Тендер саласының қыр-сырын үйретемін
Мемлекеттік ұйымдар мен ірі компаниялар өзіне керекті тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін тендер өткізеді. Арнайы конкурсті өткізіп, өздеріне қандай тауар керек, қандай мөлшерде, қашан және тағы сол сияқты ақпарат беріледі. Тендерді мемлекеттік мекеме ұйымдастырса, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, теңдерде жеңіске ең арзан баға ұсынғаны кәсіпкер жетеді. Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері – екі жыл бойы тендер саласын толық зерттеп, айына миллиондаған табыс тауып жүрген кәсіпкер, тренер - Тұрсын Жәнібек Дәулетұлы.

– Тендермен айналасып жүргеніңізге қанша болды? Неге нақты бұл саланы таңдадыңыз?
– Қазіргі таңда тендермен айналысып жүргенімен төрт жылдан асты. Әңгімені әріден бастасам, "Алматы технологиялық колледжіндегі" оқуымды аяқтаған соң, Отан алдынағы борышымды өтеу мақсатында әскерге кетуге шешім қабылдадым. Әскерден келген соң ұзақ уақыт мамандқ бойынша жұмыс таба алмадым. Әуелгі кезде қызығушылықпен әртүрлі идеяларды зерттеп шықтым, интернетті әрі ақтардым, бері ақтардым. Және кәсіп туралы кітаптар оқып жүрдім. Бір күні идея ойда жоқ жерден шыға келді. Мен кәсіпкерлік жайында, тендер туралы білім алайын деген. содан "Мыңбатыр" орталығына келіп білім алдым. Білім алу барысында, көптеген кәсіпкерлермен таныс болдым. Тендер саласы бойынша жұмыс та істеп көрдім. Содан кейін сол орталыққа жұмыс істеймін деп қалдым. Бұл орталықта тендерге байланысты кәсіп жайлы толық үйретемін. Онлайн және офлайн форматта оқытамын. Неге нақты тендер саласы десеңіз, бұл кәсіптің артықшылығы өте көп. Негізі қандай кәсіпті ашатын болсаңыз да, 500 мың немесе 1 млн теңгедей қаржы болуы қажет. Ал, тендерді сіз қалтаңыздағы 20-30 мың теңгемен де бастай аласыз. Бұл кәсіп үшін арнайы мекемені жалға алудың қажеті жоқ. Арнайы адамдарды жұмысқа алудың керегі жоқ. Қолыңызда ноутбук пен интернет болса болды. Бұл саланы алып кетуге болады.

–Тендер жыл мезгіліне қарайды ма?
– Жоқ. Тендер жыл мезгіліне қарамайды. Бұл кәсіпте салған қаражатыңыз толық қайтады деп сенімді айта аламын. Өйткені қаржы мемлекеттен келеді.
– Тендерден қалай қаржы табуға болады?
– Тендерден ақша табу өте оңай. Себебі, бұл жерде арнайы қатып қалға қағида мен ереже жоқ. Кез келген адам тендерден қаржы таба алады. Бұл кәсіптен ақша табудың жолы қарапайым. Тендер дегеніміз- онлайн сауда. Мемлекетке не қажет, біз соны жеткізіп береміз. Мемлекеттің қазынасынан қаржыландыратын кез келген мемлекеттік мекеме өзіне қаже тауар, қызметтер мен жұмыстардың барлығын тендер конкурсс негізінде сатып алады. Ал біз мемлекеттік мекемелерге қажетті жұмыстарын орындау арқылы және тауарды тауып беру арқылы табыс табамыз.
– Тендерге кез келген адам қатыса алады ма?
–Тендерге қатысу үшін міндетті түрде заңды тұлға болуы қажет. Міндетті түрде жеке кәсіпкерлік (ИП) болуы керек. ЭЦП ключ қажет.
– Тендерді нақты қанша қаражетпен бастауға болады?
– Тендерді кез келген қаржымен бастай аласыз. Мысалы, бір мектептен сізге проектордың пультіне тапсырыс түсі. Сізге 10 мың теңге ұсынды. Базардан бұл тауарды 3000-4000 теңге көлемінде табуға болады. Сөйтіп сіз, өзініңдің қалған таза пайдаңызды таба аласыз. Осы кәсіпті қалтада бар 5000 мың теңгемен де бастауға болады. Бәрі өзіңізге байланысты.
– Тендердің нақты артықшылығы?
– Жарнама, сайт, маркетинг қажеті жоқ. Мекеме жалдаудың керегі жоқ. Күніне мыңдаған тапсырыс шығады. Бәсеке аз. Бастысы тендерде кризис жоқ.
– Бұл саланың кемшілігіне тоқтала кетсеңіз?
– Негізі жұмыс тәсілдерін білсеңіз, айтарлықтай кемшілігі жоқ. Бұл сала жайлы жақсы маманнан дұрыс бағытта білім алу керек.
– Тендерді енді бастаған адамдардың негізгі қателіктері қандай?
– Ең бірінші қателік –нарықты зерттемей теңдерге қатысу. Тек СНГ мен Қытайдан ғана тауар алып пайда табамын деп ойлау. Қазақстан нарығымен жұмыс жасай алмау. 90 пайыз адамдар танитын тауарды алып, жақсы қаражат табамын деп ойлау, ерекшелене алмау. Міне осы қателіктеді жіберіп, көптеген адамдар кәсіпті дұрыс бастай алмай жатады.
– Бұл салада қанша қаражат табуға болады?
– Бұл кәсіптен табатын нақты қаражатты айту қиын. Бірақ, бір тендердің өзі сіздің өміріңізді өзгертіп жіберуі әбден мүмкін. Өйткені, бір тендерден таза 5-10 млн маржа тауып тұрсаңыз, көптеген жұмыстады атқара аласыз. Бұл тендер кәсібінің қаржы жағынан шарықтау шегі жоқ. Бұл салада тек 1 млн теңге табыс таба аласын деген қатып қалған қағида жоқ. Кәсіпке салған қаржыңыздың 20-30 пайызы таза маржа болады. Тендер жыл мезгіліне қарамайды. Өйткені, мемлекет өзіне қажетті нәрсені тек тендер арқылы алады. Тендерде тек қана тауар емес, дәрі-дәрмек, бүкіл мемлекеттің тыныс-тіршілігі тендермен байланысты.
– Мүмкіндігі шектеулі адамдар тендермен айналыса алады ма?
– Бұл сала мүмкінділігі шектеулі деп бөліп жармайды. Керсінше, мүмкіндігі шектеулі жандарға тендерде арнайы жеңілдіктер мен мүмкіндіктер қарастырылған.
– Тендерді қанша уақытта үйренуге болады?
– Негізі тендер кәсібін біздің 3-4 сабағымызға қатысып үйреніп алуға болады.
Нарық заманында кәсіптің кілтін табу оңай шаруа емес. Істің ыңғайын біліп, көзін табатын жандарға қолтықтан демеп жіберетін қаржы болса, іс дөңнен төмен сырғыған доңғалақтай жүріп кетеді.

– Кәсіпті неден, қалай бастау керек?
- Кәсіп бастау үшін нақты жоспарың, әрі кездесетін кедергілерге төтеп берер иммунитетің болуы қажет. Одан бөлек, кәсіп бастағанда белгілі бір дәрежеде біліміңнің болуы шарт. Бастайтын ісіңді алдын ала зерттеп, жан-жақты білгеннен кейін ғана кірісу керек.
Кәсіптің қай түрі болмасын базалық білімің болуы шарт. Бастаймын деген кәсібіңді алдын ала зерттеп, толық білгеннен кейін ғана қолға алған дұрыс. Одан бөлек бастаймын деп жоспарлап жүрген кәсібіңде кішкене болсын тәжірибе жинақтап, ішкі атмосферасынан хабардар болу маңызды.
Мысалы, мал шаруашылығына қатысты кәсіп бастаймын деген жоспар болса, алдын ала мал дәрігері қызметін атқаруға болады. Мейрамхана ісіне кірісемін десеңіз, даяшы болып жұмыс істеп көрген жөн. Барлығы тәжірибе арқылы келетінін естен шығармау керек.
"Білімдінің күні жарық" деп босқа айтылмады емес пе? Сондай-ақ алғашқы қиындыққа ұшырағанда қол бұлғап тастап кетер болсаң кәсіп ашудың қажеті жоқ. Өз ісін ашу немесе бизнесті бастау туралы шешім қабылдаған кезде бір ғана тілек аздық етеді. Осы орайда бірнеше маңызды дүниелерді ескерген жөн:
Тек уақытыңды ғана емес, қаражатты да жоғалтуың мүмкін екенін түсінуің керек;
Тәжірибең жоқ болса, қолда бар соңғы жиған-тергенді кәсіпке салу - ақымақтық;
Аз уақыт ішінде кәсіпті ұршықша айналдырып әкету мүмкін еместігін есте ұстаған жөн;
Барлығын алдын ала есептеп, форс-мажорлы сәттерге дейін жоспарлаймын деп ойлау – қателік.

– Кәсіп ашамын дейтін кез келген адам неге дайын болуға тиіс?
- Шығынсыз кіріс болмайды. Бизнес те тірі организм іспеттес, нықтап аяққа тұрып кетуі үшін біраз уақыт қажет. Сондықтан бизнесін бастаған адам кез келген нәрсеге дайын болуға тиіс. Кәсіп бастау үшін адамда 100 процент нақты шешім және одан басқа қалау болмауы керек. Ал оның қосымша бір жоспарлары болса, кәсіпті соңына дейін апармайды. Кәсіп ашамын деген әр адам кездесетін қиындықтарға шыдамды, еңбекқор болуы қажет.
-Жәнібек мырза, алға қойған жоспарларыңызбен бөліссеңіз:
- Әрине, болашақ жоспарларым көп. Жоспарсыз жұмыс болмайды. Бірінші кезекте бизнесімді одан әрі дамыту ойдамын. Мен осы салаға бет бұрып, талаптанып жүрген іні-қарындастарыммен өзімнің бизнестегі тәжірибемді, білгенімді бөлісіп, әңгіме құрғанды өте ұнатамын. Бізден тәжірибе жинақтап, бұрын жұмыс істеп кеткен жастардың арасында өз кәсібін дөңгелетіп жүргендер де бар. Жалпы бір байқағаным, біздің жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығы бар, тек оларды әрі қарай қолдап, материалдық және рухани түрде көмек көрсетілуі тиіс деп есептеймін.

– Бизнеске қадам басқан адамдар оқуға тиіс топ кітаптарды айтып бере аласыз ба?
- "Самый богатый человек в Вавилоне", Саидмурод Довлатовтың "Долги тают на глазах" кітаптарын оқуға кеңес берер едім. Негізінен "кәсіп бастаймын, сол үшін ізденемін" деген адамға кітап та көп, автор да көп.
- Сұхбаттасқан Назира Бурханова
инстаграм: burhanova_nazyra
инстаграм: janybek_dauletuly
#ТұрсынЖәнібек
#ЖәнібекДәулетұлы
#Жәнібектендер
#Жәнібектренер
#Жәнібекпиарщик
