Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Kiswah Fashion Shows қызықтары

Жақында Алматыда отандық және шетелдік дизайнерлердің топтамаларының modest fashion көрсетілім кеші өтті, ресми атауы Kiswah Fashion Shows деп аталды. Орталық Азия аймағында қарапайым сәнге қызығушылық танытатындардың барлығына арналған халықаралық платформа құру мақсатында ұйымдастырылған бұл бірегей іс-шара ерекше өтті деуге болады.

Жобаның авторлары Ғайникен Букенова және Жанель Бертаеваның айтуынша, соңғы бірнеше жылда көптеген табысты әлемдік брендтер modest fashion капсулалық топтамаларын, мысалы, қасиетті Рамазан айын атап өтуге арналған топтамаларлды жасап шығаруда. Бүгінде табысты мұсылман әйелдер бизнесте, саясатта және басқа салаларда маңызды басшылық қызмет атқаруда. Оларда өздерінің ішкі құндылықтарын сақтауға деген, сонымен бірге әдемі көрінуге деген сұраныс туындады. «Қарапайым киімге сұраныс пайда болды - соған сай сәнді ұсыныс пайда болды», - дейді Ғайникен Букенова.

Kiswah Fashion Shows көрсетілімі түрлі дизайнерлерге, сондай-ақ талантты стилистер мен модельдерге заманауи мұсылмандық сән туралы көзқарастарымен бөлісу үшін өз алаңын берді. Көрсетілімдер барысында дәстүрді құрметтеу мен модернизация туралы ортақ тұжырымдама біріктіретін көптеген шығармашылық және сәнді топтамалар ұсынылды.

Kiswah Fashion Shows іс-шарасын ұйымдастырушылар қонақтарына шабыттандыратын атмосфера құруды мақсат етті және олсәтті іске асты. Локация іс-шараның тақырыбына сай әрленді, шынайы атмосфераны қалыптастырып, қарапайым киінудің әсемдігін аша түсті. Қонақтар шоу тамашалаумен қатар, дизайнерлермен, сәнгерлермен және стилистермен тілдесуге, сондай-ақ modest fashion әлеміндегі соңғы трендтерді талқылауға мүмкіндік алды.

Kiswah Fashion Shows жобасының PR директоры Кәмшат Әкімқожа халыққа хабар таратуда ұйымдастыру жұмысын жоғары дәрежеде атқарғаны байқалды.

Арасында мен де кәсіби фотографтарға суретке түстім :)

Kiswah Fashion Shows Алматыдағы сән көрсетілімдерінің деңгейін көтеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар жас дизайнерлерді мұсылмандық сәнге өз шығармашылығы мен талантын жеткізуге шабыттандырды. Шара аймақтағы мұсылмандық сән индустриясын дамытудағы маңызды қадам болды және жергілікті және халықаралық БАҚ-тың назарын аударды.

KISVA топтамасының негізгі идеясы - сән арқылы мәдениеттің эволюциясын зерттеу және бейнелеу. Бұл киім қазақстандықтардың өткенін, бүгінін және болашағын бір арнаға байланыстыратын, сонымен қатар қазіргі заманғы үрдістердің мәдениетімізге әсерін көрсететін уақытқа саяхат.

Материалды дайындаған: НАЗИРА БУРХАНОВА

#KiswahFashionShows

#ҒайникенБукенова

#ЖанельБертаева

#НАЗИРАБУРХАНОВА

0
0
390

Осы тақырып бойынша