Мазмұнға өту
Mki_gov

МК РК

@Mki_gov

Сайтта 2013 ж. 2 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

241

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Алаш жұрты ақынын ақтық сапарға шығарып салды

Айқын, 27.01.2014 Қазақ жұрты көзі тірісінде аңызға айналған аяулы ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованы ақтық сапарға шығарып салды. 23 қаңтар күні Фариза-жүрек тоқтағалы ақынын жоқтаған елде есеп жоқ. Ал кеше Алтай мен Атыраудың арасындағы аза тұтқан ел ақынын Жер-ананың қойнына тапсырды. Ақынымен қоштасуға келгендердің қарасы көп болғаны сондай, қараға да, ханға да ұзын-сонар кезекке тұруларына тура келді. Биліктің биік мінберіндегі Премьер-министр Серiк Ахметов, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдiхалықова, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев, Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов, Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед, Парламент депутаттары да келді. Елiмiздiң көрнектi мәдениет және өнер қайраткер…

0
0
752

Ұлт тағдырынан туған туындылар

Егемен Қазақстан, 25.01.2014 Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 8 кітапты жарыққа шығарды Біз осыған дейін де шетелдердегі қандастарымыздың шекара асып келген шығармалары атажұртта кезегімен кітап болып басылып жүргендігі туралы талай қалам тербегенбіз. Бұл күнде барша қазақтың басын бір жерге тоғыстыруда тынбай тірлік атқарып келе жатқан қауымдастықтың кітапханасы қомақтыланып келеді. Сонымен сәрсенбінің сәтінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы тұсауын кескен туындылар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көріп отыр. «Атажұрт» баспа орталығынан жарыққа шыққан кітаптардың тұсаукесер рәсіміне кітап авторлары мен елдегі зиялы қауымның көрнекті өкілдері қатысып, біткен іске баян…

0
0
512

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі М.А. Құл-Мұхаммед біздің елде аккредиттелген Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Яцек Ключковски мырзамен кездесу өткізді

Сұхбаттасушылар екіжақты қарым-қатынастардың деңгейін және әлеуетін жоғары бағалады. Поляк тарапы екі ел арасындағы мәдениет саласындағы  байланыстардың маңызын атап өтті және осы саладағы келісімге қол қоюды ұсынды. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты, оның ішінде кино күндері, мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруде тәжірибе алмасу, жас шығармашыл топтарды бірлескен іс-шараларға белсенді тарту бойынша одан әрі дамытуға келісті.

0
0
262

Алматыда Қытай мен Моңғолия қазақтары кітаптарының тұсаукесері өтті

ҚазАқпарат , 22.01.2014 Бүгін Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 2013 жылы «Атажұрт» баспа орталығынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік мәні зор әдебиеттерді басып шығару бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптардың тұсаукесерін өткізді. Аталмыш ұйым биылғы жылы қазақстандықтар үшін тұңғыш рет «Шетелдегі қазақтар» топтамасы бойынша Қытай мен Моңғолиядағы отандастарымыздың туындыларын, сондай-ақ Моңғолия мен Ресейдегі қазақтар туралы жаңа кітаптарды жұртшылық назарына ұсынбақ. Бұл шығармалардың авторлары еңбектері шет елдердегі өкілетті органдармен мақұлданып, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға енгізуге ұсынылған қаламгерлер болып табылады. Мұндағы авторлардың бірі Қаусылхан Қозыбайұлының «Ісләмнің құрдасы» атты әңгімесі мен «Шағылған төсек» пьесасы Қытайдағы қаза…

0
0
305

«Астана Опера» театры опералық және балеттік студияға балалар қабылдайды

ҚазАқпарат , 22.01.2014 «Астана Опера» театрының әкімшілігі опералық және балеттік студияға балаларды қабылдайды, деп хабарлады мәдениет ошағының баспасөз қызметінен. «Балетті меңгеруге ниет білдіретіндер 8 бен 10 жас, опералық студияның үміткерлері 6 мен 15 жас, балалар хоры, оркестр, аспаптар ансамбліне келем деушілер 10 мен 16 жас аралығында болуы керек. Бірінші кезекте музыкалық қабілетке және музыкалық білімге мән беріледі», - делінген хабарламада. «Астана Опера» академиясы балалар студиясының менеджері Майя Бекназардың атап өтуінше, театрдың опералық студиясы балалар хоры мен камералық оркестрдің әртістерін дайындайды. «Дәріс балаларға сахна әлемінің қыр-сырын толық таныстырып, өнерлерін қобалжымай-ақ көрсетуді, актерлік және шешендік өнерді, пластиканы меңгеруді және өз әріптестері…

0
0
295

Жақсылыққа жаны құштар азамат

Айқын, 21.01.2014 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің бас ғимаратын­да оқу ордасындағы Ақпарат орталығының жетекшісі, ақын, жазушы, сазгер, Қа­зақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мырзахан Ахметтің 60 жасқа толған мерейтойы өтті. Бұл бекер емес. Мырзекең 14 прозалық-публицистикалық, 2 поэзиялық кітаптардың, бірнеше драмалық шығарманың, 50-ден астам вальс пен романстың авторы. Тамаша әнші-композитор. Қоғам қай­раткері. Салтанатты кешке зиялы азаматтар, «Қазақ газеттері» акционерлік қоғамының төрағасы Жұмабек Кенжалин, «Президент және халық» газетінің Бас редакторы Марат Тоқашбаев, жазушы Зәкір Асабаев, сатирик ақын Толымбек Әлімбеков, жазушылар Талғат Айтбаев, Талғат Сүйінбай, сондай-ақ танымал ғалымдар мен туған жерінен ат арылтып келген Жуалы ау…

0
0
892

Мәңгілік махаббат жыры

Егемен Қазақстан, 16.01.2014 Орыс композиторы С.Про­кофьев­ті шабыттандырған У.Шек­спирдің «Ромео мен Джу­лет­та» атты шығармасы әлем жұртының рухани қазынасына айналған ғажап дүние. Иә, бұл У.Шекспирдің мұңды махаббат жыры. «Махаббат» атты ғажап сезімнің иесі болған екі жастың өмірі. Бұл шығарма ХХ ғасырда әлем театрларында көп қойылған балеттің бірі. Балет алғаш рет Қазақстан сахнасында Ю.Григоровичтің қойылымында Абай атындағы академиялық опера және балет театрында іске асты. Енді осы балет елордадағы «Астана Опера» театрында қойылып, көрерменді дүр сілкіндірді. Бұл балетті әр кезеңде Джон Крэнко, Кеннет Макмиллан және Рудольф Нуриев қойған еді. Ал осы жолғы спектакльді белгілі балетмейстер Шарль Жюд қойды. Джульеттаны орындаған Гауһар Усина шығармашылығы пісіп, жетілген қандай болсын…

0
0
1078

Қара домбыраны қасиет тұтқан жан

Айқын, 13.01.2014 Дәстүрлі әнші, термеші, домбыра жасау шебері, Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Ә.Қашаубаев атындағы конкурстың дипломанты Әбдікәрім Мәметұлы Зұлынов – қазақ өнерінің дамуына қолынан келген үлесін қосып жүрген зиялы азамат. Өнерге бай Семей өлкесінде туып-өскен Әбдікәрімнің әкесі совхоздың бас шопаны болып еңбек еткен. Өнерлі өлкеде туып, оның үстіне қойшының баласы болған соң, кең далада әрі оңашада жүріп ән салмау, әнге құштар болмау мүмкін емес. Әкесіне көмекші шопан болып жүретін Балтабай, Болат деген азаматтардың домбыра шерткеніне, ән айт­қан­дарына қарап, өзі де бала күнінен ән жат­тап, оңашада неше түрлі күй төгілткен. Қазақ радиосына құлағын төсеп, биік өнерге құлаш сермеген. Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Мәдениет Ешекеев, Ғарифолла Құр­манғали…

0
0
1282

Өлмес өнер тудырған

Айқын, 14.01.2014 Осы өнеріміз бен өнер тарихымызда да тереңірек зерделеп, тұтас қарастырып, болашақ өнер мамандарын оқытып тәрбиелеу саласында қажырлы еңбек сіңірген біздің замандасымыз философия ғылымдарының докторы, профессор Болат Кесікқалиұлы Байжігітов болатын. Ол 1978-1996 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушылық қызметтен басталып, кейіннен 1996-1999 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 2001-2006 жылдар аралығында фило­софия мамандығы бойынша док­торлық диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, төрағасы, төрағаның орынба­сары қызметтерін атқарды. Ал 2006 жы­лы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында ректордың ғы­лыми жұмыстары бойынша проректоры қызметінде болды. Қысқа да, мәнді өмі­рінде оның алған атақтары мен дәр…

0
0
598

Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың қайтыс болғанына 70 жыл толуына арналған митинг өтті

ҚазАқпарат, 13.01.2014 14 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың қайтыс болған күніне 70 жыл толады. Бүгін Ақтөбеде батыр қыздың мемориалдық кешенінде еске алу митингісі өтті. Іс-шараны Ә. Молдағұлова атындағы мұражай, мәдениет басқармасы және «Қос шынар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Ескерткіш маңына Ә. Молдағұлованың туыстары, студенттер, ардагерлер, қоғамдастық өкілдіктері қатысты. Еске алу митингісіне Ұлы Отан соғысында жандарын қиған батыр қыздарымыздың құрметіне есімдері қойылған 70-ке жуық ақтөбелік қыздар қатысты. Митинг ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. "Қос шынар" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ғалымжан Байдербестің айтуынша, Ә. Молдағұлованың қайтыс болған күніне 70 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған негізгі іс-шара ертең Қобда ауданы Әлия кентінде ө…

0
0
480