Мазмұнға өту
Mki_gov

МК РК

@Mki_gov

Сайтта 2013 ж. 2 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

241

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Алматы Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің мерейтойын кеңінен атап өтпек

ҚазАқпарат, 10.01.2014 Биыл ұлттық мәдениетіміздің көрнекті қайраткері, еліміздің кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің (1904-1973) туғанына 110 жыл толады. Осыған орай Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы бірқатар шараларды ұйымдастыруға мұрындық болды. Атап айтқанда, 17 қаңтар күні 1957 жылдан бастап қылқалам шебері тұрып, жұмыс істеген үйде Ә.Қастеев мұражайы ашылады. Онда Қазақстанның кәсіби қылқалам шеберлерінің бірінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін бейнефильмдер, суреттер, құжаттар, шығармаларының көшірмелері қойылған. Мұражай келушілерге талантты суретшінің көптеген туындылары салынған шеберханасында да болу мүмкіншілігін қарастырып отыр. Айта кетерлігі, мұражай Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұра…

0
0
465

«Сен жалғыз емессің»

«Егемен Қазақстан», 10.01.2014 Қоғамы қайырымды, ортасы мейірімді болса, жетім бала да, бағусыз қарт та жалғызсырамайды. Ауыр тағдыр айналадағы жандардың шуағынан жылынып, көңіл сарайы нұрлана түседі. Маңғыстаулық өнерпаздар ел арасындағы жетімдіктен жоқ-жітіктікке душар болған балаларға қолдау көрсетуді қолға алды. Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасы «Сен жалғыз емессің» деп аталды. Облыстың жеті аудан, қалаларынан жиналған 7 оқушының бірі әнші болса, бірі биші, бірі спортшы, енді бірі оқу озаты. Жас өмірлеріне өнер мен білімді серік етуді мақсат тұтып, жастайынан ізгілікке ұмтылған бұл балалар ата-ана жылуынан ерте айырылғандар. – Күнделікті қым-қуыт тірлігімізде, жұмыс барысында жетім балаларды жадымыздан шығармауға тиіспіз. Ата…

0
0
732

Батысқазақстандық бір топ мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді

ҚазАқпарат, 06.01.2013 Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бір топ мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін табыс етті. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мәдениет және өнер саласындағы елеулі еңбегі үшін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістері Камалиден Айтбаев пен Владимир Баяндин, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сайран Дүйсентегі, облыстық қазақ драма театрының әртісі Теміржан Матаев, осы театрдың суретшісі Қайыр Оразғалиев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Меңдіғаным Мергенбаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің аталмыш наградасымен марапатталған болатын. Сонымен қатар мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан Мақсо…

0
0
577

Алматы жұртшылығы Роза Жаманованы ақтық сапарға шығарып салды

ҚазАқпарат, 30.12.2013 Бүгін Алматы жұртшылығы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратында қазақ опера өнерінің жарық жұлдызы Роза Жаманованы ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның денесі Кеңсай-2 зиратына жерленбек. «Ұлттық операның негізін салушылардың бірі, қазақ опера өнерін әлемнің биігіне көтерген алып тұлға, ұлттық мәдениеттің ең жарық жұлдыздарының бірі Роза Жаманова апамыз дүние салды. Ол кісінің бүкіл өмірі музыка өнерінің ең биік шыңы саналатын операға арналды. Қазақ және орыс композиторлары мен шетелдік классиканың ең таңдаулы туындыларын осы сахнада, дүниежүзінің айтулы театрларының төрінде шырқап, қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Сондай-ақ ұстаздық мектеп қалыптастырды. Өмірінің соңына дейін небәрі 2-ақ мекемеде қызмет істеді. Біреуі осы оп…

0
0
268

«Абылай хан» энциклопедиясы жарық көрді

ҚазАқпарат, 27.12.2013 Бүгін Алматыда «Абылай хан» энциклопедиясының тұсаукесері өтті. «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан жарық көрген бұл кітап Абылай ханның 300 жылдығына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылып отыр. «Бұл энциклопедияның басты ерекшелігі Абылай өмір сүрген XVIII ғасырдағы заман, оның ата-бабаларының шежіресі, Абылайдың үрім-бұтақтары, жау жүрек батырлары, билері туралы материалдар берілген. Абылай туралы қалам тартқан ғалымдар, жазушылар, зерттеушілердің бәрі қамтылды. Сондай-ақ Шоқан Уәлихановтың «Абылай» деген мақаласын үш тілде бердік», - дейді «Қазақ энциклопедиясы» баспасының бас редакторы Бауыржан Жақып. Оның айтуынша, «Абылай аңсаған азаттық» деп аталатын ҚР Президентінің мақ…

0
0
485

КСРО халық артисі және Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі Роза Жаманованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхаты

Мемлекет басшысы Роза Үмбетқызының бүкіл шығармашылық өмірін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрына арнаған айтулы өнер иесі екенін атап өткен. «Ол әсем дауысының арқасында отандық және әлемдік опералық туындылардың басты арияларының көбін үлкен шеберлікпен орындап, өнерсүйер қауымның шынайы сүйіспеншілігіне бөленді. Гастрольдік сапарларға шығып, алыстағы ауылдар мен шетел сахналарында да ән шырқады. Сонымен қатар, Консерваторияда дәріс оқып, лайықты ізбасарларын даярлады. Өз өнерімен және еңбегімен ел құрметіне бөленіп, кезінде КСРО және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталды», – делінген жеделхатта. Соңында Қазақстан Президенті Роза Жаманованың есімі мен өнері әрдайым халқымызбен бірге жасай беретінін атап…

0
0
324

ҚР Ұлттық мұрағатында «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі: өткен жол кезеңдері (1998-2013)» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті

Бұл конференция Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының 15 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылды. Қатысушылардың алдында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі Мирболат Жақыпов сөз сөйледі. Ол мұрағат ісіне жаңа технологияларды еңгізу мәселесіне тоқталды. Мұрағаттар қызметкерлерін осынау айтулы күнмен Мәдениет және ақпарат министрілігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің төрағасы Болат Қалиянбеков құттықтады. Мұрағат саласында көп еткен қызметкерлерге Ақпарат және мұрағаттар комитетінің грамоталары табысталды. Талқылау барысында көптеген сұрақтар қаралды. Атап айтқанда – мұрағат ісі мен құжатайналым саласындағы заң жобаларын іске асыру және жетілдіру, ғылыми-әдістемелік тұрғысынан мұрағаттарды қамтамасыз ету, Ұл…

0
0
631

2013 жылғы 2 қазанда ҚР Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

2013 жылғы 2 қазанда Астана қаласында Ұлттық академиялық кітапхананың ғимараттарында Мәдениет және ақпарат министрі М. А. Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен (үкіметтік емес ұйымдар) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстанның ірі ҮЕҰ өкілдері қатысты. Отырыс барысында мемлекеттік және әлуметтік тапсырыстарды орталық және жергілікті деңгейлерде орналастыру, VI-шы Азаматтық форумды өткізудің барысы, сондай-ақ «Укіметтік емес мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республиксының Заң жобасы туралы мәселелер қаралды. Үйлестіру кеңес мүшелері 2013-2015 жылдар аралығындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаража…

0
0
267

Мұхтар Құл-Мұхаммед атақты актер Жерар Депардьемен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының  мәдениет және ақпарат министрлігінде М.Құл-Мұхаммед пен атақты француз актері Жерар Депардье мырзамен кездесуі өтті.

Тараптар кинематография саласында серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Депардье мырза министрге "Қазақфильм" АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан қазақстандық жобалар мен болашақтағы кино саласындағы жұмыстардың жоспарлары туралы баян етті.

 

0
0
410