ат салыспай, жақсы дүниелердің көптеп шығуына да септігімізді тигізейік дегім келеді.
Жақында Алматыда EURASIAN FASHION WEEK «Күз-Қыс 2023/2024» жаңа маусымы халық назарына ұсынылды.
EFW сән апталығы жақында Алматы қаласындағы «Forum» сауда ойын-сауық орталығындағы «Event Space» залында жоғары дәрежеде өтті.
Есте сала кететін болсақ, EFW осыған дейін 2019 жылы Қазақстаннан басталып, Прага, Братислава, Бангкок және Дубайда жалғасты. Атақты кутюрьелер мен жас дизайнерлерді бір алаңда біріктіре отырып, бұл жоба Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамыту және әлемде еліміздің оң имиджін қалыптастыру бойынша маңызды миссияны орындайды.
«Жастармен бірге» мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарына сүйене отырып, еліміздің және бүкіл континенттің мәртебесін көтеріп жүрген шығармашыл жастарды қолдау мақсатында EURASIAN FASHION WEEK «FUTURE IS NOW» (ағыл. «Болашақ қазір») атты ұранмен өз жаңа маусымын ашады.
Сән көрсетілімдерімен қатар іс-шара бағдарламасына медиа-бранч, баспасөз конференциясы, панельдік пікірталас және KIDS FASHION DAY кірген болатын.
Аталмыш маусымда қазақстандық және шетелдік дизайнерлер өз коллекцияларын ұсынады: SS by Sergey Shabunin (Kazakhstan), Nosi Moyo (Kazakhstan), Junus Coban (Turkey), Nayas (Czech Republic) және басқа да қатысушылар. Сонымен қатар, Қазақстанға Seoul Fashion Week және еуропалық сән апталығының тұрақты қатысушысы, Оңтүстік Кореяның атақты дизайнері GRAPHISTEMAN.G. келеді. GRAPHISTEMAN.G – қолмен боялған фантастикалық кескіндемемен сәнделген ерекше үлгідегі киім.
“EURASIAN FASHION WEEK бүкіл Еуразия кеңістігінде өзін танытып, Қазақстанның Fashion-индустриясындағы ең жарқын іс-шараға айналған оқиға деуге болады. Бірнеше санаулы күнге Алматы халықаралық сән астанасына айналды.
EURASIAN FASHION WEEK алғаш рет Астана мен Алматы қалаларында өтті. Алайда, тұтынушылар нарығы мен экономикалық жағдайды зерттеу нәтижесінде EURASIAN FASHION WEEK-ті жеңіл өнеркәсіп секторының дамуына байланысты мәселелерді талқылауға бағытталған жаһандық салалық іс-шараға дейін ұлғайту қажеттілігі туындады”, – дейді EURASIAN FASHION WEEK бас продюсері Ирина Байжанова.
Шығыс халықтарының бар болмысын айшықтайтын Наурыз мерекесі – тіршіліктің жаңарып, табиғаттың жасаратын, адамзаттың жаңашылдыққа ұмтылатын мерейлі мезгілі. Тарихы тереңде жатқан бұл мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа бөлейтіні сөзсіз.
Наурыз мейрамы – ерте заманнан түркі тілдес халықтары арасында кеңінен тойланып, заманына сай жаңарып, жаңғырып келе жатқан ұлттық мереке.
Атадан балаға мирас болған ұлттық мейрамды насихаттау мен дәріптеу мақсатында “Zaman” мектебінің оқуышларына арнайы 4киіз үй тігіліп, алтыбақандар мен қолөнер шеберлерінің сәндік қолданбалы өнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.
Салтанатты мерекелік іс-шара ел ағалары мен ел аналарының ақ тілегімен бастау алды.
Мереке барысында қыз балалар үшін бауырсақ пісіру, құрақ құрау, кесте тігу шеберліктері өткізілсе, ал ер балалар үшін асық ату, арқан тарту, гір көтеру секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылып, тақырыптық сахналық көріністер мен концерт қойылды.
Меркелік жиынға қатысқан қонақтар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде жаңа жылдың берекелі болуын тілеп тарқасты.
Биыл Қазақстанның жетекші банкі маңызды тарихи межеден өтеді: 100 жыл бұрын 1923 жылдың қазан айында Ақтөбеде жүйе құраушы қаржы институтының негізі қаланған алғашқы жинақ кассасы ашылды. Дәл осы күн Қазақстанның бүкіл банк жүйесінің туған күні болып саналады.
Банктің тарихы еліміздің қалыптасу тарихымен тығыз байланысты деп айту артық болмас. Өз Отаны мен халқының игілігі үшін жұмыс істей отырып, Halyk жергілікті сақтандыру банкінен аймақтық көшбасшыға дейін өсті. Бүгінгі таңда банк ел өмірінде маңызды рөл атқаратын республиканың ірі қаржы тобының өзегі болып табылады. Halyk Қазақстан экономикасының нақты секторының негізгі кредиторы болып табылады, сол арқылы гүлденген қоғам орнатуға өз үлесін қосып келеді деп айту жеткілікті.
Өзінің жүз жылдық мерейтойын Halyk Bank Қазақстан халқымен бірге атап өту дәстүрін жалғастыра отырып, «100 игі іс» іс-шарасын іске қосты. 2023 жыл бойы банк Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыратын болады.
Halyk банктің директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов: «Жүз жыл бұрын шағын жинақ кассасының ашылуымен халықпен жұмыс істеуге бағытталған заманауи банк жүйесінің іргесі қаланды. Бүгін күні сол бірінші Ақтөбе жинақ кассасының мұрагері Halyk – еліміздің барлық өңірлерінде ғана емес, Өзбекстанда, Грузияда, Қырғызстанда да жұмыс істейді. Банк халық салымдарының едәуір үлесін – 5,14 триллион теңгені шоғырландыра отырып, қоғамның жоғары сеніміне ие болып отыр, оның белсенді клиенттері– жеке тұлғалар саны 9 млн адамнан асып, Қазақстанның ірі компанияларының 80%-ына қызмет етіп келеді. Еліміздегі барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын біздің банк қаржыландырады. Бұл банктің жүз жылда жүріп өткен жолының айқын дәлелі», – деп атап өтті.
Halyk банктің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова да: «Ежелден Көктем жаңару уақыты, жаңа өмірдің бастауы іспетті. Сондықтан біз Halyk банктің жүз жылдық туған күнін қалай атап өтетінімізді осы көктем мезгілінде жариялауды жөн көрдік. Біз үшін әрбір қазақстандықтың әсем әрі бейбіт елдің мәдениеті мен дәстүрлері үйлесімділігінің бір бөлшегі екенін сезінуі өте маңызды. Іс-шара «100 жыл халықпен бірге» ұранымен өтеді. Бұл біздің халықпен ынтымақты бірлікте болуға деген ұмтылысымызды толық көрсетеді, әрі қарай дамуға күш беріп, жігерлендіреді. Біз өз тарихымызда ешқашан сырттай бақылаушы болған емеспіз және оны мақтан тұтамыз. Біз қиын сәттерде көмек қолын созып, жеңістеріміз мен жетістіктерімізді қуана бөлісіп келеміз. Halyk банк – елімізбен бірге дамып, халықтың сенімді серігіне айналды. Halyk банк халық үшін қызмет етеді», – деп өз ойын білдірді.
Жақында Алматыда Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығы өтті. Онда отандық және шет елдік 17 дизайнер өз топтамаларын ұсынды.
Сән апталығының басты мақсаты отандық өнімді қолдау және дизайнерлердің топтамасын көпшілікке таныстыру. Сәнгерлердің барлығы таза табиғи өнімдерге басымдық берген. Осылай қоршаған ортаны қорғауға шақырады. Сән апталығының бас продюсері Саят Досыбаевтың айтуынша, биылғы топталарда табиғатпен үндестік айқын сезіледі. Себебі, барлығы табиғи. Яғни киімдер таза жүн мен мақта талшықтарынан жасалған маталардан тігілген.
Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығының прет-а-портесі 2004 жылдан бастап өткізіліп келеді. Еліміздің басты подиумы республиканы және шет елді мойындатқан қазақстандық дизайнерлердің жұлдызын жарқыратты десек болады.
Жиырмадан астам дизайнер жыл сайын KFW арнайы жобасына, яғни New Generation жас дизайнерлер байқауына қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара сән индустриясымен қатар жеңіл өнеркәсіптің дамуына үлесін қосады.
Kazakhstan Fashion Week ұйымдастырушылары Алматы қаласының әкімдігімен және Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының креативті индустрияларды дамыту бөлімімен бірге белсенді түрде жұмыс жасайды.
Қазақстанда сән саласы дамып жатқаны қуантады. Бәсекенің арқасында даму болатыны рас. Біздің елде стилистер, косметологтар, дизайнерлер мен визажистердің қатары өсіп келеді. Бәсеке сапа тудырады. Марафонда секілді мұнда адамдар өте көп. Олардың қайсысы мәре сызығына жететінін әрине, уақыт көрсетеді.
Жалпы, әр шығармашыл тұлға өзінің әлемін басқаша көреді. Мейлі ол сән әлемі болсын, басқасы болсын. Мен үшін сән әлемі ешқандай сатыларға бөлінбейді. Сән әлемі әр дизайнер үшін жалпы осы салада жүрген кез келген адам үшін өзінің талантының, өзінің шығармашылығының ерекшелігін көрсету үшін тамаша мүмкіндік береді.
32 маусымның бас серіктесі BI Group компаниясы болды.
BI Group компаниясы маркетинг жөніндегі директоры Элина Сүлейменова:
Бұл KFW үшін алғаш қолдау көрсетілген креативті жобалардың бірі. «Біз Орта Азиядағы ең басты мәдениеи және сән шарасы болып саналатын Kazakhstan Fashion Week жобасына екінші жыл қолдау көрсетіп жатырмыз. Қазақстан азаматтары үшін жасайтын бақыттың құндылықтары – құндылықтары бізбен тығыз үндесетін өте әдемі іс-шара. Шамамен үш жыл бойы біздің ұранымыз «бақытпен өмір сүріңіз» деп айтылады және біздің басты міндетіміз – тұрғындарымызды мүмкіндігінше бақытты сезіну, үйлерімізде жақсы және жайлы өмір сүру үшін бәрін жасау.
Сонымен қатар шараға қолдау көрсеткен қазақстандық бизнес өкілдері де бар: SARA MILAN компаниясы, Gentle Health, SHYMBULAK таулы ауыз суы, Prosto Cosmetics.
Кеуде обыры әйелдер арасында кең таралған онкологиялық ауру. Тіпті әлем бойынша аты жаман аурулар ішінде сүт безі қатерлігі ісігі бірінші орында тұр. Сала мамандары осылай дейді. Себебі бұл дерт жасырын дендейді. Яғни, кеудедегі ауруды әйел сезбеуі мүмкін. Сүт безіндегі өзгеріс тек маммологтың тексеруінен кейін анақтыланады. Осы ретте, AVON кеуде обырының алдын алуға байланысты қоғамдық жоба жасауда. Бұл, әрине сауапты, әрі жауапты іс.
Kazakhstan Fashion Week-тің құрылу тарихы 2004 жылдан бастау алады. Бірінші жоба Almaty Fashion Week деп аталды, осы атаумен ол бір жылға созылған. Жобаның негізін қалаушылар, KFW продюсері Саят Досыбаев және Kazakhstan Fashion Week дизайнер, стилист, арт-директоры Алексей Чжен бұл жобаны тек бір қала үшін емес, түгел еліміз бойынша ұйымдастырсақ деген шешіммен Kazakhstan Fashion Week деп атауын өзгерткен. Олардың басты мақсаты – өңірлерде дизайнерлердің шығармашылығын дамытып, отандық өнімдерді әлемге таныстыру.
Бір байқағаным, көпшілігінің мата түстері де табиғаттағы ашық түстерден алынған. Талғаммен таңдалған киім адамның сымбатын арттырары хақ. Тағы бір байқағаным, халық сән апталығын сағынып қалған. Сәнді киінуге жанықұмар жандардың бәрі жиналған шара өте жоғары деңгейде өткеніне куә болдым.
Kazakhstan Fashion Week – көптеген дизайнерлер үшін негізгі әрі бастапқы алаң. Дәл осы жерде қазақстандық сән әлемінде жаңа есімдер ашылуда. Сондықтан, еліміздегі сән әлемі дами берсін дегім келеді.
Fashion-индустрияның ортасында жүрген кез-келген адам үшін, кез келген дизайнер және осы салада өзін сынағысы келетін шығармашыл тұлғалар үшін KFW алаңы жаңа, жеке нәрсе жасауға және өз талантын көрсетуге таптырмас мүмкіндік береді.
Бүгін Алматыда баланың онлайн қауіпсіздігіне қатысты баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстандағы ата-аналардың 21%-ы 4 жастан бастап балаларға өз гаджеттерін сатып алады. Бұл ретте респонденттердің 32% ы алғаш рет баласының қолына электронды құрылғыны 4-6 жас аралығында, ал 24%-ы 2-3 жас аралығында берген болатын. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың интернетке деген қызығушылығын арттыруға және олардың виртуалды әлемге белсенді енуіне ықпал етуі мүмкін.
Күн сайын балалардың жартысынан көбі (56%) интернетте 1-ден 4 сағатқа дейін уақыт өткізеді, 23% - ы барлық бос уақыттарында онлайн режимінде болады. Бұл ретте ата-аналардың 80% - ы баласының интернеттегі әрекеттерін бақылайтынын, ал 65%-ы оның желіде болуын уақыт бойынша шектейтінін айтты. Өз кезегінде, ата-аналардың бір бөлігі балаларды интернетке кіруге жиі шақырады. Мысалы, сауалнамаға қатысқандардың 78%-ы сапарда 7 жасқа толмаған баланы бос ұстау үшін құрылғыларды қандай да бір жолмен пайдаланады.
«Бір жағынан, баланың жас кезінен бастап гаджеттерді қолдана бастағанында ештеңе жоқ: керісінше, бұл белгілі бір дәрежеде технология әлеміне бейімделудің және жаңа білім алудың сөзсіз процесіне ықпал етеді. Сонымен, біздің зерттеуімізге сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 81% - ы 7 жасқа дейінгі балаларды оқыту немесе дамыту үшін құрылғыларды пайдаланады. Екінші жағынан, желідегі цифрлық мінез-құлық ережелері туралы білімнің болмауы отбасындағы атмосфераға әсер етуі мүмкін. Ата-аналардың 36%-ы балалардың құрылғыларды қолдануы қақтығыстарға әкелетінін растады. 66% дау — дамайдың себебі ретінде баланың интернетте тым ұзақ болғанын, 42% — ойынға назар аударғанын, 20%-ы баласы бар әлеуметтік желілердегі контентке немесе топтарға наразы болғанын, 11%-ы балалардың желіде кіммен сөйлесетініне алаңдағанын атап өтті», — деп түсіндірді «Кaspersky»-дің онлайн-балалар қауіпсіздігі жобасының жетекшісі Андрей Сиденко.
«Балалардың алғашқы құрылғыларды алатын жасын емес, жалпы экран уақытын, сондай-ақ Интернетте жасалатын әрекеттерді ескеру маңызды: олар не істейді және әлеуметтік желілерде кіммен байланысады. Сондықтан, смартфонды немесе алғашқы ЖК-ны бермес бұрын, ата-аналар қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы негізгі нұсқаулар беруі керек. Контеттіі және желіде болу ұзақтығын реттеуге болатын ата-аналық бақылау шешімін орнату артық болмайды. Сауалнама деректері бойынша респонденттердің шамамен 50%-ы мұндай шешімді пайдаланбайды», — деді «Kaspersky»-дің Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.
«Ата-аналар балаларға мінез-құлық үлгілерін таратады, сондықтан олардың гаджеттер туралы не айтатыны ғана емес, сонымен бірге оларға қалай қарайтыны да маңызды. Гаджетке қанша уақыт жұмсайды, отбасында гаджеттерсіз сөйлесуге орын бар ма, балалардан бірлескен немесе олардың фотосуреттерін жариялауға рұқсат сұралады ма. Гаджеттерге қатысты, кез – келген басқа тәрбие сияқты, ата-аналардың екі шектен шығуы бар - бәрін толығымен бақылау немесе толығымен еркіндік беру. Екі стратегия да қиынға соғады - бала тұйықталады және ата-аналар оның желілік өмірі туралы ештеңе білмейтін болады немесе бала желілік сын-қатерлер мен тәуекелдерге ұшырайды. Сондықтан психологтар сенімді қарым - қатынастар және баламен бір реттік әңгіме ғана емес, желіде болып жатқан оқиғалардың әртүрлі жағдайларын мезгіл-мезгіл талқылау туралы айтады», — дейді психолог, Just Support ЖҚ атқарушы директоры Светлана Богатырева.
Балалардың не істеп жатқанына — ойнауына, оқуына немесе достарымен қарым-қатынасына қарамастан онлайн режимінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін компания Kaspersky Safe Kids шешімін әзірледі. Оның көмегімен ата-аналар баланың интернетте қанша уақыт болғанын біле алады, сонымен қатар оны қажетсіз контенттен қорғайды. Сонымен қатар, өнім геолокация функциясының арқасында баланың қазіргі орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді, бұл егер бала мектептен үйге жалғыз оралатын болса, ыңғайлы болып табылады. Жақын арада компания өнімді жаңартуды жоспарлап отыр.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz/ru/1206/page/журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық Фараби оқулары аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ) атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шара шеңберінде ұйымдастырылған сессиялар және ғылыми пікірталастарда бірнеше бағыт қамтылды: заманауи білім берудегі цифрлық орта; жаппай ашық онлайн курстары, тұрақты даму – жаһандық тренд және медиа талабы, қазіргі журналистер қызметіндегі этикалық индикаторлар; инклюзивті білім беру технологиялары және өзгерістерді жобалау; қоғамның тұрақты даму концепциясын жүзеге асырудағы БАҚ, этножурналистика кросс-мәдени коммуникацияның жаңа форматы; тұрақтылықты сақтаудағы журналистік шешімдер және жергілікті БАҚ әлеуеті.
Конференция барысында әлемдік және отандық журналистика саласындағы жетекші сарапшылардың шеберлік сабақтары жоспарланды. Халықаралық деңгейді қамтыған конференцияға отандық және шетелдік БАҚ басшылары, журналистер, БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілдері, шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері, АҚШ, Ұлыбритания Польша, Түркия, Ресей ғалымдары мен бұқаралық коммуникация саласының зерттеушілері, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Жиынның ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастығын арттыра отырып, білім беру жүйесінде ортақ жетістіктерге қол жеткізуге болатынын жеткізді. , ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова соңғы 7 жылда Кафедраның әлемдік деңгейдегі жетістіктеріне тоқталды. Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властемил Самек ғылыми орта бас қосқан конференцияның экология, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, гендерлік саясат т.б. күн тәртібінде тұрған жаһандық проблемаларды шешуге үлес қосатынын айтты.
Бірнеше елдің өкілдері пікір алмасқан конференцияда Венгриядағы Дебрецен университетінің профессоры Бичзо Габор, Венгриядағы ғылыми елші, Дебрецен университетінің докторанты, Әбдінасыр Назира, Польшадағы Адам Мицкевич университетінің профессоры Радослав Фидлер, «Ала-Тоо» Халықаралық университеті Журналистика факультетінің деканы Турдалиева Элира, а –Пенза мемлекеттік университетінің доценті Зуеева Галина, Қ.Қатындағы Бішкек мемлекеттік университетінің доценті Асанова Алтын, Түркітілдес журналистер қорының президенті Н.Жоямергенқызы т.б. баяндама жасады.
BN Team Orchestra жобасының қалағандар - Берик Батырхан мен Ернар Нұртазин. Қысқаша айтқанда BN.
«Өнер десе ішер асын жерге қоятын» қазақ халқының дәстүрлі әуені мен ән-жыры, күмбірлеген күйлері аңыз бойынша қазақтың қанына сіңген, ықылым заманнан жеткен асыл мұрасы. Көкте қалықтаған әуезді ән көшпенді қазақ даласына жетіп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болды. Кешегі қоңыр домбыра бүгінде ұлттық колориттілігін сақтап оркестрге арқау болуда.
Ал, сіз тірі оркестрде домбыраның үнінің қандай болатындығын естіп көрдіңіз бе? Естімеген болсаңыз, осы ақпаратты соңына дейін оқуға кеңес беремін :)
Осы ретте, көпшіліктің көзайымына айналған BN Team Orchestra ұжымы жақында корей фильмдерінің фанаттарын тірі оркестрге домбыраны қосу арқылы барша көрерменді тәнті еткен болатын.
Концертте қазақтың қара домбырасы оркестрге көрік берді десем артық айтқандық болмас. Домбыра үні оркестрде ерекше әсер қалдырды.
Қазақстан тарихындағы өнердің көшбасында жүрген ұжым – BN Team Orchestra ұжымының өнерімен таныс болу үшін саунтрек концертке арнайы барған болатынмын. Концерт жоғары деңгейде өтті.
Ендеше, күні кеше Алматыдағы Республика сарайында өткен Қазақстанның бетке ұстар оркестріне айналған "Мир Корейских сериалов" атты саунрек әндер кешін аздаған фоторепортаж.
Көрсетілімнің бірінші бөлімі әйгілі «Игра в кальмара» телехикаясының саундтрек әуенімен сүйемелденіп, қасиетті сахнаға сымдай тартылған сымбатты да қуатты оркестр ұжымы шығып, туындыны мінсіз орындап шықты.
Жиналған қауымның зор ықыласына бөленген сәт «Мальчик краше цветов (F4)», «Ва-банк», «Алые сердца: Корё», «Полный дом», "Пентхаус", "Гоблин", "Наследники", "Небесный замок", Человек со звезды", "Потомки солнца" киноларының саунтректерін орындаған сәт болды.
Сахнадағы сан түрлі дизайн мен керемет бояулар тыңдаған жанды сан түрлі эмоцияға бөлегені рас. Үздік корей киноларының музыкасы барша тыңдармандардың жүрегін заманауи стиль мен жанды дауыстағы оркестр үнінің үйлесімімен баурап алады.
Олай болса, еліміздің түкпір-түкпірін гастольдік сапармен аралап, өнерімен тәнті етер BN Team Orchestra – әркез еліміздегі музыкалық оркестрлердің эталоны, айнасы бола берсін демекпін.
P.S. Егер сіз корей фильмдерінің фанаты болсаңыз, BN Team Orchestra ұжымының концертіне мінетті түрде барп көріңіз, еш өкінбейсіз.
Айтпақшы, аталмыш топтың сонымен қатар, түрік фильмдерінің де үздік шығармаларын қоюмен ерекшеленеді. Жалпы, шығармашылық топтың өнерімен таныс болу үшін инстаграмм парақшаларына жазылып қойсаңыз артық болмасы анық.
Концертке жиналған халық оркестрдің өнеріне риза болғаны соншалық, орындарының тұрып құрмет көрсетті. Екі сағатқа созылған концерттен соң көрермен сүйікті оркестрімен қимай қоштасты әрі ұзақ уақытқа жетерлік рухани азық алып қайтты.
Жасай бер, BN Team Orchestra, браво!
Концертте көрермендер арасында ине шаншар орын болмады. Полный аншлаг!
Іс-шара жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау мәселелерінде медицина, педагог қызметкерлер мен жастардың пәнаралық диалогін және әріптестігін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Конференцияның өзектілігін 2022 жылы «Салауатты ұлт» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ҚР ДСМ ҰТО жүргізген «Оқушылардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» екінші ұлттық зерттеуінің нәтижелері растайды. Елдегі 7400-ден астам жасөспірімге жүргізілген зерттеу тоғызыншы сынып оқушыларының 5,7% - ы жыныстық қатынасқа түскенін және 41% - ы мұны алғашрет 15 жасында жасағанын анықтады. Жыныстық қатынас тәжірибесі туралы хабарлаған ұлдардың 59,4% - ы және қыздардың 44,4% - ы презервативті қолданғанын атап өтті. Презервативті немесе босануды бақылау таблеткаларын қолданған жастардың үлесі 2018 жылмен салыстырғанда 9% - ға төмендеді.
БҰҰ қорының мәліметтері бойынша (2019 жылғы зерттеу) Қазақстанда орта есеппен 100 қыздың үшеуінде 15-19 жас аралығындағы жүктілік тіркеледі. Барлық жасөспірімдердің жүктілігінің 15% - ы түсік жасатумен аяқталады. Сауалнамаға қатысқан 15-19 жастағы жасөспірімдердің 45% - ы өздерін жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан, соның ішінде АИТВ-дан қорғау мүмкіндігі туралы білмейді, 41% - ының бірнеше жыныстық серіктесі бар. Мұндай алаңдатарлық сандар жастардың өмірі мен денсаулығына қатысты талқылау мен шешім қабылдау қажеттілігін көрсетеді.
Конференция жұмысына республикалық денсаулық сақтау, ғылым және жоғары білім, ағарту, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, сондай-ақхалықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады. Қатысушылар қатарында акушер - гинекологтер, урологтер, эндокринологтер, басқа мамандықтағы дәрігерлер, сондай-ақпедагогтер, психологтер, Қазақстан мен шетелдерден - Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстаннан келген өңірлік Білім басқармаларының мамандары қатысты.
Конференцияда медициналық, педагогикалық қызметкерлер мен жастар үшін үш секция жұмыс істеді. Секцияда жастардың ғана емес, ата-аналардың, педагогтер мен блогерлердің қатысуымен «Қазақстанда жыныстық білім беру үшін кім жауап береді» атты пікірталас панелі күтілуде. Халықаралық конференция бағдарламасында презентациялар, тренингтер, дәрістер, жобалық көрмелер, кәсіби пікірталастар өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық Фараби оқулары аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ) атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шара шеңберінде ұйымдастырылған сессиялар және ғылыми пікірталастарда бірнеше бағыт қамтылды: заманауи білім берудегі цифрлық орта; жаппай ашық онлайн курстары, тұрақты даму – жаһандық тренд және медиа талабы, қазіргі журналистер қызметіндегі этикалық индикаторлар; инклюзивті білім беру технологиялары және өзгерістерді жобалау; қоғамның тұрақты даму концепциясын жүзеге асырудағы БАҚ, этножурналистика кросс-мәдени коммуникацияның жаңа форматы; тұрақтылықты сақтаудағы журналистік шешімдер және жергілікті БАҚ әлеуеті.
Конференция барысында әлемдік және отандық журналистика саласындағы жетекші сарапшылардың шеберлік сабақтары жоспарланды. Халықаралық деңгейді қамтыған конференцияға отандық және шетелдік БАҚ басшылары, журналистер, БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілдері, шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері, АҚШ, Ұлыбритания Польша, Түркия, Ресей ғалымдары мен бұқаралық коммуникация саласының зерттеушілері, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Жиынның ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастығын арттыра отырып, білім беру жүйесінде ортақ жетістіктерге қол жеткізуге болатынын жеткізді. , ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова соңғы 7 жылда Кафедраның әлемдік деңгейдегі жетістіктеріне тоқталды. Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властемил Самек ғылыми орта бас қосқан конференцияның экология, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, гендерлік саясат т.б. күн тәртібінде тұрған жаһандық проблемаларды шешуге үлес қосатынын айтты.
Бірнеше елдің өкілдері пікір алмасқан конференцияда Венгриядағы Дебрецен университетінің профессоры Бичзо Габор, Венгриядағы ғылыми елші, Дебрецен университетінің докторанты, Әбдінасыр Назира, Польшадағы Адам Мицкевич университетінің профессоры Радослав Фидлер, «Ала-Тоо» Халықаралық университеті Журналистика факультетінің деканы Турдалиева Элира, а –Пенза мемлекеттік университетінің доценті Зуеева Галина, Қ.Қатындағы Бішкек мемлекеттік университетінің доценті Асанова Алтын, Түркітілдес журналистер қорының президенті Н.Жоямергенқызы т.б. баяндама жасады.